Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы


Металл эквивалентін ығыстыру әдісімен анықтау



бет7/19
Дата27.09.2024
өлшемі0,65 Mb.
#145917
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Учеб. материал к практ

Металл эквивалентін ығыстыру әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты. Бұл жұмыста магнийдің эквиваленттік массасы қышқылдан сутектi ығыстыру арқылы анықталады.
Тәжірибе
Қажет аспаптар мен реактивтер: штатив, бюретка, воронка, резина шланг, өлшенген Mg(Fe, Zn), сұйытылған , барометр, термометр.
Бұл әдіс металдың сұйытылған қышқылдармен әрекеттескен кезде сутегін ығыстыру реакциясына негізделген. Металл мөлшеріне эквивалент сутегі бөлінеді. Оның көлемін бюретка көмегімен өлшеп алады. Тәжірибе жүргізу үшін суретте көрсетілгендей аспап құрастыру керек. Бұл аспап штативке бекітілген бюреткадан, онымен резина шлангі арқылы жалғастырылған реакция жүретін сынауықтан және су толтырылған бюреткамен жасаған теңестіруші воронкадан тұрады. Тәжірибе алдында аспаптың герметикалық тексеру керек. Ол үшін аспапты толық құрастырып, теңестіргіш воронканы біраз төмен түсіреді. Егер бюреткадағы судың деңгейі бірқалыпты тұрса, аспап герметикалы, тәжірибе бастауға болады. Ал егер бюреткадағы судың деңгейі төмендей берсе онда аспаптың герметикалығы жоқ, бір жерінен ауа жібереді. Ол кезде тығындарды, газ жүретін шлангыны тексеру керек.
Тәжірибе жасау үшін эквиваленті анықталатын металды Mg (Fe, Zn) таразыда 0,001 дәлдікпен өлшеп алады Реакция жүргізетін сынауыққа 1-2 мл сұйытылган құяды да, сынауықты көлбеу ұстап кабырғасына металл салады, сынауықты абайлап (металл қышқылға түспеу керек) тығынға орналастырады. Реакция басталмай тұрып тағы да аспаптың герметикалығын тексереді де, бюреткадағы судың бастапқы деңгейін жазып алады ( мл). Енді металды қышқылға салып, реакция жүруін бақылайды. Металл толық еріп, біраз сынауык суыған соң воронкадағы және бюреткадағы су деңгейлерін теңестіріп тұрып реакциядан кейінгі су мөлшерін өлшейді мл. Содан соң реакция жүргізген сынауықты алып тазалап жуып қояды.

Сурет. Металдың эквиваленттік массасын анықтауға арналған қондырғы: 1 — бюретка; 2 — воронка; 3 — пробирка.


Эквивалент есептеу үшін термометрмен бөлме температурасын (t), барометрден атмосфера қысымын (Р), кестеден бөлме темлературасындағы су буының қысымын ( ) жазып алу қажет:

Есептеулер:



  1. - металл массасы;

  2. бөлме температурасы;

  3. Р-атмосфералық қысым (кПа);

  4. -су буының қысымы (кПа) (1-кесте);

  5. -бюреткадағы реакцияға дейінгі су деңгейі (мл);

  6. - бюреткадағы реакциядан кейінгі су деңгейі (мл).

Қорытынды есептеулер:
1. Бөлме температурасында және Р қысымда магний ығыстырған сутегі көлемі (мл):

2. Сутегінің парциал қысымын есептеу:
3. Сутегінің көлемін қалыпты жағдайға келтіру:
4. Сутегінің масасын есептеу:

5. Магнийдің эквиваленттік массасын есептеу:

6. Тәжірибенің абсолютті және салыстырмалы қатесін есептеу:

Бақылау сұрақтары:

  1. Мыс қосылыстарында бір және екі валентті болады. Мыстың атомдық массасы мен валенттіліктерін пайдаланып бір және екі валенті мыстың эквиваленттерін анықтаңыздар.

  2. 1г металл 1,78г күкіртпен қосылады. Күкірттің эквиваленті 16г/моль екенін еске алып металдың эквивалентін есептеп шығарыңыз.

4 зертханалық жұмыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет