6. Гидролиздің қайтымдылығы. а) 5-тәжірибеде алынған ерітіндіге тұнба ерігенше тұз қышқылын қосып, кейін қайтадан су құйыңдар. Гидролиз тепе-теңдігіне сутегі иондарының концентрациясының өзгеруі қалай есер етеді?
ә) Натрий ацетатының гидролиздену теңдеуін иондық түрде жазыңдар. Ерітінді ортасы қандай? Натрий ацетатыерітіндісіне2-3 тамшы фенолфталеин
тамызыңдар. Ерітіндіні екі сынауыққа бөліп, біріншісін қыздырыңдар. Ерітінді түсі өзгере ме? Ерітіндіні сұйылтып бастапқы ерітіндімен салыстырыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
7. Гидролизге толық ұшырау. Алюминий хлоридініңерітіндісіне натрий карбонатыныңерітіндісін қосыңдар. Сынауықты қыздырып сүзіңдер. Алынған тұнба көмір қышқылының тұзы емес, алюминий гироксиді екенін дәлелдеңдер. Алюминий карбонатының түзілуін және толық гидролизденуінің иондық теңдеулерін жазыңдар.
Бақылау сұрақтары: 1. Катион бойынша жүретін гидролизге мысал келтіріп, теңдеуді молекулалақ, толық иондық және қысқартылған иондық түрде жазыңыз.
2 Анион бойынша жүретін гидролизге мысал келтіріп, теңдеуді молекулалақ, толық иондық және қысқартылған иондық түрде жазыңыз.
3.Гидролиздену дәрежесі неге тәуелді ?
№9 зертханалық жұмыс
Комплексті қосылыстар Жұмыстың мақсаты: комплекс қосылыстардың химиялық қасиеттерін, оларды алу әдістерін, комплекстердің тұрақтылығын анықтау. Қос тұздарды комплекс тұздардан айыра білу.
Тәжірибелер: аспаптар мен реактивтер:штатив сынауықтарымен, мырыш, хром (ІІІ) хлориді , ерітінділер: тұз қышқылы (2н ), натрий гидроксиді (2н), аммиактың судағы ерітіндісі (2н), азот қышқылы , аммоний сульфиді (2н), барий хлориді ,висмут (ІІІ) нитраты , темір(ІІ ) сульфаты (0,5н), темір (ІІІ) хлориді ,калий иодиді , калий (ІІІ) гексацианоферраты ,калий роданиді , кобальт хлориді ,натрий хлориді , натрий тиосульфаты , мыс (ІІ) хлориді ,сынап (ІІ) нитраты , күміс нитраты .