Тәжірибелер: аспаптар мен реактивтер: қызыл фосфор, шыны таяқша, сыйымдылығы 200 мл шыны банка, фосфорды жағуға арналған темір қалақша, лакмус қағазы, дистилденген су, натрий ацетаты , күкірт қышқылы , натрий гидроксиді , кальций оксиді ,кальций хлориді , алюминий (ІІІ) хлориді , темір (ІІІ) хлориді , мырыш сульфаты , мыс (ІІ) сульфаты , Кипп аппараты, мырыш сульфаты , барий суы , қорғасын ацетаты , қорғасын оксиді, фенолфталейн. 1. Қышқылдарды алу.а) оксидтің сумен қосылуы. Шыны таяқшамен шамалы қызыл фосфорды алып, қыздырып, фосфор (V) оксидін алыңдар, оны банкадағы дистилденген суға араластырыңдар. Түзілген ерітіндіге лакмус кағазын салыңдар. Не байқалады? Реакция тендеуін жазыңдар.
ә) тұздың қышқылмен әрекеттесуі. Сынауыкқа шамалы кұрғак натрий ацетатын салып,оған сұйытылған күкірт күкірт қышқылын қосыңдар. Иісі бойынша не түзілгенін айтыңдар. Сынауықтың аузына индикатор қағазын ұстаңдар. Не байкалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Негіздерді алу. а) ерімейтін негіздерді алу. Төрт сынауықка ,,,тұздары ерітінділерін құйып, оларға шамалы ерітіндісінтамызындар. Әр сынауықта түзілтен тұнба түсін жазып, реакция теңдеулерін молекулалық-иондық. түрде жазыңдар.
ә) еритін негіздерді алу. Екі сынауық алып, біріншісіне шамалы құрғақ СаО салып, су кұйыңдар, екінішсінеерітіндісін құйып, оған шамалы ерітіндісін қосыңдар. Екі сынауыққа да 1-2 тамшы фенолфталеин тамызындар. Не байқалады? Реакция теңдеуін молекулалық- иондык түрде жазыңдар.
3. Тұздарды алу.а) Орта тұз алу. Реакция бір бағытта ғана жүріп, ерітіндіде мырыш сульфаты түзілетін реактивтерді тандап алып тәжірибе жасаңдар.
ә) Қышқыл тұз алу. Барий суына көмір қышқыл газын () түзілген тұнба жойылғанша жіберіңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Негіздік тұздарды алу. Қорғасын (II) ацетаты бар сынауықка қорғасын оксидін қосып қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бақылау сұрақтары: 1.Амфотерлілік деген не ?
2.Қышқылдық түздарды қалай алуға болады ?
3.Негіздерге қандай қасиеттер тән?