Зертханалық сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқауы



бет3/19
Дата26.09.2022
өлшемі0,65 Mb.
#40273
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қыздыру аспаптары
Қыздыру үшін зертханада әр түрлі аспаптар қолданылады: спиртовка, газ, электр плиталары және т.б.
Спиртовка әдетте шыныдан жасалған қақпағы бар ыдыс. Оларға денатурат спирт құйылады және білтесі болады. Шамның жалыны онша ыстық емес, спирт ұшпас үшін жұмыс біткеннен соң спирт шамын қақпағымен жабу керек.
Бузен немесе Теклю жанарғылары. Газ зертханаларға құбырлар арқылы келеді, столда шүмегі бар түтікшемен бітеді. Жанарғыны шүмекпен резина түтік арқылы жалғайды. Табиғи газ - улы, сондықтан ол ауаға шықпау керек, ол үшін газ шүмегін пайдаланбағанда берік жабу керек. Табиғи газдың кейбір түрлерінің иісі бар, оның шыққан иісінен білуге болады. Зертханада өте жоғары температура алу үшін кейде дәнекерлеу жанарғылары қолданылады. Егер ұзақ қыздыру керек болса шамамен 100-300°С арнайы жылытқыш құралдар қолданылады: су және кұм жылытқьшіы және т.б. Су жылытқышы металдан жасалған ыдыс (темірден, мыстан) бірнеше дөңгелек қақпақтары бар, олар бірінің үстіне бірі киіледі. Су жылытқыш пайдаланғанда оны 2/3 бөлігіне дейін сумен толтырып қайнатады, суы таусылмауы тиіс. Құм жылытқышы - табақ тәрізді ыдысқа тазартылған құм салынып, қыздыруға арналған аспап. 600-1000°С температураға дейін қыздыру үшін муфель пештерін қолданады.
Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі
Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін химиялық шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады, олар температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек қолданылатын ыдыстарға: сынауықтар, стақандар, колбалар, конус тәрізді және Вюрц колбасы, реторталар жатады. Шыны ыдыстарға кристализатор, түрлі воронкалар, сағат шынысы, аллонж жатады. Фарфор табақшалар, тигельдер қолданылады.
Шыны ыдыстарды (реторта, сынауық) қыздырғанда ұстатқышты қолданады. Фарфор тигельде затты күшті қыздыру үшін сымнан жасалған фарфор түтікшелері бар үш бұрыш қолданылады. Қатты заттарды ұсату үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі және келсап қолданылады. Сұйықтық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба, цилиндр және мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардьң мойнында белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2л, 1л, 500 мл, 250 мл, 200 мл, 100 мл, 50 мл, 25 мл болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады.
Химиялық ыдыстарды таза ұстау үшін "ерш" деп аталатын әр түрлі щеткалар пайдаланылады. Ыдыстарды кептіру үшін шкафтар немесе кептіргіш тақта пайдаланылады.
Зертханада ыдыстарды тығынмен жабу керек. Әдетте үш түрлі тығындар пайдаланылады: ағаш қабығынан жасалған, резина және шыны тығындар. Әр ыдысқа тығын дайындау керек. Қабық (ағаш) тығынның сәл үлкендеуін алып, арнайы преске салып, қысып кішірейтіп нығыздап алады. Тығындарды жуып, таза ұстау керек. Резина тығындар тығыз, ыдысты жақсы жауып тұрады, бірақ резинаға бензин, бензол, ацетон, күкіртті көміртек, күшті қышқылдар (әсіресе күкірт және азот қышқылдары) әсер етеді. Аталған заттар бар ыдыстарды жабу үшін резина тығындарды қолдануға болмайды. Кейде тесілген тығындар қажет болады. Тығынды тесу үшін арнайы бұрғылар және бұрғы станок қолданылады. Шыны тығындар сирек пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет