Жұмыстың орындалу барысы:Орамжапырақ ольпидиумы (Olpidium braslicas) – мицелийі жоқ паразит. Ольпидиуммен зақымданған орамжапырақтың кеппе шөбін немесе спирттелген орам жапырақ көшетін қарастырады. Зақымданған тамырда микроскоп арқылы қарағанда түтікше тәрізді өсінділері бар шар тәрізді зооспарангийді көруге болады.
Фитофтора (Phytophtora infestans) – картоптың жапырағын және түйінін зақымдайтын паразит. Фитофторамен зақымданған картоп өсімдігінің қарайған жапырағының кесіндісін қарағанда лептестік арқылы гифалардың сыртқа шыққанын көруге болады. Бұлар конидиалар сағағы немесе спорангиалар. Олар бұтақталған және әдетте ұшында спораны алмастыратын конидиалар болады. Ылғалды ауа райында конидиялар екі талшықты зооспоралар пісіп жетілетін зооспорангияларға айналды. Зооспорангиялар сау жапырақтарға түсіп, онда өніп оларды зақымдайды.
Мукор, немесе ақ ұнтақ – нанда, көкөністе, сонымен қатар көнде және тағы басқа органикалық субстраттарда кездесетін кәдімгі сапрофит.
Спорангиялы мицелидің аздаған бөлігін зат шынысындағы су тамшысына орналастырады және сақтықпен спорангииді езіп жібермеу үшін абайлап жабын шынымен жабады.
Микроскоптың кіші үлкейткішімен жіңішке және мейлінше жуан гифалардан тұратын мицелийді қарайды. Спорангияның формасы шар тәрізді. Жынысты көбею – зигогамияны тұрақты препаратттан көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |