Жұмыстың мақсаты: Бөлім тармағы кластары өкілдерінің морфологиялық ерекшелігі және көбею жолдарымен танысу.
Жұмыстың міндеттері: Алғашқы қалталылар қатарының өкілі Нан ашытқысының ерекшелігімен Плектаскалылар және Қастауыштар қатарының өкілдері: Аспергилл, Пенецилл, Қастауыштың құрылысы және көбеюуі мен танысу.
Қажетті материалдар: Нан немесе сыра ашытқысы, пенецилл, аспергилл саңырауқұлақтары өсірілген орта, қастауыш саңырауқұлағымен зақымданған өсімдіктердің кеппешөптері.
Тапсырма: Қарап және суретін салу
Алғашқы қалталылар қатарының өкілі нан және сыра ашытқысының құрылысын және көбеюдің зерттеу.
Плектаскалылар немесе Аспергилалылар қатарының өкілдері – пенецилл және аспергиллдің жасуша құрылысын зерттеу. Конидия сағақтарының айырмашылықтарына назар аудару
Қастауыштар қатарының өкілі қастауышты зерттеп құрылысына көбею ерекшелігіне назар аудару.