Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет19/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

2. Азот (II) оксидін алу. (жұмысты тартпа шкафта жүргізіңдер). Колбаға 10-15 г мыс сынықтарын салып, тамшылайтын воронкаға сұйытылған (1:1) азот қьшқылын құйыңдар (66-сурет). Мысқа аздап азот қышқылын тамызыңдар. Егер реакция бірден басталмаса, аздап қыздырыңдар. Колбада газ түсі неге өзгерді?
Түтіктен шығатын газ қызыл-қоңыр түске бояла бастағанда (неге?) оны үш цилиндрге жинаңдар. Қажет болса қышқылды біртіндеп қосып тұрыңдар. Судың астында жиналған газы бар цилиндрлерді шынымен жауып, шығарып алыңдар, 3-ші тәжірибеге сақтап қойыңдар. Газ түсін байқаңдар, реакция теңдеуін жазыңдар. 3в-тәжірибені жасап болғаннан кейін колбадағы ерітіндіні қыздырып, тұнбаны ерітіңдер және сүзіңдер. Ерітіндіні фарфор табақшада суалтыңдар және суытыңдар. Тұз кристалдары түзілгенін байқаңдар. Олардың құрамы қандай?

66-сурет. Азот (ІІ) оксидін алуға арналған қондырғы.
3. Азот (II) оксидінің қасиеттері. (жұмысты тартпа шкафта жасаңдар). а) Азот (II) оксиді бар цилиндрге (банкаға) жанып тұрған шыраны салыңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер.
ә) Темір қасықшаға аздап қызыл фосфор салыңдар, ол жақсы жана бастағанда, азот (II) оксиді бар цилиндрге немесе банкаға салыңдар. Не байқалады, жанып тұрған фосфорда азот (II) оксиді газында қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда азот (II) оксиді қандай қасиет көрсетеді? (а) және (ә) тәжірибелерінің нәтижесінің айырмашылығын түсіндіріңдер.
б) Азот (II) оксиді бар банканы немесс цилиндрді ашыңдар, ақ кағаздың тұсына ұстап газдың түсінің өзгеруін байқаңдар. Алынған заттың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда азот (II) оксиді қандай қасиет көрсетеді?
в) Сынауықтың 1/4 бөлігіне дейін жаңа дайындалған темір (II) сульфатының қанық ерітіндісін құйыңдар. Ол ерітіндіге азот (II) оксидін жіберіндер. Ерітіндінің түсі калай өзгереді? Нитрозо - темір (II) сульфатының түзілуін жазыңдар. Ерітіндіні қыздырыңдар. Не байқалады? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Осы реакцияны қандай мақсатта қолданады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет