Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет22/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

9. Калий нитритін алу. Сынауыққа 2-3 г калий нитратын салып штативке бекітіңдер. Газ түзілуі тоқтағанша қыздырыңдар. Қандай газ түзіледі? Сынауықты суытқаннан кейін ондағы түзілген затты суда ерітіп, ерітіндіде азотты қышқылдың тұзы бар екенін дәлелдеу керек. Калий нитратының термиялық ыдырау реакциясының теңдеуін жазыңдар.
10. Азот қышқылының алынуы. Ретортаға 15-20 г натрий нитратын салып, воронка арқылы тубустен концентрлі күкірт қышқылын тұз толық жабылғанша құйыңдар. Тубусты асбеске оралған ағаш, шыны немесе резеңке тығынмен жабыңдар. Ретортаның түтігін колбаға батырып, колбаны суық суға салыңдар. Ретортаны байқап қыздырыңдар (69-сурет). Қабылдағыш колбада бірнеше мл қышқыл жиналғанда қыздыруды тоқтатып, ретортаны суытыңдар. Қышқылды келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар. Не себептен қышқылдың түсі бар. Түсіндіріңдер.
Азот қышқылы киімге, қолға тимегенін қадағалаңдар, ол матаны, қолды сарғайтады, күйдіреді. Реакция теңдеуін жазыңдар. Неге натрий нитратын кристалл күйінде, ал күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісін алу керек? Неге қатты қыздыруға болмайды? Түсіндіріңдер.
69 -сурет. Азот қышқылын алу.
Ретортаны штативтің тағанына бекітеді, ретортаның ұшы суық суға салынған қабылдағыш жұмыр табанды колбаға кигізіледі. Қабылдағыш колбада азот қышқылының буы конденсацияланады.
11. Азот қышқылының қасиеттері. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек). а) Ыдырау процесі. Алдыңғы тәжірибеде алынған азот қышқылын сынауыққа құйыңдар, оны штативке тік бекітіп қыздырыңдар. Сынауықтың аузына шоқталған шыраны апарыңдар. Не байқалады? Азот қышқылының ыдырау теңдеуін жазыңдар.
ә) Концентрлі азот қышқылының металдарға әсері. Бір сынауыққа қалайы, екіншісіне мырыш түйірін салып екеуіне де концентрлі азот қышқылын құйыңдар. Қандай газ түзіледі? Қалайы әрекеттескенде қалайы қышқылы түзілетінін ескеріп, реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Сұйытылған азот қышқылының металдарға әсері. Бір сынауыққа орташа сұйытылған (20%) азот қышқылын құйып аздап темір ұнтағын немесе жаңқасын салыңдар. Қандай газ түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бір сынауыққа мырыш, екіншісіне - қалайы түйірін және екеуіне де өте сұйытылған азот қышқылын құйыңдар. Бірнеше минут шайқаңдар. Ерітіндісін құйып алып, онда түзілген аммоний ионының бар екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Алюминийді концентрлі "түтінді" азот қышқылымен пассивтендіру: Сынауыққа аздап эквивалентті концентрациясы 2 моль/л-ге тең тұз қышқылын құйып, оған бір түйір алюминий салыңдар. Не байқалады? Қышқылдан алюминийдің түйірін шығарып алыңдар, оны сумен жуып, сүзгі қағазында құрғатып 10-тәжірибеде алынған азот қышқылына батырыңдар. Бірнеше минуттан кейін алюмииийді шығарып алып, сумен жуып (шайқамай) қайтадан тұз қышқылына батырыңдар. Енді сутегі бөліне ме? Түсіндіріңдер.
г) Концентрлі азот қышқылының бейметалдарға әсері. Фарфор табақшаға аздап концентрлі азот қышқылын құйыңдар, күкірт түйірін салып қыздырыңдар. Не байқалады? Суытқаннан кейін сұйықтықты суы бар сынауыққа құйып, ерітіндіде күкірт қышқылы түзілгенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Азот қышқылының күрделі заттарға әсері. Сынауықта аздап сұйытылған азот қышқылын қыздырып, оған күкіртсутегін Кипп аппаратынан жіберіңдер. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот қышқылының маңызы қандай? Сынауыққа мыс (II) сульфидін салып, 1-2 мл концентрлі азот қышқылын құйып шайқаңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер.
е) Азот қышқылының органикалық заттарға әсері. Жүн матаның кесіндісіне шыны таяқшамен бір тамшы азот қышқылын тамызыңдар. Жүн мата қалай өзгереді? Байқаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет