Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: 200 мл колба, газ өткізгіш түтігі және воронкасы бар тығын, фарфор табақша, стақан, 25 мл цилиндр, темір сым, висмут, қорғасын, сурьма (ұнтағы), қалайы, кадмий, мырыш, көмір (ұнтақ және түйір), мышьяк (ІІІ) оксиді, висмут нитраты , натрий карбонаты, сурьма (ІІІ) хлориді, сурьма сульфиді, натрий немесе калий висмутаты ( , ), индикатор қағазы, парафин, бензин немесе эфир.
Мышьяк
Мышьяктың барлық қосылыстары өте улы, сондықтан мышьякпен жұмыс жасау барысында өте абай болу керек.
1. Мышьяктың алынуы. Жіңішке сынауыққа аздап мышьяк (III) оксиді мен көміртегін қосып, штативке сәл көлбеу бекітіп қатты қыздырыңдар. Сынауықтың қабырғаларында қай заттың қара дағы түзілді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Арсиннің алынуы және қасиеттері. (Жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек). Көлемі 100-200 мл колбаға мырыштың бірнеше түйірін салып, оны газ өткізгіш түтігі және воронкасы бар тығынмен тығындайды. Шүмегі колбаның түбіне дейін жететін воронка арқылы сұйытылған (1:3) тұз қышқылын (Марш қондырғысы) құйыңдар. Аспаптан ауа түгел ығыстырылғаннан кейін, бөлінген сутегін жағыңдар. Жанып тұрған сутегінің жалынының түсі қандай? Сонан соң воронкаға 1 мл мышьяк (III) хлоридін және 2 мл натрий гидроксидін құйыңдар. Жалын түсінің өзгеруін байқаңдар және оны түсіндіріңдер. Арсиннің түзілуі мен оның жану реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Түтіктің жіңішке жерін қыздырыңдар. Жалын түсінің өзгеруін байқаңдар, түтіктің суық бөліктеріндегі мышьяктың қара дағын байқаңдар ("мышьяк айнасы"). Реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибе біткеннен кейін колбаны сумен толтырыңдар. Түтікті шығарып, мышьякты концентрлі азот қышқылының аз мөлшерімен жуып тазартыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл - Марш сынамасы мышьяктың өте аз мөлшерін анықтау үшін қолданады.
3. Мышьяк (III) оксидінің қасиеттері. (Тәжірибелерді тартпа шкафта жүргізу керек).
а) Мышьяк (III) оксидінің бөлме температурасында және қыздырғанда суда ерігіштігін байқаңдар. Лакмус қағазы арқылы алынған ерітіндінің ортасын сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Натрий гидроксидін мышьяк (III) оксидіне қосып қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіні екіге бөліп 4-тәжірибеге сақтап қойыңдар.
б) Мышьяк (III) оксидіне концентрлі тұз қышқылын қосыңдар, кыздырыңдар, реакция теңдеуін жазыңдар.
Тәжірибелер нәтижесінде мышьяк (III) оксиді мен гидроксидінің химиялық қасиеттері туралы қорытыңды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |