Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары



бет50/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

Мырыш, кадмий, сынап және олардың қосылыстары
Бақылау сұрақтары:
1. Мырыш, кадмий және сынап атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.
2. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі ІІ топ негізгі және қосымша топшасы металдарының химиялық қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
3. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында мырыш пен кадмий сутегінің сол жағында орналасқан. Неліктен бөлме температурасында олар судан сутегін бөліп шығара алмайды?
4. Тотықтырғыш-қышқылдармен мырыштың әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар.
5. Комплекс түзуші ретінде иондарына сипаттама беріңдер.
6. Мырыш, кадмий және сынап гидроксидтерінің қасиеттеріне сипаттама беріңдер, реакция теңдеулерін жазыңдар.
17 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер
Аспаптар мен реактивтер: Кипп аппараты, фарфор тигель, шыны таяқша, мырыш ұнтағы, мырыш металы, темір ұнтағы, сынап, натрий, қалайы металдары, мыс пластинкасы, күкірт ұнтағы, йод, темір(ІІ) сульфиді, сынап (ІІ) оксиді, сынап (ІІ) нитраты, сынап (ІІ) сульфаты, сынап (І) нитраты, сынап (ІІ) сульфиді, сүзгі қағаз, күкірт қышқылы, тұз қышқылы, азот қышқылы, натрий гидроксиді, аммиактың судағы ерітіндісі, аммоний хлориді, аммоний сульфиді, калий нитраты, кадмий сульфаты, мырыш сульфаты, мырыш хлориді, кобальт нитраты, натрий карбонаты, натрий ацетаты, мыс сульфаты, калий йодиді, сынап (ІІ) хлориді, күкіртсутегі суы, лакмус.
Мырыш және оның қосылыстары
1. Мырыштың қышқылдармен әрекеттесуі. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек). Алты сынауыққа мырыштың түйірлерін салып, әрқайсысына сұйытылған және концентрлі , , , ерітінділерімен әсер етіңдер. Құбылысты бақылаңдар. Қалыпты жағдайда жүрмеген сынауықтарды қыздырыңдар. Сұйытылған -те мырыш ерігеннен кейін алынған ерітіндіде аммоний ионының бар екенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Мырыштың сілтілермен әрекеттесуі. Сынауыққа аздаған мырыш сымдарын салып, концентрлі сілті ерітіндісін құйыңдар, қыздырыңдар. Газ бөлінуін бақылаңдар. Тәжірибе жүзінде бөлініп жатқан газдың сутегі екенін дәлелдеңдер. Реакция механизмін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет