Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Сынаппен жасалатын барлық тәжірибелерді тартпа шкафта жүргізу керек!



бет53/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

2. Сынаппен жасалатын барлық тәжірибелерді тартпа шкафта жүргізу керек!
3. Егер кейбір себептермен сынап төгілген болса, оның барлық тамшыларын арнаулы ыдысқа жинау керек!
4. Барлық сынап қалдықтары арнаулы ыдысқа құйылып жиналады.
13. Сынапты алу. (жұмысты тартпа шкаф жүргізу керек!) а) Сынап (II) оксидінің қызыл модификациясының аздаған мөлшерін штативке горизонталь бекітілген сынауықта қыздырыңдар. Реакция жүргенін, алынған зат арқылы, сынап (II) оксидінің айырылуын дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынап (II) тұзы ерітіндісіне алдын-ала зімпара қағазымен тазаланған мыс пластинкасының ұшын батырыңдар. Бірнеше минуттан соң ерітіндіден пластинканы алып, сумен жуып, сүзгі қағазымен сүртіңдер. Пластинка бетінің түрі өзгеруін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
14. Натрий амальгамасын алу. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек!) Фарфор келіге бірнеше тамшы сынап тамызыңдар. Бұршақ көлеміндсй өңделген натрийді қысқышпен сынапқа салыңдар (ыдыстың түбіне дейін апарыңдар), бұл жағдайда натрийдің сынаппен жарық шығарған (вспышка) қосылысы пайда болады. Алынған амальгаманың бір бөлігін суы бар фарфор табақшаға салыңдар. Алынған ерітіндінің ортасын фенолфталеинмен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
15. Сынап (ІІ) оксидін алу және оның қасиеттері. Сынап (II) нитраты ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Тұнба түсін анықтаңдар. Оның сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділеріне әсерін сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
16. Сынап тұздарының гидролизі. а) Сынап (II) сульфаты немесе нитраты бірнеше кристалдарын аздаған суда ерітіңдер. Негіздік тұз тұнбасының түзілуін байқаңдар. Ерітіндінің тұнбасын лакмуспен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сұйытылған азот кышқылы ерітіндісін алдын ала суда қышқылдандырып, осындай тәжірибені қайта жасаңдар. Алынған нәтижелерді салыстырыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
17. Сынап оксидін алу. ерітіндісіне сілті ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Түзілген тұнбаның түсін анықтаңдар. Реакция тендеуін кұрылымдық формуласын жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет