Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: 200 мл стақан, сынауықтар, темір ұнтағы, қалайы, мырыш, бром, темір (ІІІ) оксиді, калий гидроксиді, темір сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, кобальт нитраты, мрамор, ерітінділер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, натрий гидроксиді, сірке қышқылы, аммиактың судағы ерітіндісі, аммоний сульфиді, аммоний хлориді, темір (ІІ) сульфаты, барий хлориді, калий нитриті, калий (ІІ) гексацианоферраты (сары қан түсті), калий (ІІІ) гексацианоферраты (қызыл қан түсті), калий иодиді, калий перманганаты, калий роданиді, калий бихроматы, кобальт (ІІ) хлориді, мыс сульфаты, натрий карбонаты, никель (ІІ) сульфаты, қорғасын ацетаты, бром суы, күкіртсутегі суы.
1. Мырыш пен қалайы жанасқандағы темірдің таттануы. Болат қалам ұшы ыдыраған жеріне немесе темір сымға (скрепка) металл мырыштың жұқа кесегін бекіту. Екіншісіне - қалайы кесегін жанастырамыз.
Екі сынауыққа да су және 2-3 мл сұйытылған күкірт қышқылы және қызыл қан тұзы ерітіндісін құямыз. Бұл тұз темір (ІІ) катионына реактив болып табылады. Нәтижесінде көк түсті қосылыс түзіледі. Дайындалған ерітіндіге металдарды салыңдар. Қалайы бар темір сұйықтыққа салғаннан кейін, бірнеше минуттан кейін сұйықтық қандай түске боялады. Ерітіндіде қандай иондар түзіледі? Бұл нені көрсетеді? Басқа сынауықта бояу барлық мырыш ерігеннен кейін байқалады. Темір, мырыш және қалайының стандарт электродты потенциалын ескере отырып, барлық жүзеге асқан реакцияларды талдаңдар. Қапталған және мырышталған темірдің таттану үлгісін жазыңдар.
2. Темірдің қышқылдармен әрекеттесуі. (жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек!). Аз мөлшердегі темір ұнтағын жеке сынауыққа салып, оған сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт және азот қышқылдары ерітінділерін құйыңдар. Қалыпты жағдайда реакция жүрмеген сынауықтарды қыздырыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Неліктен кейбір сынауықтарда реакция тек қыздырғанда ғана жүретінін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Темірдің пассивтенуі және активтенуі. а) Үлкен сынауыққа концентрлі азот қышқылын (түтінденген) құйыңдар және оған жақсы тазаланған темір сым немесе темір шеге салыңдар. Бірнеше минуттан кейін ақырындап сынауықтың қабырғасына тигізіп алмай, темірді қышқылдан алыңдар. Оны стақандағы суға жуыңдар, бірнеше минут мыс купоросы ерітіндісіне салыңдар. Онда мыс бөліне ме? Сонан соң сымды қалың шыны таяқшамен қатты ұрыңдар, қайтадан мыс купоросына салыңдар, не байқалады? Неліктен концентрлі азот қышқылымен өңдегенде мыс бөлінбейтінін түсіндіріңдер. Темірді ұрғанның қандай мәні бар?
ә) Екі темір үлгісін жұқа зімпара қағазымен тазалаңдар, бір-бірін салыстыруға қолданыңдар. Екінші сымды бекітіп 1-2 минут 5% тұз қышқылы ерітіндісіне салыңдар. Сонан соң, су астында жуып, сүзгі қағазымен кептіріңдер. Стақанға 100 мл су, 60 г натрий гидроксиді, 6 г натрий нитриті ерітінділерін құйып, оны қайнағанша қыздырыңдар. Оған жоғарыдағы үлгіні салыңдар, 20-30 минуттан кейін үлгіні ерітіндіден алып сумен жуып, сүзгі қағазымен кептіріңдер. Неліктен үлгінің бетінің түсі өзгереді, түсіндіріңдер. Сыналған және салыстыруға алып қалған үлгілердің беткі қабатына мыс сульфаты ерітіндісінің бір тамшысын тамызыңдар. Үлгінің беткі қабатында тамшының астында мыс қанша уақыттан соң түзілетіндігіне түсінік беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |