Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздануы



бет70/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

13. Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздануы. а) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне күкіртсутегі суын құйыңдар. Не байқалады? Ерітіндіде бар екендігін түсіндіріңдер.
ә) Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий иодиді ерітіндісін құйып, ерітіндінің түсін өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияларда темір (ІІІ) хлориді қандай рөл атқарады?
14. Ферраттар алу және оның қасиеттері. (а-тәжірибесін тартпа шкафта жүргізу керек) а) Сынауыққа ұнтақталған калий гидроксидін салыңдар, оған 3-5 тамшы темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін, 2-3 тамшы бром суын қосып, оны қыздырыңдар. Түзілген калий ферратының түсін байқаңдар, оған су қосып ерітіндіні екі сынауыққа бөліңдер, 14 ә) және б) тәжірибелеріне пайдаланыңдар.
ә) Калий ферратының ерітіндісіне барий хлориді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Түзілген заттың түсін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Калий ферратының ерітіндісіне 2 н күкірт қышқылы ерітіндісін құямыз. Не байқалады? Қандай газ бөлінеді? Ерітіндіде темірдің қандай қосылыстары бар? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
15. Кобальт (II) гидроксидін алу және оның қасиеттері. а) ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Түзілген кобальт тұзының түсіне көңіл бөліңдер. Тұнбасы бар ерітіндіні қыздырыңдар. Тұнбаның құрамы мен түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Кобальт (II) гидроксиді тұнбасы ауада қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сұйытылған қышқыл ерітіндісінде және артық мөлшерде алынған концентрлі сілті ерітіндісінде кобальт (ІІ) гидроксиді ери ме, сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. қандай қасиет көрсетеді?
16. Кобальт (III) оксидін алу және оның қасиеттері. (жұмыс тартпа шкафта жүргізіледі) а) Кобальт (II) нитратының бірнеше кристалын тигел қақпақта газ бөліну тоқтағанға дейін ақырындап қыздырыңдар. Қақпақта не қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Алынған кобальт (III) оксидін аз мөлшерін алып, концентрлі тұз қышқылы ерітіндісін қосып қыздырыңдар. Түсіне, иісіне (абайлап иіскеу керек) көңіл бөліңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда кобальт (ІІІ) оксиді қандай қасиет көрсетеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет