Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Темір (II) гидроксидін алу және оның қасиеттері



бет68/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

4. Темір (II) гидроксидін алу және оның қасиеттері. а) Темір (II) сульфатының ерітіндісін дайындау үшін темір ұнтағының артық мөлшеріне күкірт қышқылы ерітіндісін қосыңдар. Сынауыққа алынған ерітіндіден 3-4 мл алып оған натрий гидроксиді ерітіндісін қосыңдар. Нәтижесінде ақ түсті темір (II) гидроксиді тұнбаға түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Темір (ІІ) гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылы және артық мөлшерде алынған натрий гидроксиді ерітінділеріне қатысын тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ) гидроксиді қандай қасиет көрсетеді?
5. Темір (IІ) тұзының гидролизі. Темір (II) тұз ерітіндісін лакмус қағазымен сынаңдар, не байқалады? Гидролиз теңдеуін жазыңдар.
6. Темір (ІІ) тұзын алу. а) Темір карбонаты және гидрокарбонатының түзілуі. Аз мөлшерде дистилденген су алып оған сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісінен бір тамшы тамызып, сынауықты 1-2 минут қайнатыңдар. Сонан соң, бірнеше кесек темір (II) тұзын (бұл кезде араластыру керек) салып, оған 1 мл сода ерітіндісін құйыңдар. Ақ түсті тұнба түзіледі. Ауада түсінің біртіндеп өзгеруін түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбасы бар сұйықтыққа Кипп аппараты арқылы жіберіңдер, не байқалады? Сонан кейін сынауықты қайнағанға дейін қыздырыңдар, не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Егер бұл операцияны тез жүргізсе, темір (II) қосылысы тез тотығып үлгермесе, реакция тиімді өтеді.
ә) Темір сульфидін алу. Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сынауыққа сұйытылған тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады?
Темір (ІІ) сульфаты ерітіндісіне күкіртсутегі қалай әсер етеді? Кестелерді пайдалана отырып, темір (II) сульфаты ерітіндісіне аммоний сульфиді және күкіртсутегінің әсер ету айырмашылығын түсіндіріңдер.
7. Ғе2+ ионының реакциясы. Темір (II) сульфаты ерітіндісіне қызыл қан тұзы калийдің (III) гексацианоферрат ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Алынған зат – турунбулл көгі деп аталады. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет