Электролиттердің күші жөнінде олардың ерітінділерінің электрөткізгіштігі мен химиялық реакцияға түсу активтілігі бойынша тұжырым жасауға болады.
Жұмысты орындау. Бір пробиркаға 8-10 тамшы 0,1н НСІ ерітіндісін, екінші пробиркаға 8-10 тамшы 0,1н СН3СООН ерітіндісін құйыңыз. Әрбір пробиркаға өлшемі бірдей цинк түйіршігін салыңыз. Пробиркаларды ыстың су моншасына орналастырыңыз.
Қай қышқылда реакция тез жүреді ? Құбылысты түсіндіріңіз. Реакциялардың молекулярлық және иондық теңдеулерін жазыңыз.
Тәжірибе 3 - Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің концентрациясына тәуелділігі Екі пробиркаға 8-10 тамшы әртүрлі концентрациялы күкірт қышқылын құйыңыз: біріншісіне – концентрлі 96%Н2SО4 (ρ = 1,84 г/мл), екіншісіне – 2н Н2SО4. Әрбір пробиркаға өлшемі бірдей цинк түйіршігін салыңыз. Қандай құбылыс байқалады ? Құбылысты түсіндіріңіз.
Тәжірибе 4 -Иондық реакциялар а) Төрт пробиркаға 4-5 тамшыдан натрий, магний, цинк және алюминий сульфаттарының ерітінділерін тамызыңыз. Әрбір пробиркаға 2-3 тамшы барий хлоридін қосыңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз. Сульфат-анионды анықтаудың барлық реакцияларға ортақ қысқаша иондық теңдеуін жазыңыз.
б) Төрт пробирка алыңыз. Үшеуіне 4-5 тамшы калий, магний, цинк хлоридтерінің ерітінділерін, төртіншісіне КСІО3 (калий хлоратының) құйыңыз. Әрбір пробиркаға 1-2 тамшы күміс нитратын қосыңыз. Реакциялардың молекулярлық және иондық теңдеулерін жазыңыз. Неліктен төртінші пробиркада тұнба түзілмейді ? Хлорид-анионды анықтаудың барлық реакцияларға ортақ қысқаша иондық теңдеуін жазыңыз. Суда ерігенде калий хлораты қандай иондарға диссоциацияланатын жазыңыз.
Тәжірибе 5 - Электролит ерітінділерінде химиялық тепе-теңдіктің ығысуы а) Екі пробиркаға 4-5 тамшы 2 н сірке қышқылын құйыңыз үстіне 1 тамшы метидоранж қосыңыз. Бір пробиркаға натрий ацетатының 2-3 түйіршігін салып жақсылап араластырыңыз. Пробиркалардағы ерітінділердің түсін салыстырыңыз.
Неліктен натрий ацетаты салынған пробиркада ерітінді түсі өзгерді ? Ле-Шателье принципі бойынша құбылысты түсіндіріңіз. Әлсіз қышқылдың диссоциациялану дәрежесін төмендету үшін қышқыл ерітіндісіне қандай затты қосу керек ?
б) Екі пробиркаға 4-5 тамшы аммоний гидроксидінің ерітіндісін құйып, үстіне 1 тпмшы фенолфталеин тамызыңыз. Бір пробиркаға аммоний хлоридінің 2-3 түйіршігін салып жақсылап араластырыңыз. Пробиркалардағы ерітінділердің түсін салыстырыңыз.
Неліктен аммоний хлориді салынған пробиркада ерітінді түсі өзгерді ? Ле-Шателье принципі бойынша құбылысты түсіндіріңіз. Әлсіз негіздің диссоциациялану дәрежесін төмендету үшін қышқыл ерітіндісіне қандай затты қосу керек ?