Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет35/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
Зертханалы саба тар а арнал ан дістемелік н с аулар

5.1 Жалпы мәліметтер
Тұздардың гидролизi – тұз иондарының әлсiз электролит түзе су молекулаларымен әрекеттесуi. Су - әлсіз электролит, қайтымды диссоциацияланады: Н2О ↔ Н+ + ОН-. Су молекулаларымен тұздың не анионы, не катионы әрекеттесуі мүмкiн. Ал кейбiр тұздардың анионы да, катионы да бiрдей гидролизге түседi.
Егер тұз гидролизге анионы бойынша түссе, су молекуласының протоны тұздың анионымен байланысып әлсiз қышқыл түзедi. Осы процесстiң нәтижесiнде судың диссоциациясының тепе-теңдiгi оңға ығысып ерiтiндiде бос күйiнде көптеп гидроксил иондары пайда болады, сондықтан тұз ерiтiндiсi сiлтiленедi, яғни рН > 7 болады.
Егер тұз гидролизге катионы бойынша түссе, су молекуласының гидроксил анионы тұздың катионымен байланысып әлсiз негiз түзедi. Осы процесстiң нәтижесiнде судың диссоциациясының тепе-тендiгi оңға ығысып ерiтiндiде бос қүйiнде көптеп сутек катиондары пайда болады, сондықтан тұз ерiтiндiсі қышқылданады, яғни рН < 7 болады.
Әлсiз қышқыл мен әлсiз негiзден түзiлген тұздардың катионы да, анионы да сумен әрекеттесіп әлсіз қышқыл мен әлсіз негіз түзеді. Ортаның реакциясы гидролиз нәтижесiнде түзiлетiн қышқыл мен негiздiң салыстырмалы күшiне байланысты, қайсысының күшi басым болса, ерiтiндi ортасы соны көрсетедi (ә л с i з қ ы ш қ ы л д ы қ немесе ә л с i з н е г i з д i к о р т а н ы). Әлсiз қышқылдар мен негiздердiң күшiн олардың диссоциациялану константалары айқындайды. Егер тұздың гидролизденуі нәтижесінде түзілген әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің күші бірдей болса, орта бейтарап (рН = 7) болады.


5.2 Тәжірибелік бөлім


Тәжiрибе 1 - Универсал индикатор қағазымен
тұздардың ерiтiндiлерінiң рН-ын анықтау
Таза зат шынысына универсал индикатор қағаздың кiшкене қиындысын орналастырып, үстiне зерттелетiн ерiтiндiнiң бiр тамшысын тамызыңдар. Осыдан кейiн индикатор қағаздың түсiн шкаламен салыстырып, ортаның реакциясын анықтап, нәтижесiн кестеге жазыңдар.

Түздар


Тұзды түзген қышқыл мен негіздің күші
(әлсіз немесе күшті)

Универсал индикатор қағазының
өзгерген түсi

рН


Тұз қандай ион бойынша гидролизге түседі

Қышқыл

Негіз

CH3COONa
















Al2(SO4)3
















NaHCO3
















Na2CO3
















NH4Cl
















CuSO4
















КCl
















Индикатор қағазының түстерiнiң өзгерісiн түсiндiрiңдер.Тұздардың гидролизiнiң молекулярлық және иондық теңдеулерiн жазыңдар. Көп қышқылды негіздер мен көп негізді қышқылдар тұздарының гидролизінің тек бірінші сатысының молекула – иондық теңдеулерін жазыңдар. Индикатор қағазының түстерiнiң өзгерулерiн қорытындыда түсiндiрiңдер.




Тәжiрибе 2 - Гидролиз дәрежесiне температураның әсерi
а) Пробиркаға 5 – 6 тамшы натрий ацетатының ерiтiндiсiн құйып және 1 - 2 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады? Гидролиз реакциясының теңдеуiн молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Нелiктен қыздырғанда ерiтiндi түсi айқындалып, ал салқындатқанда керiсiнше бозарып кетедi? Тәжiрибе соңында қорытынды түрiнде жауап жазыңдар.
б) Пробиркаға 5 – 6 тамшы натрий гидрокарбонатының ерiтiндiсiн құйып, оған 1 тамшы фенолфталеин индикаторын қосып қайнағанша қыздырыңдар. Не байқалады? Гидролиздену теңдеуiн жазындар. Ерiтiндi түсiнiң өзгеруiн қорытынды ретiнде түсiндiрiңдер.


Тәжiрибе 3 - Аяғына дейiн жүретiн гидролиз (қайтымсыз гидролиз)
Пробиркаға 5 – 6 тамшы алюминий сульфатының ерiтiндiсiн және осындай көлемде натрий карбонатының ерiтiндiсiн қабырғалатып құйыңдар. (араластырмаңдар!) Екi ерiтiндiнiң шеқарасында қандай өзгерiс байқалады?
Екі тұздың алмасу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Реакция нәтижесінде түзілген қай тұз қайтымсыз гидролизденеді? Неліктен? Қайытымсыз гидролиз нәтижесінде қандай зат тұнбаға түседі, қандай зат газ күйінде бөлінеді? Алмасу реакциясының нәтижесінде түзілген тұздың қайтымсыз гидролизденуінің молекулалық, иондық теңдеулерін жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет