Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар


Электролит ерітінділеріНІҢ қасиеттері



бет31/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Зертханалық жұмыс № 4

Электролит ерітінділеріНІҢ қасиеттері



Жұмыстың мақсаты: Қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде индикаторлардың түс өзгерісін бақылау. Электролиттердің ерітінділерінің қасиеттерімен танысу.

4.1 Жалпы мәліметтер



Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар, негіздер және тұздар суда ерігенде оң зарядталған (катиондарға) және теріс зарядталған (аниондарға) иондарға ыдырайды. Мысалы:
НСІ ↔ Н+ + СІ-
NаОН ↔ Nа+ + ОН-
NаСІ ↔ Nа+ + СІ-
Барлық қышқылдар судағы ерітінділерінде сутек катиондары мен қышқыл қалдықтарына диссоциацияланады. Барлық негіздер судағы ерітінділерінде металл (немесе аммоний) катиондары мен гидроксил аниондарына диссоциацияланады.
Электролиттік диссоциация – қайтымды процесс, сондықтан электролит ерітінділерінде иондар мен диссоциацияланбаған молекулалар арасында тепе-теңдік орын алады. Диссоциацияланған молекулалар санының жалпы молекулалар санына қатынасы электролиттің диссоциациялану дәрежесі (α) деп аталады. Диссоциациялану дәрежесі келесі факторларға тәуелді:

  1. Электролиттің табиғатына;

  2. Еріткіштің табиғатына;

  3. Электролит концентрациясына;

  4. Ерітіндіде біртекті ионның бар болуына.

Қышқылдар мен негіздердің күші олардың диссоциациялану дәрежесіне тікелей байланысты. Қышқылдар мен негіздердің диссоциациялану дәрежелері неғұрлым жоғары болса, солғұрлым электролиттік күші де жоғары болады. Электролиттердің күші жоғарлаған сайын ерітінділерінің электрөткізгіштігі артады, химиялық реакцияға түсу активтілігі өседі.


Біртекті иондардың қатысында әлсіз электролиттің диссоциациялану дәрежесі төмендейді. Себебі: диссоциация қайтымды процесс болғандықтан Ле-Шателье принципі бойынша, тепе-теңдік біртекті иондарды азайту бағытында, яғни молекулалардың түзілу бағытында ығысады.

Концентрациялары төмендеген сайын әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесінің өсетіндігін Оствальдтың сұйылту заңының математикалық өрнегі сипаттайды.


Электролит ерітінділерінде реакция иондар арасында жүреді. Иондар арасындағы реакция нашар еритін зат, газдар және аз диссоциацияланатын заттар түзілу бағытында жүреді.
Электролиттік диссоциация - қайтымды процесс болғандықтан, әрекеттесуші массалар заңын қолданып диссоциация процесінің тепе-теңдік константасының өрнегі алынады. Диссоциация процесінің тепе-теңдік константасы электролиттің диссоциациялану константасы (К) деп аталады. Электролиттің диссоциациялану константасы тек келесі факторларға тәуелді:

  1. Электролиттің табиғатына;

  2. Температураға.

Электролиттің диссоциациялану константасы (К) диссоциациялану дәрежесі (α) сияқты электролиттің күшін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет