Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет40/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Зертханалық жұмыс № 7


Комплексті қосылыстар


Жұмыстың мақсаты: Комплекстi қосылыстардың түзiлу, ыдырау жағдайларымен танысу. Комплекс түзушi орталық ионның тотығуын және тотықсыздануын бақылау. Комплекстi тұздардың кәдiмгi тұздардан тұрақты екендiгiне көз жеткiзу.


7.1 Жалпы мәліметтер
Комплекстi қосылыстар - құрамындағы химиялық байланыстардың бiр бөлiгi донорлы-акцепторлы механизм арқылы түзiлген бейорганикалық қосылыстардың ерекше бiр классы.
Комплекстi қосылыстардың электролиттiк диссоциациясы
және тұрақтылығы

Комплекстi қосылыстардың iшкi сферасымен сыртқы сферасының арасындағы байланыс иондық болғандықтан, комплекстi қосылыстар күрделi комплекстi ионға (iшкi сфера) және қарапайым ионға (сыртқы сфера) күштi электролиттер секiлдi толығымен диссоциацияланады. Бұл комплекстi қосылыстардың б і р і н ш і р е т т і к д и с с о ц и а ц и я с ы:


К3 [Ғе (СN)6] → 3К + + [Ғе(СN)6 ]3-

Комплекстi қосылыстардың iшкi сферасы (күрделi комплекстi ион) әлсiз электролиттер секiлдi қайтымды диссоциацияланады. Бұл комплекстi қосылыстардың е к і н ш і р е т т і к д и с с о ц и а ц и я с ы:
[Ғе(СN)6 ]3- Ғе 3+ + 6СN-
Комплекстi қосылыстардың екiншi реттік диссоциациялануы қайтымды процесс болғандықтан әрекеттесушi массалар заңын қолданып, комплексті ионның диссоциациялану константасының формуласын жазуға болады:
Ктұрақсыздық [Ғе(СN)6 ]3- =
Комплекстi ионның (ішкі сфераның) диссоциациялану константасы к о м п л е к с т i и о н н ы ң т ұ р а қ с ы з д ы қ к о н с т а н т а с ы деп аталады. Тұрақсыздық константасының мәні өте аз шама болатын комплексті ионның тұрақтылығы жоғары болады. Ктұрақсыздық мәні үлкен комплексті ионның тұрақтылығы төмен болады.
Тұрақсыздық константасына кері шама тұрақтылық константасы деп аталады. Ктұрақтылық тең болады:
Ктұрақтылық =


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет