Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет39/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
тотықсыздануы
Пробирканың түбiне шамалап алюминий үгiндiсiн салыңыз (үгiндiнiң орнына фольганы алуға болады). Үстiне 2-3 тамшы натрий нитратының NaNO3 ерiтiндiсiн тамызып, 0,5–1 мл 2н NaOH ерiтiндiсiн құйыңыз. Пробирканы штативке орналастырып мақтамен жауып, мақтаның үстiне дымқылданған индикатор қағазын қойыңыз. Бiрнеше минуттен кейiн индикатордың түсi өзгергендiгiн байқайсыз.
Байқалған өзгерiстерді түсіндіріңіз. ТТР–ның иондық және молекулалық теңдеулерiн жазыңыз.


Тәжiрибе 9 - Концентрлi азот қышқылын мыспен азот (IV) оксидiне
дейiн тотықсыздандыру


Тәжiрибе мiндеттi түрде тартпа шкафтың астында жасалады!
Пробиркаға мыс сымының кiшкене бөлшегiн салып, 3-4 тамшы концентрлi азот қышқылын құйып, ақырындап қыздырыңыз. Реакция нәтижесiнде жирен түстi газ – азот (IV) оксидi NO2 түзiледi, егер реакцияға сұйытылған азот қышқылы алынса, түссiз газ – азот (II) оксидi NO түзiледi.
Реакциялардың иондық және молекулярлық теңдеулерiн жазыңыз.


Тәжiрибе 10 - Калий бихроматын қымыздық қышқылымен
тотықсыздандыру
Пробиркаға 2-3 тамшы К2Сr2О7 ерiтiндiсiн тамызып, үстiне 2-3 тамшы 2н күкiрт қышқылын қосқаннан кейiн 3-5 тамшы Na2C2O4 ерiтiндiсiн құйыңыз, ерiтiндiнiң түсi қызғылт сарыдан көк-жасылға өзгергенше. Оксалат анион (С2О42-) ТТР нәтижесiнде СО2–ге дейiн тотығады. Реакцияның иондық және молекулярлық теңдеулерiн жазыңыз.


6.3 Бақылау тапсырмалары:

1. Мына берiлген реакциялардың қайсысы ТТР - на жатады?


а) Fe + CuSO4 → FeSO4 + Cu
б) CuCO3 ∙ Cu(OH)2 → 2CuO + CO2 + H2O
в) K2CrO4 + BaCI2 → BaCrO4 + 2KCI

2. Тотығу және тотықсыздану реакциялары бiр-бiрiмен байланыссыз жеке-жеке жүре ала ма?


3. Периодтық жүйе бойынша күштi тотықсыздандырғыш және күштi тотықтырғыш бола алатын элементтердi көрсетiңiз.


4. Қандай заттар тек тотықтырғыш болады, ал қандай заттар тек тотықсыздандырғыш болады ? Қандай заттар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады ?


5. Мына реакцияларды электрондық баланс немесе электрондық - иондық баланс эдiсiмен теңестiрiп, ТТР–ның иондық және молекулалық тендеулерiн жазыңыз. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетеңiз:


а) NaNO2 + NaI + H2SO4 → Na2SO4 + NO + I2 + H2O
б ) KMnO4 + KNO2 + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + KNO3 + H2O
в) HNO3 + H2S → NO + S + H2O

6. Mына ТТР–ларына түскен және реакциялар нәтижесiнде түзiлген заттардың құрамындағы элементтердiң тотығу дәрежелерiн анықтап, қандай зат тотықтырғыш, ал қандай зат тотықсыздандырғыш екендiгiн көрсетiңiздер. Реакциялардың иондық және молекулалық теңдеулерiн жазыңыздар. Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың эквиваленттiк массаларын есептеңiздер:


а) Br2 + HNO2 + H2O → HBr + HNO3
б) KMnO4 + PH3 + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + H3PO4 + H2O
в) NаCIO +HBr → NаCI + Br2 + H2O
7. Мына реакциялардың ЭҚК есептеңiздер:
а) HgSO4 + FeSO4 → Fe2(SO4)3 + Hg2SO4
б) PbO2 + KI + H2SO4 → PbSO4 + K2SO4 + I2 + H2O
в) KMnO4 + KCI + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + H2O + CI2
ЭҚК-ті есептеу үшін стандартты электродтық потенциалдардың мәндерін пайдаланыңыз.

8. Егiнжайға себу алдында тұқымдарды сулема (НgСI2) ерiтiндiсiмен залалсыздандырады. Сулема ерiтiндiсiн дайындау үшiн темiр немесе цинкпен капталған шелектер, әлде эмальденген шелектер колдану керек пе ? Жауапты жүретiн реакциялардың теңдеулерiн жазып және ЭҚК– iн есептеу арқылы дәлелдеңдер.


9. Тотықсыздану процесiн көрсет:


А) 2I- I2 0
B) NO3- NH3
C) As+5 As+3
D) Cr2O72- CrO42-
E) AI+3 AIO2-
10. Тотығу процесiн көрсет:
А)Pb+4 Pb+2
B) Zn +2 Zn0
C) MnO4- Mn+2
D) H2O2 O2
E) ClO3-Cl-
11. Мына көрсетілген ТТР қай бағытта өздігінен жүреді?
2KBr + 2FeCl3 = 2FeCl2 + 2KCl + Br2

12. Мына көрсетілген ТТР қай бағытта өздігінен жүреді?


KMnO4 + 3Ag + 2H2O = MnO2 + 3AgOH + KOH

13. Мына заттар ерiтіндіде бірге бола ала ма?


A) KMnO4 және H2SO4
B) H2SO4 және HCl
C) KNO2 және HI
D) HIO3 және HI
E) H2SO4 және HBr
Стандартты электродтық потенциалдардың мәндерін пайдалана отырып жауап берiңiз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет