ТОТЫҒУ – ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Жұмыстың мақсаты: Кейбiр жиi қолданылатын тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың қасиеттерiмен, ТТР –ның түрлерiмен танысу. ТТР –ның теңдеулерiн жазып, теңестiрiп үйрену.
6.1 Жалпы мәліметтер
Химиялық реакцияның нәтижесiнде реакцияға түскен молекулалардың күрамындағы элементтердің тотығу дәрежелерi өзгерiске ұшырайтын процесстер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады. ТТР – параллель жүретiн қарама-қарсы бағытталған екi процесстен – тотығу және тотықсыздану реакцияларынан – тұрады.
Т о т ы ғ у – электрондарды беру, т о т ы қ с ы з д а н у – электрондарды қосып алу. Электрондарын берген зат тотықсыздан-дырғыш, электрондарды қосып алған зат тотықтырғыш деп аталады.
Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың
эквиваленттiк массалары
Тотығу – тотықсыздану реакцияларында бiр электронды қосып алатын немесе бiр электронды беретiн заттың мөлшерi оның эквиваленттiк массасы деп аталады. Басқаша айтқанда, тотықтырғыштың эквиваленттiк массасы оның молярлық массасын қосып алған электрондарының санына бөлгенге тең:
Мэ тотықтырғыш =
Тотықсыздандырғыштың эквиваленттiк массасы оның молярлық массасын берген электрондарының санына бөлгенге тең болады:
Мэ тотықсыздандырғыш =
6.2 Тәжірибелік бөлім
Тәжiрибелердi қорытындылау тәртібi:
- әр тәжiрибе орындалғаннан кейiн жұмыс дәптерiне байқалған өзгерiстер жазылады.
- анықтамалық бөлiмнен (қосымша Е) әрбiр тотығу - тотықсыздану жұптарының стандартты потенциалдары тауып алынып, тәжiрибе барысында орындалған ТТР-ның электр қозғалғыш күшiнiң мәнi есептеледi.
- әрекеттескен екi заттың қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш екендiгi көрсетiледi.
- электрондық немесе электрондық–иондық теңестiру әдiсiмен тотығу және тотықсыздану реакциялары жеке–жеке жазылып, бiр ортақ бөлiмге келтiрiлiп, электрондар санын теңестiретiн коэффициенттер анықталады.
- осыдан кейiн реакциялардың оң жақтарының қосындысы, сол жақтарының қосындысы жазылып, екi жақтағы бiрдей молекулалар не иондар болса, қысқартылады.
- әрi қарай ТТР-ның иондық және молекулалық теңдеулерi жазылады.
- тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквиваленттiк массалары есептеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |