Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар


Дәріс сабақтарына өз алдына жеке дәптер арналады



бет5/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Дәріс сабақтарына өз алдына жеке дәптер арналады. Зертханалық сабақтар мен практикалық сабақтарға да жеке дәптер арнау керек. Бұл дәптер жұмыс дәптерi деп аталады. СӨЖ тапсырмаларына да жеке дәптер арнаған жөн. Дұрыс жүргiзiлген жұмыс дәптерi алдағы уақытта шептік бақылауларға, емтиханға дайындалғанда көп көмегін тигiзедi.
Студенттiң сабаққа қатысу белсенділігі, зертханалық және практикалық сабақтарға арналған жұмыс дәптерiн жүргiзуi, СӨЖ тапсырмаларын дер кезінде тапсыруы семестрлік рейтингті есептегенде ескерiледi.


АЛҒАШҚЫ БӨЛІМ



  1. Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері



1.1 Зертханалық жұмыстарға дайындалу

Зертханалық жұмыстар кезiнде тәжiрибелердi ойдағыдай орындау үшiн сабаққа ынта қойып дайындалу керек. Ол үшiн мына ережелердi есте ұстану керек:


- Берiлген тақырыпқа қатысты теориялық материалды алдын ала оқулықтан, әдiстемелiк нұсқаудан мұқият оқып түсiну қажет.
- Зертханалық жұмыстың орындалу барысымен танысып бақылау сұрақтарға жауап беру керек.
- Жұмыстың мақсатын, орындалу ретiн анық түсiнбей тұрып тәжiрибенi бастауға болмайды.
- Тәжiрибелердiң орындалу барысын, байқалған өзгерiстердi жұмыс дәптерiне бiрден жазып отыру керек.

  • Приборлар пайдаланылған болса, дәптерге олардың суретiн салу керек.

  • Зертханалық жұмыстардың нәтижелерiн есептеу жолдарын көрсетiп

жазып отыру керек. Графиктер болса сызып отыру керек.
- Есептеулер жүргiзу үшiн анықтамалық бөлiмнiң мәлiметтерiмен бiрге логарифмдiк таблицаны да пайдалана бiлу қажет.


Ескерту: Зертханалық жұмыстың нәтижелерiн, есептердiң шығару жолдарын жеке парақтарға жазуға болмайды, барлық мәлiметтер жұмыс дәптерiне жазылуы керек. Өйтпеген жағдайда салақтыққа, ұқыпсыздыққа жол берiледi.


1.2 Жұмыс дәптерiн дұрыс жүргiзу үшiн мына үлгiнi ұсынуға болады:

1. Сабақ өткiзiлген күндi жазу.


2. Сабақтың тақырыбын және номерiн жазу.
3.Тәжiрибенiң тақырыбын, номерiн, орындалу барысын жазу.
4. Бақылау нәтижелерiн, реакция теңдеулерiн, есептеулер жолын жазу, таблицаларды толтыру, прибор схемасын, графиктердi сызу.
5. Тәжiрибе нәтижесiн қорытындылау.
Жұмыс дәптерiн тәжiрибелердi жасау барысында қорытындылап отырып толтыру керек, ертеңге қалдыруға болмайды. Жұмыстың нәтижесiн ойланып қорытындылау керек, түсiнбей қорытынды жазуға болмайды. Түсiнбесеңiз, есте ештеңе сақталмайды.
Жұмыс дәптерiнiң сыртқы бетiне (не iшкi бетiне) студенттiң аты- жөнi, топ номерi, мамандығы, факультетi, практикумның атауы жазылады. Жұмыс журналын әр уақыт оқытушы тексерiп бағалап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет