Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар



бет6/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Зертханалы саба тар а арнал ан дістемелік н с аулар

1.3 Жұмыс iстеу ережелерi

1.Химиялық зертханада жұмыс iстегенде алдынан түймеленетiн мақта матадан тiгiлген халат кию керек.


2. Лабораторияда тыныштық және тәртiп сақтау керек.
3. Бiр столдың басында екi студент жұмыс iстеуi керек. Жұмыс орнын таза ұстау қажет, столдың үстiнде бөгде заттар (сумка, сырт киiм) болмауы керек.
4. Егер столға сұйық реактив төгiлсе, құрғақ реактив шашылса, столды сол сәтте сүртiп тазарту керек.
5. Ыстық заттарды столға қоюға болмайды, асбест сеткаға қою керек.
6. Химиялық реактивтер әдейi арналған жерде жабық банкаларда, құтыларда сақталады. Әрбiр банканың және құтының сыртына реактивтiң формуласы және концентрациясы жазылған этикетка жапсырылады. Тығыны жоқ құтыларда, қақпағы жоқ банкаларда реактивтi сақтауға болмайды.
7. Өте улы реактивтер жеке сейфте сақталады.


Химиялық реактивтермен жұмыс iстегенде келесi ережелердi ұстану керек:
-сұйық және құрғақ реактивтер салынған құтылар әрқашанда тығындаулы болуы керек. Құтыларды тек реактив керек болған кезде ашып реактивтiң керектi мөлшерiн алғаннан кейiн iлезде жауып қою керек;
- құтылардың тығындарын ауыстырмау керек. Әр құтыны өз тығынымен жабу қажет. Бұлай етпеген жағдайда реактивтер бiр- бiрiмен араласып сапасы төмендеп, тәжiрибе жасауға жарамсыз болып қалады;
- егер реактив құтыдан керектi мөлшерден артық алынса, артық мөлшерiн кейiн құтыға қайта құюға болмайды, себебi құтыдағы таза реактивтiң сапасының төмендеу қаупi туады;
- пайдаланылатын реактивтердi жеке жұмыс столына алып кетуге болмайды;
- сұйық реактивтердi құтының этикеткасын жоғары қаратып құю керек, сонда реактив этикеткаға тимейдi, этикетка бүлiнбейдi;
- реактив алу үшiн құтыны ашқанда тығынды қолда ұстау керек, не болмаса тығынның құтыға қарайтын жағын жоғары қаратып стол үстiне қоя тұру керек;
- тәжiрибе жасағанда пипеткамен реактивтiң аз мөлшерiн (1-3 тамшы) алуға тырысу керек. Тек әдейi көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше мл алуға болады;
- реактивтердiң дәмiн көруге болмайды, себебi көп реактивтер улы заттар.
- күмiс тұздарының ерiтiндiлерiнiң қалдықтарын әдейi арналған ыдыстарға құйып жинау қажет. Себебi күмiс тұздары өте қымбат реактивтерге жатады. Артынан қалдықтар жиынтығынан күмiс катионы тотықсыздандырылып металл күйiнде бөлiнiп алынады;
- сiлтiлер мен қышқылдарды қалың қабырғалы шыны ыдыста сақтау керек. Жұқа қабырғалы шыны ыдыста сақтауға болмайды, себебi қышқылдар мен негiздердiң әсерiнен шыны желiнiп жұқарып сынып кетуi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет