Зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар


Көбiктi өртсөндiргiштердiң



бет9/45
Дата08.06.2022
өлшемі1,3 Mb.
#36551
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
4.1 Көбiктi өртсөндiргiштерд (ОП-5 және ОП-М) зарядының массасы 10 кг болады, зарядтың шығу уақыты 55-70 секунд. Өртсөндiргiштiң толық салмағы 14,5-15 кг. Көбiктi өртсөндiргiштердiң өрт сөндiру қабiлетi өте жоғары, бiрақ зертханадағы бүкiл приборлар құрамында күкiрт қышқылы, натрий сульфаты бар көбiктiң астында қалады, сондықтан олардың коррозияға ұшырау қаупi күшейедi. Көбiктi өртсөндiргiштердi қолданудан бұрын электр тоғының көзi сөндiрiлуi қажет.
4.2 Көмiрқышқылды өртсөндiргiштердiң типтерi мынандай: ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8, көлемдерi 2; 5 және 8 литрлiк болады. Химиялық зертханада көбiнесе ОУ-5 өртсөндiргiшi қолданылады. Таза сұйық СО2 –ден тұратын зарядының массасы 3,5 кг, барлық заряды 15 секундта шығып бiтедi. Көмiр қышқыл газының қарлы ағынының ұзындығы 4,5 метрге жетедi. Өртсөндiргiштiң толық салмағы 13,5 кг болады. Бұл өртсөндiргiштi қолданғанда ағынды төменнен жоғары қарай бағыттау керек. Көмiр қышқыл газының қарлы шығы аппаратураға ешқандай зақым келтiрмейдi және электр тоғын сөндiрмей- ақ өрттi сөндiре беруге болады.
4.3 Құрамы бромды метилге негiзделген өртсөндiргiштердiң (ОУБ-3, ОУБ-6) эффективтiлiгi көмiрқышқылды өртсөндiргiштерден 3,5 есе жоғары.

2.3 Жанып жатқан киiмдi сөндiру


Киiм жанған кезде жанған киiмдi судың көп мөлшерiн құйып немесе жерге аунау арқылы сөндiруге тырысу керек. Егер үстiндегi киiмi жанған адам не iстерiн бiлмей сасқалақтаса, жерге күшпен жатқызып, үстiн киiзбен тұмшалап жауып киiмнiң жануы тоқтағанша киiздi алмау керек.




2.4 Алғашқы көмек


Химиялық зертханада оңай қол жететiн жерде керектi дәрi –дәрмектер салынған жәшiк тұруы қажет. Дәрi – дәрмек салынған жәшiкте мына заттар болуға тиiстi:


- залалсыздандырылған бинт және мақта;
- 5 % йод ерiтiндiсi;
- 3 % натрий гидрокарбонатының ерiтiндiсi;
- күйiкке жағатын май;
- лейкопластырь;
- 3 % калий перманганатының ерiтiндiсi;
- 3 % сiрке қышқылының ерiтiндiсi;
- 3 % бор қышқылының ерiтiндiсi;
- 96 % этил спиртi;
- көзге дәрi тамызатын пипеткалар;
- пинцеттер, шыны таяқшалар, қайшы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет