61. Химиялық реактивтер дегеніміз не және олардың қолданылуы?
химиялық реактивтер дегеніміз -зертханалық тәжірбиеде әртүрлі химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттектер мен олардың қосындыларыҚолданылуы:ветеринария саласында ,санитариялық ,гигиеналық ,сараптаулық және басқа да зертханалық зерттеулерде аналитикалық және диагоностикалық мақсаттарда қолданылады
62. Сіз қандай аналитикалық химиялық реактивтердің типтік топтамасын білесіз?
62.Аналитикалық химиялық реактивтерді типтік топтарға бөледі:
1.еріткіштер-қышқылдар және олардың қоспалары,сілтілер,кешенді заттар түзетін қосылыстпр,органикалық еріткіштер және т.б
2.бөлгіштер-топтық немесе арнайы тұнба түсіргіштер;айырып-алғыштар(экстракциялайтындар),кешенді заттар түзетіндер және т.б
3.балау(диагноз қою) үшін қолданылатындар-тұнба түзетін немесе боялған өнімдер зерттелінетін затпен немесе ионымен,және де титрленген ерітінлер дайындауға қолданылатын химиялық реактивтер
4.көмекші әсер ететін,керекті химиялық реакцияларды жүргізуге оңтайлы да қолайлы және қажетті жағдайлар тудыратын-индикаторлар,тотықтырғыштар,элементтерді басқа валенттік жағдайға аудару үшін қайтадан қалпына келтірушілер,буферлік қоспаларды дайындауға қажетті заттар және т.б мақсаттарда пайдаланылатын реактивтер
Достарыңызбен бөлісу: |