81. Химиялық реактивтер мен ертінділерді сақтау тәртібі мен технологиясы
Зертханада жұмыс істейтіндер өздерінің жұмыс істейтін химиялық реактивтердің басқа реактивтерге қатысты улылығын, атылуға қауіптілігін, өртке қауіптілігін білуі қажет. Көбінесе күнделікті қолданылатын реактивтер үлкен ыдыстарда, банкаларда, бөтелкелерде сатылынып алынады. Себебі ішінде бірнеше килограммға дейін болады. Ал аз қолданылатын реактивтер кішкентай ыдысқа салынады. Банкаларда сақталынатын реактивтер кейде көп жатып қалатындықтарынан олар тас болып қатып қалуы мүмкін. Оларды алу қиын.
Ерітінділер дайындау барысында тек қана таза ерітінділер пайдаланылуы керек. Егер ерітінділерде суды қолданғанда тек қана дисстиллденген суды қолданылуы тиіс.
Алдымен дайындау алдында жасалынатын және сақтайтын ерітіндіні құятын керек ыдысты дайындау қажет. Ыдыс таза болуы керек. Егер күдіктенсеңіз ыдыстың ішін цере-зин, парафинмен немесе басқа химиялық заттар жағып, тікелей реакциядан қорғау қажет.
Мысалы, егер 1л қандайда болмасын ерітіндіні дайындағанда, онда 1,5л сиятын ыдыс алу керек, ал 10л ерітіндіге бөтелкенің көлемі 12-13л болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |