Зерттеу бағдарламасының құрылымы Зерттеудің негізгі кезеңдері Қысқаша


Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі194,4 Kb.
#139646
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
ҒПЗ сессия

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы

  • Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары

    Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Неге дәл осы мәселе, дәл осы кезеңде зерттеледі деген сұраққа жауап береді. Зерттеудің проблемасы бұрын зерттелмеген қандай мәселені қарастыру керек деген сұрақ төңірегінде дамиды. Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні - оқу мен тәрбиенің теориясы мен практикасын бұдан былау дамыту үшін белгілі бір түйіткілдердің бар екендігін, оның дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақытпен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік қандай да қажеттілікті қамтамасыз ету үшін ғылым идеялармен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезеңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.


    Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу үрдісінің мына төмендегі барлық элементерін білуін талап етеді:
    -тақырыпты саралай анықтап және оның көкейкестілігін дәлелдей білуді;
    -ғылымдағы тақыртың зерттелу жағдайын және пайда болған қарама-қайшылықтарын анықтай алуды;
    -зерттеу мәселесін үйлестіре білуді;
    -мақсат нысан және зерттеу пәнін анықтай алуды.
    Ғылыми зерттеуге сол меселеге үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде бейнелеу тән. Осыдан зерттеудің төмендегі міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу және зерттеудің теориялық нобайын жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді айқындаушы эксперимент арқылы және педагогикалық шындықты қайта құруды қамтамасыз ету үшін қалыптастырушы эксперимент жүргізіледі.
    Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендігі айқын болуы керек. Бір терминді бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Оның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымық сипаттамасы зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақты педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әрекеттер жобасында қаланады.
    Кез келген тақраптағы зерттеу жұмысының логикалық құрылымы мына төмендегі ретпен құрылады. Ең алдымен зерттеудің мәселесі айқындалып, көкейкестілігі негізделеді[20].
    Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
    Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
    Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 - жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс - тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
    Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
    Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін блоктік тәсіл қолдану тиімді[21].
    Бірінші блок - байланыс: тақырып - проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.

    2. Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:


    - ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән - мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
    - жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай - ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
    - тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік - жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
    - ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.

    №9 билет




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет