Зерттеу бөлімінің өзектілігі



бет3/6
Дата31.12.2021
өлшемі231 Kb.
#22042
1   2   3   4   5   6
Мақсаты:Қойлардың азықты қорту жүйесі бойынша биологиялық ерекшелігімен толыққанды азықтандыруды ұйымдастыру және азық қажетті-лігін есептеу

Міндеті:

  • Қозылы саулықтарды азықтандыру нормалары;

  • Қойларға рационды құру есебі;

1 Әдебиеттерге шолу


Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруа-шылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азық-тандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.

Қ.Сәбденовтың мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.

А.В. Модяновтың тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ затының қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш орылып, жиналғанда -51% пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ затының қорытылуы 60,3, ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7% болған. Рацион құрамындағы клетчатканың көбеюі салдарынан қорытылу көэффициентінің мұндай күрт төмендеп кетуі ірі қарада байқалмайды. Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар мен бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың желінуі мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал енді қой организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін, азықтың желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін жоға-рылатуға ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық енгізу қажет.

Профессор А.С.Солун буаз және сүтті саулықтардың рационында жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам айтты. Соңғы жылдары қой рациондарын микроэлементтермен, атап айтқанда, кобальтпен қамтамасыз етуге үлкен мән беріле бастады. Басқа жануарларға қарағанда, азығында кобальт жетімсіздігі қой төзімсіздеу келеді. Өйткені жүннің өсуіне белоктың, күкірттің және фосфордың үстіне кобальт те керек. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы.

П.Н.Коршаковтыңзерттеулері, жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында кобальт жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы бактерияның мөлшері бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал организміндегі клеккалардың пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі. Сөйтіп кобальт әсерімен организмдегі белоктың синтезі күше-йіп, жүн неғұрлым жедел өсетін болады. Жүгеріде кобальт аз, осыған орай жүгері сүрлемімен мал дұрыс азықтандырылмаса жүннің сапасы да нашарлап кетеді. П.Н. Коршаковтың тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн қырқылған, әрі оның сапасы да жақсарған.

Н.Омарқожаұлының зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар шаруа-шылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем – шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көте-ріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады.

М.Абдулаевтың айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағда-йында қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын арттыруға мүмкіндік береді.

Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қорек-тілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайы-лымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым шөбінен 3,7 кг, бетегелі жайылым шөбінен 3,6 кг жеткізу керек болады. Суармалы жерлерде және екпе шөптер жайылымындағы құрғақ заттар кемірек болады, өйткені оларда ылғал жоғары.

Б.Құлатаевтың зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады.

Б.Әкімбековтың мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байла-нысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем – шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп.

Н.Омарқожаұлының әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз қуысы-ның анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын, аумақты көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады. Сондықтан қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал жайылған жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады. Қойдың өсіп жетілуі мен өнімділігі, негізгі төлі, еті және жүні секілді өнімділіктің сапасы тікелей азықтандыру деңгейі мен құнарлығына тәуелді. Бұл өнімдер сиырдан күнделікті сауылатын сүтке қарағанда ұзақ мерзімде қалыптастыратындықтан, қойды азықтандыру рационын мүйізді ірі қара малдыкіне қарағанда қарапайым құрылымда құруға болады. Бірақ бұдан олардың азықтандырылуына үстірт қарап, кейде тіпті жем – шөпті уақытылы жеткізбей, аш қалдыруға болады деген ой тумауы керек. Өйткені, азықтандыру ақаулары мен кемшіліктері олардың алдымен денсаулығына, сонан соң өнімінің мөлшеріне және сапасына зиянды әсер етеді.

Б.Медеубековтың зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан қыз-метін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына, вита-миндердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді. Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді, ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды.

Әр түрлі азықтың құрамындағы қоректілерінің мөлшері де түрліше болады, сондықтан бір азық жақсы, екіншісі нашар сүрленеді. Мысалы, республикамыздың қай аймағында болса да қошқарлар қыс айларында қолда – қорада бағылады. Сондықтан да олардың рационы бұл кезде әр түрлі жо-ғары сапалы, жеңіл қорытылатын, жақсы желінетін азықтардан құралады. Қыста, шағылыстырылмаған кезеңде тоқтылардың рационына тәулігіне есеп-тегенде 1,5 – 2,0 кг сапалы шөп, 2,0 – 2,5 кг сүрлем немесе пішендеме, 1,0 – 1,5 кг тамыр жемістілер, 0,7 – 1,9 кг құрама жем енгізіледі. Көктем, жаз айларында тоқтылар шөбі шүйгін жақсы жайылымдарда бағылып, қажет болса үстемелеп беріледі.

Сарбасовтың мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына әсер ететін негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен азық-тандыру болып табылады. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға сәйкес мол болады, сондықтан борда-қылаудағы қойдың азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет