Зерттеу бөлімінің өзектілігі. Қой шаруашылығы–өнімді де, табысты сала. Ол халықты сапалы етпен, өндірісті–жүн, тері, елтірі сияқты шикізатпен қамтамасыз етеді. Қой өзінің жаратылысында – жайылым малы, көк шөп оның табиғи азығы. Бұл саланы жайылымсыз өркендету мүмкін емес. Қой тұмсығы мен ерінің, тістерінің ерекшеліктері оның жайылымға бейімделген мал екендігін дәлелдейді. Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қой басқа малға қарағанда шөл, шөлейт, құмайт, таулы тасты жерлер-дің жайылымдарында жақсы жайылады. Ал Қазақстанда ондай жайылымдар көп.
Бірден – бір арзан және ең бағалы негізгі азықтың көзі жайылымдағы жасыл шөп болып табылады. Қысқы және жазғы жайылымдарды тиімді пайдалану , қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік туғызады.
Қой жайылымда ұстауға жақсы бейімделген. Мал жеуге пайдаланатын 800 өсімдік түрінен: қой 520 - нан аса түрін, мүйізді ірі қара мал - 460 түрін, жылқы - 460 түрін пайдаланады. Жусанның қой -46 түрін, жылқы - 39, сиыр 24 түрін пайдаланады. 181 түрлі сораңнан қой - 132 түрін, жылқы - 48 түрін, сиыр - 39 түрін жейді.
Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруа-шылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 – 17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық – дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.
Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан құралатын қойдың қысқы рационында 25 – 30 пайыз шамасында қорытылатын протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рацион-да 1 пайыз протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбатта-тып, мал шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |