Зерттеу бөлімінің өзектілігі


Қойлардың биологиялық ерекшеліктері



бет4/6
Дата31.12.2021
өлшемі231 Kb.
#22042
1   2   3   4   5   6
1.1 Қойлардың биологиялық ерекшеліктері
Қойдың ішегінің ұзындығы – денесінің ұзындығынан 25 – 30 есе , мүйізді ірі қара малдікі 20 есе, жылқынікі 15 есе, шошқанікі 12 есе артық.

Қой арам шөптің 600 түрін жесе, жылқы 80, сиыр 60 түрін ғана жей алады. Қойдың жақ сүйегі, ерні жұқа, күрек тістері үшкір болғандықтан, ол неше түрлі ұсақ шөптерді, жерге түскен дәнді өсімдік жапырақтарын оңай теріп жей алады.

Қойдың денесінде зат және энергия алмасу басқа малдармен салыстырғанда жоғары сипатталады. Сондықтан қой 1 кг тірідей салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малмен салыстырғанда көбірек шығындайды.

Қойлардың ас қорыту органдары ірі азықтардың құрамындағы қоректік заттарды толық сіңіріп, қорытуға бейімделген. Қой жақсы жейтін азықтар: жоңышқадан, бедеден дайындалған пішендер, астық тұқымдастарынан, тау етектерінен, бидайық, жусан, сораң, шалғын, әр түрлі шөптерден және сол шөптерден дайындалған пішендемелер, шырынды азықтардан дайындалған сүрлем, тамыр жемістілер, жемдерден - сұлы дәні, жүгерінің дәні, кебек пен күнжара, сонымен қатар минералдық, витаминдік қосымшалар.

Қой денесінің 100 кг салмағына 3,2 – 3,8 кг құрғақ затты азық талап етеді.

Жартылай шөлейтті аймақтардың жайылымындағы шөптердің 66 % - ке жуығын мүйізді ірі қара малдар нашар жейді немесе тіпті жемейді. Ал қой мен ешкі осы шөптердің 38 % - ке жуығын жейді. Егер жайылымдағы шөптің 12 % - ке жуығын мүйізді ірі қара мал жақсы жейтін болса, ал қой мен ешкі 30 % - ке жуығын өте жақсы жейді. Ірі азықтар мен шөптерді жақсы сіңіруіне байланысты 1 кг үстеме салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малдарға қарағанда аз пайдаланады. Май құйрықты және құйрықты тұқымды қойлар, құйымшақ омыртқаларына, оның бойына, әсіресе құйрығына май жинайтын ерекшелігі болады. Қойдың кейбір тұқымдары өзгермелі ауа райына, климатқа құрғақ қырдағы жайылымдарға (құйрықты қойлар) бейімделгіш келеді.

Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі – шөп жайылым-дарында өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 – 50 % , ірі қара 33 – 35 %, жылқы 27 – 34 % қана жейді.

Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.

Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.

Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары. Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір, еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен бұталар бұтақ-тарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын жайы-лымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.

Қойдың осы жоғарыда айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым –екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс, талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Кері-сінше, бұның өзі қойдың азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эво-люциялық дамуының нәтижесінде туғандығын дәлелдейді.

Қой азықтың бір түрімен (жайылымнан басқа) ұзақ уақыт азық-тандыруға төзе алмайды. Біркелкі азық олардың тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті мен өнімін, әсіресе жүн өнімінің мөлшері мен сапасын күрт кемітіп жібереді. Қойды жеткіліксіз, нашар азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей қалады. Ал организмге түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне, өсіп-жетілуіне қажетті процестерге жұмасалады да, артылса ғана жүннің өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді. Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сортқа жатқызылады, әрі бағасы анағұрлым төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы жүнді немесе жүнді-етті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген сапасыз азық жыл бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді. Сиыр мен шошқа шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы мен сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл бойындағы өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз жеткілікті болып тұруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін көрсетеді.



1.2 Қойларды азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық рациондары
Қойға ірі қара азықтарының барлық түрін қолдануға болады. Олар көк, ірі, шырынды, құнарлы азықтардың түр-түрін жей береді. Әйтсе де , олардың биологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып, ең арзан азық түрі – табиғи жайылым отын мейлінше мол пайдаланған жөн.
1 кесте Қозылы саулықтарға арналған азық рационының үлгісі, кг


Азық түрлері

Азық рациондары

1

2

3

4

Пішен

0,8

-

0,5

1,0

Жүгері-бұршақ сүрлемі

4,0

-

-

2,0

Жүгері-сабан сүрлемі

-

-

0,45

-

Пішендеме

-

2,0

-

2,0

Қант қызылшасы

1,0

-

-

-

Сабан

0,8

-

0,7

-

Толық рационды түйіршіктелген азық

-

2,3

1,5

0,5

Бұршақ тұқымдастар жемі

-

-

-

0,2

Құрама жем

0,40

-

-

-

Фторсыз фосфат,г

-

-

-

15

Ас тұзы, г

20

-

-

20

Тәуліктік рационның құрамында

Азық өлшемі, кг

2,03

2,19

2,24

2,07

Алмасу энергиясы,МДж

26,8

27,5

27,9

27,4

Құрғақ зат, кг

2710

2834

2785

2716

Шикі протеин, г

265

296

305

287

Қорытылған протеин, г

185

213

221

196

Кальций, г

14,9

15,5

16,3

15,1

Фосфор, г

6,7

8,0

8,3

7,9

Магний, г

5,9

6,3

7,4

6,8

Күкірт, г

4,6

5,5

6,0

5,8

Темір, мг

319

337

215

246

Кобальт, мг

1,74

1,25

1,26

1,91

Марганец, мг

115,6

120,0

117,0

116,0

Кестенің жалғасы



Йод, мг

1,3

0,95

0,90

0,98

Каротин, мг

40

55

60

75

Д витамині, мың Хө

900

1000

950

900

1 кг құрғақ заттағы алмасу энергиясы, МДж

9,9

9,7

10,0

10,1

Бұл рацион типтерінде: 2,0-2,2 азық өлшемі, 185-220 г қорытылатын протеин, 15,0-16,0 г кальций, және 6,7-8,3 г фосфор бар

Қойға ірі қара азықтарының барлық түрін қолдануға болады. Олар көк, ірі, шырынды, құнарлы азықтардың түр-түрін жей береді. Әйтсе де , олардың биологиялық ерекшеліктерін мейлінше пайдалана отырып, ең арзан азық түрі – табиғи жайылым отын мейлінше мол пайдаланған жөн. Сонда ғана қой өнімдерінің өзіндік бағасы төмен болып, шаруашылық экономикасына пайдасын тигізеді. Жайылымнан әсіресе жусанды жақсы көрсе, ірі азықтан шалғын және бұршақ тұқымдастардың майда пішенін сүйсініп жейді. Әр қойға тәулігіне салмағының 1/100 бөлігіндей мөлшерде пішен, 2 кг – ға дейін жаздық сұлы,арпа, тары сабанын береді. Сабанды алдын – ала әзірлеп, яғни ұсақтап турап, бөктіріп, әктеп, ұнтақтап басқа азықтармен араластырып берген жақсы. Сондай – ақ қой картоп, қызылша, сәбіз азықтық бақша дақылдарын беруге болады. Ірі тамыр жемістілерді алдын-ала турайды. Бұл азықтарды сақа қойларға тәулігіне – сүрлемді 2 – 4 кг, тамыр жемістілерді 2 – 3кг, картопты 1-2 кг, ал тоқтыларға осының жартысын беруге болады.

Әр қойға шамамен азық мөлшерін мынадай мөлшерде дайындаған жөн: қошқарларға 4-6 ц пішен, 2,5-3 ц сүрлем, 13-15 ц көк азық , 0,6-0,8 ц жем, саулықтарға тиісінше 3-4,5, 2,5-3, 13 –16, 0,3 – 0,4 ц; тоқтыларға 2 – 3,5, 1-1,3, 11-13, 0,2-0,3 ц.

Туғаннан кейінгі алғашқы 2-3 күнде тек қана сапалы шөп пен су береді содан кейін барып сүрлем мен жем кебек сұлы күнжары бере бастайды.Қо-зының алғашқы кездегі қорегі енесінің сүті болғандықтан қозылы саулықты жақсы азықтандыру керек.Осы кезде сүтке жарымаған қозы дұрыс жетілмейді алғашқы 10-15 күнде өте мұқият болу керек: бұл кезде енесінін құнды шөп беру керек –қозылардың тез өсіп-жетілуінін басты кепілі.
Кесте 2

Қозылы қой азықтандыру нормасы



Көрсеткіштер

Етті-майлы қойлардың тірілей салмағы, кг

Қозы емізудің

Алғашқы 7-8 апталығы

Екінші кезеңі

60

70

60

70

Азық өлшемі, кг

2,0

2,1

1,7

1,8

Алмасу энергиясы, МДж

21

22

18,5

19,5

Ас тұзы, г

15

16

14

16
Кестенің жалғасы


Кальций,г

10,7

11,1

8,7

9,7

Фосфор, г

6,8

7,03

5,4

5,8

Күкірт, г

2,0

2,0

1,5

1,6




темір, мг

120

130

105

120

Манний, мг

5,5

5,8

5,0

5,5

Мырыш, мг

125

142

84

95

Кобальт,мг

1,24

1,40

0,94

0,05

Марганец, мг

120

130

105

120

Йод, мг

0,9

1,1

0,74

0,80

Каротин, мг

18

20

16

18

Д витамині, мың Хө

900

1000

750

850

Қыста қозылардың қойдың негізгі азығы - пішен сүрлем және жем. Мүмкіндігіне қарай пішенге жоңышқа жаралыстырған жөн. Жемнен сұлы мен кебек тиімді. Кебек –қозылы қойға өте тиімді. Қозылы қойға азық рационын дұрыс жасау тиіс үшін,ең алдымен оның қоздалған мерзімін ескеру керек.Егер қой қысты күні қолда бағылған кезде қоздаған болса, онда жоғарыда көрсетілген азықты қолданған дұрыс ал егер қой көктемде қоздаса,онда пішен сүрлем берудің қажетті шамалы болып қалады.Бұл кезде қозылы қойға тек қосымша жем; 0,2-0,3кг сұлы немесе 0,4-0,5 кг кебек берген жөн.

Қозылы қойдың азыққа деген қажеттігі оның тұқымына, физио-логиялық күйіне, салмағына сүттілігіне байланысты. Оның сүті неғұрлым көп болса, қозының да тәулігіне қосатын салмағы солғұрлым басым келеді. Егіз қозылы қойдың сүттілігі,жалқы қозылы қойға қарағанда жоғары.

Қойдын сүттілігі тұқымына, жасына, дербес ерекшеленеді, қозының санына, қолданылғанда және азықтандыру дәрежесіне қарағанда.Егіз қозылы саулықтардың сүттілігі жалқы қозыларға қарағанда 20-25% артық.Қаракөл қойлы қозысына емізетін 4 айдын ішінде орташа есеппен тәулігіне 0,8-1,0 кг,қазақтың құйрыұты қой- 1,3-1,5,биязы жүді қой қозысына емізетін ал-ғашқы 2 айда 1,2-1,5,бұдан кейінгі-1-0,8кг сүт береді.Қой сүтіне шамамен 5,5% протеин,6,7% май болады, 5,7% қант болады.

Қозылы қойдын жақсы азықтандыру олардың сүттілігін молайтумен қатар, жүніндіде бір қалыпты өсуіне игі әсер етеді. Ал нашар азықтан-дырылған жағдайда сүттің азаюымен қатар жүннің сапасы да төмендеп кетеді,жүн қылшықтары үзілгіш болады,яғни жүнді өңдейтін өндіріс тала-бына сай келмейді.

Қозылы қойды тәулігіне кемінде екі рет таңертең және түстен кейін азықтандырудан соң суару керек.Астауда әрдайым астұзы болуға тиіс.

Көктемгі және жазғы айларында қозылы саулықтар үшін табиғи қор-шалған екпе жайылымдарды, шөбі шабылған жердің көрпекөгі мен балауса шөбін барынша толық әрі орынды түрде пайдалану керек.Бұл кезде қой қажетті қоректі заттармен толығымен дерлік қамтамасыз етіледі,қосымша азықты керек етпейді.Тек ас тұзы, фторсыз фосфат және микроэлементтер берсе жеткілікті.

Саулықтарды азықтандыру.Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі саулықтар үлесіне тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және олардан алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер кезінде нәтижелі ұрық-тандырылып, уақытылы егізден қоздатып, сапалы жүнді мол қырқу үшін саулықтардың жасы, өнімдік бағыты мен тұқымы, жыл мерзімі мен соған сәйкес өзгеретін физиолгиялық ахуалына байланысты өзгеретін қоректік мұқтаждығын қажетті деңгейде және жан – жақты толық қамтамасыз ету керек.

Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығы жетіспеген жағдайда сау-лықтардың дер кезінде күйі келммей, ұрықтандыру нәтижесі төмен болуынан қоздауы да созылып, жақсы жетілмеген жалқы қозы туады. Арықтап кеткен саулық оның өзін уызы мен сүтіне жарытпайды. Содан қозы шығыны көбейіп, саулық жүнділігі төмендеп, жүн сапасы нашарлайды. Осының бәрін ескере отырып саулық азықтандырылуына жыл бойы жете көңіл бөліп, организмінің қоректілік мұқтаждығы өсетін күйікке түсер, буаздық, қоздап қозысын емізер кезеңдерінде саулық азығының энерге-тикалық қуаттылығын күшейтіп, биологиялық құндылығын жоғарылатады.

Күйекке түсерден 1-1,5 ай бұрын саулық қоңдылығын көтеріп, күйін келтіру үшін азықтандыру деңгейін 1 кг қосымша салмақ қосуына есеп-тегенде 5 а.ө, 500 г қорытылатын протеин көлемде жоғарылатады. Күйі келіп нәтижелі ұрықтанған саулықтың одан кейінгі буаздық кезеңінде де сапалы азықтандыруын жалғастырады.

Сүтқоректілер ұрғашылары буаздығының дамуының биологиялық заңдылығына сәйкес эмбрионалдық даму барысында ұрықтың ұлғаюы буаз-дық мерзімінің үшінші бөлігінде өрістейді. Соған сәйкес саулық жаты-рындағы болашақ төлдің көлемі ұлғайып , салмағы ауырлауының 10-15 % шамасында буаздықтың бірінші жартысында, ал қалған 85-90 % екінші жартысында қалыптасады. Сондықтан саулық буаздығының соңғы 4-5-ші айындағы екінші жартысында организмінің зат алмасуы 15-25 % жеделдеп, энергетикалы мұқтаждығы 30 – 40 % , протеиндік мұқтаждығы 40 – 60 % жоғарылайды.

Буаз саулықтарды мүмкіндігінше жайылымда жайып, қажетті жағдайда майда пішен, ұнтақталған шөппен сабан түйіршіктерімен, жеммен үстемелеп азықтандырады. Тірілей салмағы 50 – 60 кг саулықтара тәулігіне 2 – 3 кг ірі жемшөп, 1 – 2 кг шырынды азық жегізіп, буаздығының аяқ кезеңінде құнарлы жем мөлшерін 400 – 500 грамға дейін көбейтеді.

Дұрыс азықтандырылған буаз саулықтар тірілей салмағын жоғалтпай, қоңдылығын кемітпей мерзімінде қоздап, жақсы дамып жетілген ірі қозы туады да, жақсы желіндеп, қозысын уызбен сүтке жарытады. Меринос тұқымының саулықтары тәулігіне қоздағаннан кейінгі 1 – 2-ші айда 1-1,3 кг, 3-4 айда 0,8-1 кг сүт береді. Қазақы қой саулықтарының сүттілігі бұдан жоғары 1,3-1,5 кг болады.
Кесте 3

Қойлар саулығына күніне берілетін азық мөлшері




Көрсеткіштері

Етті – майлы

Бойдақ және алғашқы 12-13 апталық буаздылық кезеңінде

Соңғы 7-8 апталық буаздылығы кезеңінде

Салмағы,кг

50

60

70

50

60

70

Азық өлшемі

7

8

9

10

11

12

Алмасу энергиясы, мДж

1,1

1,2

1,3

1,4

1,5

1,6

Құрғақ зат,г

12,5

13,5

14,5

16

16,5

17,5

Сіңірімді белоктық зат,г

1,8

1,9

2,1

1,9

2

2,1

Кальций,г

90

100

110

130

140

150

Фосфор,г

5,5

6,4

7,3

8,7

9,8

10,5

Магний,г

3,1

3,7

4,1

4

4,7

5,1

Күкірт,г

0,5

0,6

0,7

1,4

1,5

1,8

Темір,мг

2,5

3

3,3

4,5

5,3

6

Мыс,мг

58

68

78

88

78

88

Мырыш,мг

12

14

16

18

16

18

Кобальт,мг

46

54

62

70

62

70

Марганец,мг

0,55

0,65

0,75

0,85

0,75

0,85

Йод,мг

69

81

93

106

93

106

Каротин,мг

11

13

15

20

23

26

Витамин Д,

мың х.о


600

700

800

850

1000

1150

Кестеде келтірілген нормалық көрсеткіштерден саулықың энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығының, әсіресе буаздығының соңғы апталарында күрт өсетінін көреміз. Соны ескеріп , саулық азығындағы қосымша жем мен пішен мөлшерін 15-30 % молайтады. Сонда жылдық мұқтаждығы 560-600 а.ө, 6300-6600 мДж АЭ , 58-60 кг қорытылатын протеин құрайтын салық басына 1500-1700 кг көкшөп , негізінен пішеннен тұратын 250-300 кг ірі жемшөп, 400-500 кг пішендеме жұмсалады. Арзан табиғи маусымдық жайылым отымен саулықтың азықтандыру мұқтаждығы неғұрлым толығырақ қамтамасыз етілсе, онда қымбат басқа азық шығыны азайтылады.

Саулық сүттілігіне көк және шырынды жемшөп жақсы әсер ететіндік тен тәулігіне 2 – 4кг сапалы сүрлем, 1-3 кг пішендеме, 1-2 кг тамыр жемістілер беруге болады. Саулық сүттілігіне байланысты жалқы қозы емізетіндеріне – 0,3 – 0,5 кг, егіз қозы емізетіндеріне 0,5 -0,7 кг жем береді. Буаз саулық азығымен салыстырғанда қозысын емізетін саулық азығында көмірсулар көлемі ұлғайтылады – «шикі» жасұнық көлемі 22-24 % - ға жеткізілсе, жеңіл қорытылатын қанттар мен крахмал көлемі 16-18% - дан 18 - 22% - ға жоғарлатылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет