Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы білімдерін толықтыру; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, сұрақ-жауап, индукция, дедукция, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек-сызба, ойын құралдары.
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Сызықша Сыздыққа шын сырын айтып, сырласыпты: - Менің атымды білгенмен сырымды жете білмейтіндерің де бар. Сырттай ғана біліп, іштей істес болмағандықтан, қойылатын орныма қоймай қор қыласыңдар. Менің тұратын орныма көзімді бақырайтып қойып, үтірді әкеп қоя салатынын қайтерсің? Бұған қайтіп ренжімессің?
– Балалар, Сызықшаны өкпелетпей, төмендегі сөйлемдердің тиісті жеріне қоя қойыңдар да, себебін түсіндіріңдер.
1. Құндыз ақылды жануар. 2. Тұқым өсімдіктің бір бөлігі. 3. Ақбөкен шөлге өте төзімді әрі жүйрік жануар. 4. Меруерт озат оқушы.
Достарыңызбен бөлісу: |