1.1 Бірінші кідіріс.
Ары қарай не болды деп ойлайсыңдар? Балалар не істеді? (Балалар Ақселеу мен Абыздың итпен кездесуінде не болғаны жөнінде әңгімелейді).
1.2 Мәтінді ары қарай жалғастырып оқу.
– Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!– деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Айбат шекті. Көршілер келіп, Ақселеуді айырып алды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды.
1.3 Оқушылардың жауабын мәтінмен салыстыру.
1.4 Екінші кідіріс
Абыз Ақселеудің әрекетін дұрысқа санай ма? Ол бұл тұрғыда Ақселеуге не деуі мүмкін? Ал Ақселеу ше?
1.5 Мәтінді оқу (жалғасы)
Абыз Ақселеудің жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің, – деді.
– Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым, – деді Ақселеу.
Екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп былай деді…
Достарыңызбен бөлісу: |