Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет10/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Апасы мен көкесі шай ішіп отыр екен. Әшейінде асты-үстіне түсетін апасы Үсенді көрмегендей ыңғай танытты. Тіпті шайға да шақырмады.

- Апа, маған шай құйыңызшы! Шөлдеп барамын! – деген Үсеннің сөзіне ешқандай жауап болмады. Не болғанын түсінбеген Үсен қолына ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын ұстап, далаға шықты. Достары тіптен назар аудармады. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бірақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Менің бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!»

Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді».

Дұрыс қойылған проблемалық сұрақ оқушылардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын дамытады. Өтіліп жатқан тақырып төңірегінде өзіндік ой-тұжырымын, қорытындысын шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, «Үсен неге көзге көрінбейтін бала боп қалғысы келмеді?» проблемалық сұрағына жауап сабақ мақсатын айқындай түсері сөзсіз. Әрине, оқушы тұжырымының дұрыс болуы мұғалімнің проблемалық сұрақты нақты қойып, оқушылардың әрекетін дұрыс басқара алуына байланысты болмақ.

Бұдан шығатын қорытынды мынау: дамыта оқытуды жүзеге асыруға әңгіме әдісінің жоғарыда сабақ құрылымына сәйкес қарастырылған дәстүрлі әңгіме (жаңа білімді қабылдауға дайындық жұмысында қолданылатын әңгіме, білімді бекіту мақсатымен қолданылатын әңгіме т.б.) деп аталатын түрлерімен салыстырғанда «проблемалық әңгіме», «ішінара іздену немесе эвристикалық әңгіме» сияқты түрлерінің кеңірек қолданыс табуын қажетсінеді. Демек, Қазақ тілі сабақтарында әңгіме әдісінің «проблемалық әңгіме», «эвристикалық әңгіме» деген тобына баса назар аударылғаны жөн демекпіз. Сонда пәндік білім, білік және дағдыны оқушылардың игеру үдерісі олардың өзіндік іс-әрекетінің басым болуына бағытталады, яғни әңгіме әдісі оқушы мен мұғалімнің көздеген мақсатқа жету жолындағы міндеттің оң шешілуіне және жоспарланған нәтиженің талапқа сай болуына қызмет етеді.

Осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, Қазақ тілі сабағында қолданылатын әңгіме әдісінің құрылымдық бөліктерін төмендегі суреттен көруге болады.


Әңгіме әдісі



Сабақ типіне (құрылымына) сәйкес қолданылуы



Жаңа білімді қабылдауға дайындық жұмысында қолданылатын әңгіме

Білімді бекіту мақсатымен қолданылатын әңгіме



– дәстүрлі әңгіме әдісі (сұрақ-жауап);

– дамыта оқытуды жүзеге асыруда қолданылатын әңгіме әдісінің түрлері:

а) проблемалық әңгіме; ә) эвристикалық әңгіме.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын әңгіме әдісі.



Сурет 2 – Қазақ тілі сабағында қолданылатын әңгіме әдісінің құрылымдық бөліктері

Сонымен, қазақ тілін дамыта оқытуды жүзеге асыруда тиімді және оңтайлы болатын оқытудың әдіс-тәсілдерін іріктей алуға және дәстүрлі әдістердің өзін тұлғаны қалыптастыру және дамыту қағидасына бейімдей түсуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Бұл тұрғыда бастауыш сынып мұғаліміне жүктелер жүк те аз емес. Өйткені, бастауыш сынып мұғалімі әңгіме әдісінің табиғатын, мән-мағынасын, қолданылу ерекшелігін бүгінгі күн талабына сәйкес өзгертіп отыру шеберлігіне ие болуы керек.

Қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына ендіру. Мұның өзі танымдық қырынан анықтау деңгейіндегі эвристикалық және ізденім-зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді[50].

Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің нысаны» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», қалыптасуы тиіс «әрекеттің жалпы моделін» құру, «нысанның жаңа қызметін көру», т.б.сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс-әрекетке қосатын, оқушыны «өз көзқарасының авторы», «құзырет иесі», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ашуда, қызығушылығын арттыруда, белсенділіктерін дамытуда интерактивті әдістерді қолдану өз нәтижесін беруде.

Интерактивті әдістер арқылы оқушылар сабақ үстінде еркіндікте болып, бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-бірін үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі (латынша interaction – интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер ету дегенді білдіреді[51]. Синтаксисті дамыта оқыту технологиясында қолданылатын интерактивті әдістер бастауыш сынып оқушыларының сабақта белсенді іс-әрекеттер жасап, оқу материалын өзара бірлесіп шешуіне мүмкіндік жасайды.

Интерактивті әдістер арқылы өтілетін синтаксис сабақтарында оқушылардың белсенділігін қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық тұрғыдан арттыру көзделеді.

Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз не? Алдымен осы сұрақтың жауабын іздеп көрелік. Ғалым Т.Сабыров «Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге, үйренуге, оқушының істейтін саналы әрекеті» [52] дей отырып, оқу үдерісіндегі оқушы белсенділігін сыртқы және ішкі белсенділік деп қарастырады.

Сыртқы белсенділікке оқушы әрекетінің сыртқы көріністері, яғни белсенді қимыл-қозғалыстарын, практикалық әрекеттерін, мұғалімге зейін қойып қарауын, мимикасын және т.б. жатқызады. Бұл біз қарастырып отырған оқушылардың қимыл белсенділігі туралы екендігінде сөз жоқ.

«Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының белсенділігі бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға негізделген белсенділік) және күрделі (шығармашылық белсенділік) түрлері болады. Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді». Демек, ғалым көрсетіп берген шығармашылық белсенділік – бұл әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділіктер деп топшылауымызға негіз болады.

Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, қазақ тілін дамыта оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктерін назарда ұстай отырып, оқушылардың қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:

1) Оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру жолдары: оқушының түсінбеген жерінен орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушының өз тобындағы нашар оқитын оқушыға үйретуі; оқушылардың өз топтарында тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп, ақылдасып отыруы; олардың тапсырманы орындап болғаннан кейін өзара тексерісуі.

2) Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары: олардың өзара оқушы-оқушы не мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім түрінде бір-біріне сұрақтар беруі; сабақта өзара пікірлесіп отыруы; қарсы топ оқушыларының қиын сұрақтарға жауап беру еркіндігінің болуы.

3) Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары: олардың қарсы топтың пікіріне өзіндік көзқарасын білдіруі; келіспеген жағдайда өзінің көзқарасын дәлелдеуі; өз тобындағы жолдастарының сөзіне қосылатындығы жөнінде өз пікірін білдіруі.

4) Оқушылардың қатысымдық белсенділігін арттыру жолдары: сабақ барысында оқушылардың бір-бірімен еркін тілдік қатынаста болуы; жауаптарын бірге жоспарлауы; сөйлейтін сөздерін нақты әрі қысқа жеткізуі; айтар ойларын әсерлі бере білуі; сөйлеушінің жаргон, диалект сөздерден таза болуы[53].

Интерактивті әдістер қолданылған синтаксис сабақтарында сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интерактивті әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

«Орнын тап» ойыны оқушылардың есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, қатысымдық белсенділіктерін арттыру мақсатын көздейді. Шарты: әр топқа 1 сөйлемнен жазылған қима қағаз таратылады. Олар сөйлемді оқып, естерінде сақтаулары қажет. Берілген сөйлемді басқа топтың балаларына көрсетуге болмайды. 1 минуттан кейін мұғалім қима қағаздарды оқып шығады. Әр топтан шыққан бір оқушы мұғалім оқыған жүйелілікпен әңгіме шығатындай етіп, өз сөйлемдерін айтып шығулары қажет:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет