Зерттеу әдістері. Зерттеу тақырыбына байланысты мемлекеттік құжаттарды зерделеу; философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; жинақтау, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, салыстыру, бақылау, сауалнама, әңгіме, талдау, қорыту, аналитикалық, сараптау әдістері қолданылды.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалдары жинақталды, қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту негізінде оқушы белсенділігін қалыптастырудың жағдайлары анықталды; зерттеудің ғылыми аппараты негізделді.
Екінші кезеңде зерттеу жұмысының негізгі қағидалары, жетекші идеялар дәйектелді; бастауыш сыныпта қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесі жасалды.
Үшінші кезеңде тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланып, тұжырымдар жасалды.