Зерттеу нысаны. Орта мектептерде қазіргі қазақ драматургиясын оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні. Қазіргі қазақ әдебиеттануындағы драма теориясының мәселелері және оны оқыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты:Диссертациялық жұмыстың мақсаты қазіргі қазақ драматургиясының көркемдік ерекшелігін, идеялық-тақырыптық ауасын анықтап, поэтикасын, стиль мәселесін көрсетіп, жаңашылдығын, дәстүр сабақтастығын саралау, жанрлық-поэтикалық үрдістерді ғылыми тұрғыдан зерделеу арқылы драмалық шығармалардағы авторлық таным, стильдік даралық және ортақ тақырыптық сипаттарды айқындау болып табылады. Сонымен бірге қазіргі қазақ драматургиясын оқытудың өзіндік ұстанымдарын айқындау болып табылады.