Зерттеу мақсаты Қазақтың ұлттық ертегілерін сипаттап, қалың оқырманға насихаттау. Міндеттер



бет3/5
Дата10.09.2023
өлшемі6,42 Mb.
#106847
1   2   3   4   5
ІІ. Практикалық бөлім
Мектеп кітапханашысымен сұхбат жүргізілді
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының қанша пайызы қазақша ертегілер оқитынын білу
Қазақ сыныптары: 100 %
Орыс сыныптары: 70%
Сауалнама өткізілді
Мақсаты: қазақ ертегілеріне деген көзқарастарын білу
Сауалнама
Қазақ ертегілері ұнай ма?
Ата-анаң/ата-әжең қазақ тілінде ертегі біле ме ?
Қазақша ертегілер білесің бе?
«Бауырсақ» ертегісін білесің бе ?
«Бауырсақ» ертегісін мазмұндай аласың ба?
Сауалнамаға 12 оқушы қатысты



Сыныптастарым мемлекет тарапынан қазақ ертегілерін насихаттау жұмысымен таныстырылды
Мақсаты: алған біліміммен сыныптастарыммен бөлісу

«АЛДАР-КӨСЕ» номиналы – 500 теңге. 2011 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы ою-өрнек аясында бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғары бөлігінде Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы бар. Сол жақ және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте есекке мінген жаһангер ертегі кейіпкерінің стильдендірілген суреті, қасында ілесіп жүрген иті бейнеленген (М.Әлиннің иллюстрациясының фрагменті). Монетаның сол жақ бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «Алдар-Көсе» деген жазу бар. Оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 gr.» деген жазу және соғылған жылын білдіретін «2011» деген сан жазылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.
Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындалу сапасы – «proof», таралымы – 4 мың дана.
«Бауырсақ» номиналы – 500 теңге. 2012 жылғы 28 сәуірде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортасында ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500» деген сан және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөліктерде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар.
Сырт жағында (реверсінде) монетаны бойлай ертегі кейіпкерлері бейнеленген, ортасында мемлекеттік тілде «БАУЫРСАҚ» және орыс тілінде «КОЛОБОК» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2012» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар.
Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proоf», таралымы – 4 мың дана.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет