Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Географиялық аудандастырудың басты мақсаты



бет6/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Географиялық аудандастырудың басты мақсаты - өзіндік белгілер жиынтығы бар аумақтық жүйелерді анықтап, кеністіктегі шегараларын белгілеу, сипаттау. Аудандастыру аумақта белгілі бір құбылыстың. белгінің бар-жоқтығына және олардың сандық көрсеткіштеріне сүйенеді. Географиялық кеңістік аудандастыруда зерттеу нысанына байланысты ареалдарға жіктеледі. Аудандастыруда ареалдардың екі негізгі тобы ажыратылады.
Біртекті ареал: аудандастырылатын нысан немесе құбылыс ареалдың барлық бөлігінде бірдей қасиеттерге ие және таралу жиілігі бірдей болады. Торапты ареал: аудандастырылатын нысан немесе құбылыс ареалдың орталық бөлігінде неғұрлым айқын көрінеді, шеттеріне қарай жиілігі төмендейді.
Жинақтамалы ауданды(В.Н. Холина бойынша) анықтау аудандастыру мақсатына сәйкес белгілерді тандап алудан басталады. Бұл тәсіл төменнен бастап аудандастыру деп аталады. Өйткені ол шағын аумақтарды неғұрлым ірі, күрделі аумақтық кешендерге біріктіру үшін қолданылады. Талдамалы аудан үлкен аумақты бөлу нәтижесінде анықталады. Сол себепті бұл тәсілді жоғарыдан бастап аудандастыру деп атайды.
Ірі аумақты неғұрлым шағын аудандарға бөлу үшін тақырыптық карталар талданады. Мысалы. Жер шары ауқымында аймақтарды ажыратуда немесе ірі аймақтарды жіктеу үшін қолданылады.
Физикалық географияда табиғи жүйелерді аудандастырудың екінегізгі әдісі қолданылады: жетекші фактор әдісі және беттестіру әдісі
Жетекші фактор әдісі ірі аймақтарды жіктеуде қолданылады.
Беттестіру әдісі арқылы ірі және кішігірім аудандастыру бірліктерін жіктеуге болады.
Аумақтың табиғат ерекшеліктерін белгілі бір фактор басым түрде айқындаған жағдайда жетекші фактор әдісі қолданылады. Ал табиғат ерекшеліктерін екі жетекші фактор калыптастырған жағдайда беттестіру әдісін пайдалану тиімді болады.
Аудандастыру әдістері арқылы әртүрлі деңгейдегі аумақтық бірліктер (таксондар) анықталады: аудан, провинция, облыс, аймақ және т.б. Экономикалық және әлеуметтік географияда аудандастырудың негізгі екі әдісі қолданылады: сапалық талдау және сандық тәсілдеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет