Жоғары дамыған елдердегі аумақтық құрылым
Мұнда өнеркәсіптің ең жаңа салалары, ғылым. мәдениет, қызмет көрсету саласы шоғырланады. Мысалы, Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар:
Қалалық агломерашиялардың ауыртпалығын азайту үшін серік қалалар. жаңа қалалар салынуда. Мысалы. Лондон маңында 8 серік қала салынған.
Ескі өнеркәсіпті аудандарXVIII-XIX ғасырлардағы өнеркәсіп революциялары кезінде қалыптасты, Оларда басты дамыған салалар көмір өнеркәсібі, қара металлургия, тоқыма өнеркәсібі мен кеме жасау болды. Ең ірі аудандар таскөмір алаптары базасында қалыптасты. Мұндай ауданның нақты мысалы Төменгі Рейн-Рур агломерациясы. Мұнда 100 шақты қала шоғырланған. олардың 20-сы ірі қалалар болып табылады. Ескі өнеркәсіпті аудандар қатарына Батыс Мидленд. Ланкашир, Поркшир, Оңтүстік Уэльс (Ұлыбритания), Солтүстік аудан, Эльзас пен Лотарингияны (Франция) жатқызуға болады.
Бұл аудандар экономикалық құлдыраудан «дағдарысты аудандар» деп аталатын болды. Құрылымдық дағдарыс Батыс Еуропаның көптеген таскөмір және темір кені алаптарында, байырғы тоқыма аудандарында жүрді.
Артта қалған аграрлық аудандарда баскаша жағдай қалыптасты. Оларға инвестициялардың жетіспеуі, жұмыссыздықтың жоғары деңгейде болуы тән, осының нәтижесінде тұрғын халықтың қартаюы және басқа жаққа көшуі байкалады. Артта қалған аграрлық ауданға Оңтүстік Италия мысал бола алады, ол дамуы жағынан өнеркәсіптік Солтүстіктен көп қалып қойған. Францияда мұндай аудандар қатарына Орталық массив. Аквитания, Солтүстік-Батыс, Корсика, Ұлыбританияда Солтүстік Шотландия жатады.
Қазіргі кезде оларға қатысты арнайы жасалған аумақтық саясат қолданылуда. Мысалы, Италияның оңтүстігіндегі Таранто қаласында ірі металлургиялық комбинат салынған. Өсу полюстері Франция, Испания және басқа елдердегі аграрлық аудандарда жасала бастады.