Зерттеу практикасы І


Зерттеу практикасы І мазмұны



бет5/11
Дата05.12.2022
өлшемі41,18 Kb.
#54988
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеу практикасы І мазмұны



  1. Білім алушылардың жеке тапсырмаларын орындау мерзімдері мен мазмұны, зерттеу практикасы І ұзақтығы мен негізгі бағыты

(мамандығы бойынша күндізгі, қашықтан және т.б. оқу түрлері бойынша
зерттеу практикасы І ерекшелігі)

Білім алушылардың зерттеу практикасы І зерттеу деректерін көрсету мен


эксперименталды мәліметтерді өңдеудің, баяндаудың қазіргі ғылыми зерттеу
әдістері және отандық, шетелдік ғылымның жаңа теориялық, методикалық
және технологиялық жетістіктерімен таныстыру мақсатында жүргізіледі.
Білім алушы зерттеу практикасы І кезінде және магистрлік диссертацияны жазу барысында жоғары оқу орнында алған теориялық және практикалық білімін, біліктілігін, дағдыларын, коммуникативті, ақпараттық және кәсіби құзреттілігін қолдану арқылы жүзіге асырады.
Магистр дайындауда негізгі білім беру бағдарламасын меңгерген
білім алушы 1 курс, 2 семестрде, көлемі 2 кредиттік (60 сағат) зерттеу практикасы І өтеді. Зерттеу практикасы І ұзақтығы 2 апта.
Зерттеу практикасы І жұмысын жүргізу-диссертация орындау
орны бойынша жүзеге асырылады. Зерттеу практикасы І білім беруде, ғылыми үрдісті зерттеу саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырудың мәні мен мазмұнын меңгеруге бағытталған.
Зерттеу практикасы І таныстыру болашақ мамандарға, зерттеуші қызметіне білім алушыларды дайындаудың маңызды кезеңі болып табылады. Зерттеу практикасы І білім алушыға болашақ қызмет аясының ғылыми жұмысты жазудың мазмұнымен және міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді, университетте алған теориялық және практикалық курстардағы білім мен білікті, дағдыларды тереңдетуге және бекітуге үйретеді, жағдай жасайды. Зерттеу жұмысының теориясы мен әдістемесін байланыстырады.
Зерттеу практикасы І өтер алдында білім алушы бағдарламанны мұқият оқып, білуі керек, сонымен қатар тәжірибе жетекшінің берілген арнайы тәжірибелік нұсқауларын орындауға дайын болуы керек. Зерттеу практиксының негізі бойынша білім алушы - практикант пен практика жетекшісі екеуінің нақты ғылыми зерттеу тәжірибеге арналған жоспары құрулуы керек.
Білім алушы зерттеу практикасы І өтетін мекеменің міндеттерімен және бағдарламаларымен танысуы, зерттеу практикасы ІІбарысында атқарылатын жеке жұмыс жоспарын ғылыми жетекшімен құрастыру керек. Ғылыми зерттеу жұмысына байланысты әр білім алушы өзінің жетекшісімен тығыз байланыста болып, кеңес алып және магистрлік диссертациясының құрылымын, мазмұнын, рәсімдеуін тексертіп тұруы қажет.
Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген зерттеу практикасы І нәтижесінде білім алушы мекеменің қоғамдық өміріне белсене араласуды; ЖОО-да алған теориялық білімі мен практикалық іскерліктерін қолдануды; ғылыми жұмыс жазуда ең тиімді әдіс-тәсілдерді және технологияларды таңдауды; филологиялық және педагогикалық зерттеудің негізгі әдістерімен: әдебиетпен жұмыс жасау, сауалнама, бақылау, интервью және т.б. зерттеуді ұйымдастыру кезеңдерін; филологиялық және педагогикалық салалары бойынша ғылыми зерттеулердің басты аспектілерін игеріп шығады.
Зерттеу практикасы І барысында білім алушылар:
Білу керек: ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізгі әдістерін; магистрлік диссертация құрылымын, мазмұнын, дайындау, рәсімдеу және қорғау кезендерін.
Орындауы тиіс: ғылыми зерттеу жұмысының сатылары және ғылыми зерттеудің бағыттарын толықтырып, қосымша мәліметтер қосып, жүйелеп, талапқа сай рәсімдеп, қорытынды жасау; алынған нәтижелердің шынайылығына талдау жасау; магистрлік диссертацияға байланысты жөндеу, рәсімдеу жұмыстарын атқарып, әдебиет тізімін және ссылкаларды жүйелеп, диссертацияны аяқтау; магистрлік диссертацияны жетекшімен бірге талқылап, тексертіп, кіріспе бөлімін аяқтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет