Келісілді:
1. Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі
2. Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледжі
3. Түркістан мамандырылған мектеп-интернаты
КІРІСПЕ
Білім алушының ғылыми зерттеу жұмыспен айналасуына, кәсіби және креативті белсенділікті, білім құмарлықты, сын тұрғысынан ойлауды, коммуникативті, ақпараттық және тілдік кұзыреттіліктерді дамытуға, тәжірибелік іс-әрекетпен тығыз шұғылдануына мүмкіндік береді, сонымен қатар ғылыми конференцияларға қатысуға, ғылыми басылымдарда мақалалар жариялауда, магистрлік диссертацияны талапқа сай рәсімдеп, дайындауға маңызы зор.
Білім алушының зерттеу практикасы І отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксперименттік деректерді өңдеу мен интерпретациялаудың қазіргі заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстыру, магистрлік диссертацияны жазу, дайындау және рәсімдеу ережесіне сай келу мақсатында жүргізіледі.
Магистранттардың зерттеу практикасы ғылыми деректерді жинау, талдау және жалпы қортынды жасау, магистрлік диссертация үшін бірегей ғылыми ұсыныстар мен идеяларды ойлап шығару; өз алдына ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе білу тәжірбиесіне ие болу, зерттеу ұжымының ғылыми-зерттеу жұмысында практикалық түрде қатысу. Модуль Халықаралық қатынастар бағытында заманауи теориялық, методикалық және технологиялық жетістіктерге сүйенеді.
Зерттеу практикасы І мақсаты:
ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау барысында туындайтын міндеттерді тұжырымдау және шешу;
нақты зерттеу міндеттері негізінде (магистрлік диссертация тақырыбы бойынша немесе магистрлік бағдарлама шеңберінде ғылыми жетекшінің тапсырмаларын орындау негізінде), зерттеудің қажетті әдістерін модификациялау, педагогикалық тәжірибе барысында жүргізген эксперименттік жұмысты жүйелеп, диссертацияға қосуға;
магистрлік диссертацияны қорытындалап, рәсімдеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға;
нақты ғылыми проблеманың даму тарихын, оның рөлін және зерттелетін ғылыми бағыттағы орнын білуге;
білім алушының зерттейтін ғылыми проблемасы бойынша нақты өзіндік көз қарасын, пікірін, ойының, білімінің болуына;
магистерлік бағдарламамен (магистерлік диссертациямен) байланысты, қандай болсын бір салада ғылыми зерттеулер, эксперименттік жұмыстарды жүйілеп, талдауға;
интернеттің нақты ресурстарымен және нақты бағдарламалық өнімдерімен және т.б. жұмыс жасай білуге, теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге, кұзыреттерді дамытуға;
магистрлік диссертацияны рәсімдеу жұмыстарын атқаруға, пайдаланылған әдебиеттер тізімін және әдебиеттер тізіміне сілтемелерді жүйелеуге, сонымен қатар диссертациялық жұмысты талапқа сай дайындауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |