4. Білім алушылардың зерттеу практикасы І есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы
Мысалы төмендегілер ұсынылады.
Білім алушылар келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті:
Жолдама (1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі)
Зерттеу практикасы І жұмыс жоспар-кестесі (2-қосымша)
Зерттеу практикасы І өтуі туралы күнделік-есеп (3-қосымша)
Зерттеу практикасы І өту кезінде орындалған қызметтің сипатамасынан, алынған білімдер дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс бойынша есеп.
Зерттеу практикасы І бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:
1. Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практикасы І өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады.
2. Басты бөлім құрауға тиісті:
2.1 Зерттеу практикасы І өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;
2.2 Зерттеу практикасы І өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы;
2.3 Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;
2.4 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің түрлері, жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы;
2.5 Кесте, мәтін және т.б. түрінде баяндалған зерттеу нәтижелерінің мінездемесі;
3. Қорытынды жасау керек:
3.1 Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау;
3.2 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің деңгейін бағалау;
3.3 Ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізу және практика өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар;
3.4 Білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысында және шығарушы квалификациялық жұмыста ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін қолдану мүмкіндігін бағалау;
4. Библиографиялық тізім.
5. Есептің қосымшалары: білім алушы зерттеу практикасы І кезінде өз бетімен құрастырған және рәсімделуіне қатысқан құжаттардың үлгілері, сонымен қатар зерттеу практикасы І өту кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін қамтитын құжаттары (мысалы зерттеу практикасы І кезінде жинаған мәліметтері бойынша дайындалған баяндамалар мен мақалалар мәтіндері).
6. Зерттеу практикасы І өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды.
7. Зерттеу практикасы І бойынша бағалау.
Барлық тіркелген мәліметтер жинақы тігілу керек.
Қойылған сұрақтардың санына байланысты есептің басты бөлігі жоғарыдағыдай бөлімдерге бөлінеді. Әрбір бөлімді жаңа беттен бастау керек. Қажеттілік кезінде бөлімдер бөлімшелер мен тармақшаларға бөлінеді.
Кәсіпорында қолданыстағы есеп құжаттар бланкісі, тіркелім, ережелер, нұсқаулар, есептілік түрлері және қосалқы мәліметтерді мәтін бойынша сілтеменің пайда болу тәртібіне сәйкес қосымшаларға орналастыру қажет.
Есеп А4 үлгісіндегі ақ қағаз бетінде беттің бір жағында баспалық тәсілмен – қаріп айқын болу керек, жолдар арасындағы арақашықтық 1-1,5 интервалынан кем емес (Times New Roman – 14 пт.).
Қағазда мәтінді орналастыру кезінде шеттерді сақтау: сол 3 см, оң – 1,5 см кем емес, жоғарғы және төмен – 2 см тең.
Абзац тақырыбын мәтіннің бас әрпіне симметриялы басады. Бөлімшелер тақырыбын бірінші бас әріптен басқа абзацтың кіші әріптерінен бастап басады. Тақырыпта сөз тасымалы қолданылмайды. Тақырып соңында нүкте қоймайды. Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оларды нүктемен ажыратады.
Тақырып пен мәтін арасындағы арақашықтық 1-2 интервалында болу керек. Тақырыптың астын сызбайды.
Егер есептегі сұрақтар толық ашылмаса, есеп жетекші тексеруінен кейін білім алушыға толықтыруға беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |