Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мойынқұм ауылындағы «Экологиялық орталық» қосымша білім беру мекемесі екі бағытта «Бөлме өсімдіктері» және «Туризм және экология» бағытында жұмыс атқарады. Мектеп 2019-2020 оқу жылы басталғаннан кейін аудан басшыларының ықпалымен жаңа ғимаратқа көшті. Жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін мекеменің алға қойған мақсаттарының бірі «Өсімдіктер әлемі» бағыты бойынша жылыжай салу болды. Мақсатымыз оқушыларды жылыжай құрылымы мен пайдалы жақтарын айтып түсіндіру, еңбекқорлыққа және үй жағдайында жылыжаймен айналысуға тәрбиелеу.
Сонымен ғимарат ішіндегі шаршы метр мәжіліс залына жылыжайды соғуды бастады.
оқушыларымызды құнарлы және табиғи өніммен қамтамасыз ету үшін біздің мектебімізге шағын жылыжай қажет. Сонымен қатар оқушылар жылыжайда биология сабағынан практикалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізе алады. Қазіргі заманда дүкен сөрелерінде сыңсып тұрған тағамдардың қайсысы құнарлы, қайсысы ағзамыз үшін пайдалы екенін де білмейміз. Біз дүкендерге қандай азық-түліктер әкелінетінін де білмейміз. Жылыжайда оқушылар өз қолдарымен, көздерімен көріп экологиялық тап - таза, дәрумендерге бай көкөністерді өсіре алады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты:мектеп оқушыларын жыл бойы дәруменге мол, құнарлы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Міндеттері: - Біздің ауылымызда өсірілетін көкөністермен танысу;
- Жылыжайда біздің климаттық жағдайларда өсетін көкөністердің ерекшеліктерін зерттеу;
-Ауыл халқын көшеттермен және ауылшаруашылығы өнімдерімен қамту.
- Жылыжайдың құрылымдарымен танысу;
- Эксперименттік жұмыс үшін жағдай жасау;
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жылыжай арқылы оқушылар өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтеді.
Жылыжайда биология сабағынан « өсімдіктер » бөлімі бойынша практикалық жұмыстар жүргізеді.
Оқушылар жылыжайда көкіністер өсіруді , оларды күтіп баптауды үйренеді.
Жылыжай мектеп оқушыларын және ауыл халқын да экологиялық таза көкіністермен қамтамасыз етеді.
Өнімдерді сатудан түскен пайдаға үздік оқушыларды мадақтауға, түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың жеңімпаздарын ақшалай көмектесуге мүмкіндік туады.Қалған қаражаттың бөлігі мектепте ұйымдастырылатын мерекелер мен іс- шараларға жұмсаймыз.