Зерттеу тақырыбының мақсаты: мектеп оқушыларын жыл бойы дәруменге мол, құнарлы өніммен қамтамасыз етуге жағдай жасау. Міндеттері



бет4/5
Дата08.06.2022
өлшемі36,15 Kb.
#36571
1   2   3   4   5
Байланысты:
жылыжай мақала

Жобаның жүзеге асыру кезеңдері

  1. Дайындық кезең - теориялық білімдер.

Ең алдымен жылыжай салу үшін, мол мәлімет, көп білім қажет. Мен ол үшін көп іздендім интернет желісінен видеороликтер қарадым , жылыжай құрылысы туралы кітаптар оқыдым.Біздің ауылда жылыжай шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жоқ. Біз бизнес- жобамыз арқылы ең алдымен көкіністік өсімдіктерді өсіруді қолға алмақпыз, бірте-бірте жеміс- жидектер мен гүлдер өсіруді қолға аламыз.Негізінен жылыжайларда қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, салат, редис және аскөк, шпинат, қырыққабат, ақжелкен өсіруді қолға алмақпыз.
2. Көкөністерді өсіру ерекшеліктері.
Қияр тұқымдарын 20 сәуірде себіледі және 20-22 күннен соң (10-12 мамыр), көшетті жылыжайға яғни тұрақты орынға отырғызады.Көшет тұқымдарын стақанға, пакеттерге немесе құмыра ыдыстарға 8X8 или 10Х10 см өлшемде егеді. Көшетті 22—25 күннен артық өсірмейді.
Топыраққа қызанақ тұқымын себер алдында, калий перманганатының жылы ерітіндісінде (0,5ст суға 1 г марганцовка ) 15-20 минут малып аласыз. тұқым . Ерітіндіге жібіткен соң оларда тамыршалар пайда болғанша күтесіз. Көшетті + 22 + 25 ° С температурада, шағын қорапта өсірген дұрыс.
Болгар бұрышын 2 тұқымнан құмыраларға өсірген тиімді немесе + 21 + 24 ° С температурада диаметрі 8 см көшетке арналған жәшіктерге отырғызған жөн. Егер қажет болса, өсімдіктерді диаметрі 23 см, диаметрі немесе 2-3 тен көшетке арналған қалталарда өсірген дұрыс.
Редис - біржылдық өсімдік. Жарық сүйгіш өсімдік, көлеңкеде яғни күн дұрыс түспесе түйнектері кішкентай болады. Шалғам өскіндері -3 C, ал ересек өсімдіктер минус 5 ° С салқынға төзімді. Өскіндердің өсуі үшін оңтайлы температура + 18 + 20 ° С .
Жылыжай құрылысын бастау.
Көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы бойынша сөрелі , сөресіз/топырақпен/ және гидропондық жылыжайларды ажыратады.Жылыжай қаңқасын тұрғызу үшін болаттан , мырышталған және алюминий профильдер және желімделетін ағаш элементтерін пайдаланады.
Сыртынан жабылған мөлдір жабынына қарап әйнектелген жылыжай және қатты полимер материалмен жабылған жылыжай болып бөлінеді.
Жылыжайда жылу мен энергия үнемдеу үшін, 5-25 мм ауа қабаттары бар арнайы екі қабатты қатты полимерлік материал пайдаланылады.
Сонымен қатар жылыжайды бір немесе екі беткейлері тең цилиндрлік және гиперболалық жоталы, ангарлық және блоктық деп те бөлуге болады. Жылыжайға арналған орын оның солтүстік жағынан ,жоғарыдан шамамен 2м қорғалған болу керек. Жылыжай ұзына бойымен әрдайым күн сәулесінен ауысуын ескеріп, батыстан шығысқа қарай орналастырылады.Жылыжайда өсімдіктер мол өнім беруі жарықтың түсуіне байланысты. Күн сәулесінің жетіспеушілігі жылыжайда қияр, қызанақ, бұрыш сияқты жарық сүйгіш көкөністер өсіру мүмкін болмайды.
Қысқы жылыжайды шығыстан батысқа қарай,ал көктемгі жылыжайды солтүстіктен оңтүстікке бағыттау жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет