«зерттеудің биоиндикациялық Әдістері»



бет9/37
Дата09.09.2022
өлшемі189 Kb.
#38777
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:




  1. Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;


  2. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;


  3. Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;


  4. Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.

Ауа қабатында элементтер - газ немесе жеке элемент түрінде кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін таралуын немесе су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. 
Геохимиялық процестер - көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. 
Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал 
Жер қыртысында  минерал, молекула, атом, ерітінді, бу түрінде кездеседі. 
Табиғаттың ластануы - дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.
Ластандырушы заттарға - тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. 
Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. 
Ластану түрлері - әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: 
• шығу тегі бойынша: 
табиғи және жасанды (антропогенді); 
• пайда болу көзіне байланысты: 
а) өндірістік, 
ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; 
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); 
• әсер ететін ауқымына байланысты: 
ғаламдық, аймақтық, жергілікті; 
• қоршаған ортаның элеметтері бойынша: 
атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.); 
• әсер ететін жеріне байланысты: 
химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б); 
• әсер етудің периодтылығына байланысты: 
бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері); 
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: 
өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон). 
Ферменттер
 - тірі организм клеткалары жасап шығаратын барлық химиялық реакциялардың жүрісін тездететін биологиялық катализаторлар.
Жаңа классификация бойынша бізге белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді.
1. Оксидоредуктаза — тотығу-тотықсыздану ферменттері.
2. Трансфераза — атомдардың түрліше топтарының тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер.
3. Гидролаза — заттардың түрліше топтарының гидролизіне қа-тысатын ферменттер.
4. Лиаза — еселенген байланыс түзе және оны бұза отырып, атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын ка-тализдейтін ферменттер.
5. Изомераза — изомеризация реакциясын катализдейтін ферменттер.
6. Лигаза (синтетаза) — АТР энергиясының есебінен жай заттардан күрделі органикалық заттар түзу реакциясын катализдейтін ферменттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет