Зерттеудің негізгі нысаны


Сатиралық шығармалардағы көркемдегіш құралдар



бет21/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

7. Сатиралық шығармалардағы көркемдегіш құралдар
Зерттеушілер тілдің көркемдегіш құралдарына троптарды (метафора, метонимия, синекдоха, антономазия, теңеу, перифраза, гипербола, литота, аллегория) және түрлі стилистикалық фигураларды жатқызады (градация, анафора, эпифора, инверсия, эллипсис, парцелляция, риторикалық сұрау, қаратпа, асиндетон, полисиндетон).
Троптар – сөйлеуде сөздің ауыспалы мағынада қолданылуы, троп екі ұғымды салыстыру нәтижесінде байқалатын ұқсастықтар негізінде пайда болады, яғни сөз семантикасында қажетті мән болады.
Стилистикалық фигуралардың бойында ондай мән болмайды, олар суреттеліп отырған оқиға, болмыс туралы, ой, көзқарасты сыртқы форма арқылы береді.
Аталған көркемдегіш құралдар Ш.Смаханұлы мен С.Адамбековтің шағын прозасында өте жиі кездеседі. Мәселен, С.Адамбековтің шығармаларында көркемдегіш құралдардың мынадай топтары кездеседі: метафоралар - өтірікті көз жұмып айт, тесік жамбас, дүниеге аттанып кеткен, олай-бұлай болып кету, жан рахаты, дәрі ішу, арманының теңізі, бетіне секпіл түсті, жігітті мүйіздеп алды, тамағы тесік. Бұлар арасында көбіне халық тілінде жиі қолданылатын метафоралар басым екені байқалады.
Теңеулер: тұздамаған балықтай, иненің жасуындай қырағылық, халықтың кірпігі найзадай қадалды, қалдығы сияқты адамдар, аққудай жүзіп, бүркіттей тояттап, бүйідей тиген.
Инверсиялар: сынаптай сусып, бөденедей жорғалап. Зейнепке кіжінеді кеп, кіжінеді кеп.
Перифраздар: «түнгі сапар», «қыз дастаны», үйдегі басшылық, сыбағасын алу, тиме нербіме, он бес саусақ, үш білек.
Метонимиялар: Ертеңіне-ақ Көксеңгірде – Сәрсембінің, Сеңгірбайда - Өтебайдың үйіне қарай қаздаңдаған аяқтар, есіктен ене сүйреңдеген тіл, шиқылдаған күлкі боп, оңашада әркімді бір шағып жатты; қойны-қонышы сөгіске толу; осы кезде талай түйілген жұдырық, шығарылған тіл, шақырайған көз, тыпырлаған аяқ қыз көшінің соңына ере алмай, қала берді; талай көздер бақырайып ашылып, талай көздер сығырайып жұмылып кетті. Кейбір тістер шықырлап, кей жұдырық тас жұмылып қалды.
Эпитеттер: арқан аяғында ұштарын ойнатып, ала көз, қара көзденіп тұрған ала - құла түрлі түсті тарғыл қонақтарын нұсқады, сырғымалы-жылжымалы күй.
Градациялар: Бұл дүниенің әңгімесінен аулақтап, даладан желмен бірге сөз кірмесін деп, егер өле кетсем бас шайқамай, тіл тістемей көз жұмайын деп, Кәрекең бұғаттан – саңылау, әйнектен тесік, есіктен – жарық қоймай, тегіс бітетсе де, күніне бір әңгіме жетіп келеді; ашудың қысқаны сонша, ескі безгегім ұстағандай, тісім-тісіме тимей, қалшылдап кеттім.
Гиперболалар: Үй ішінде тірі адамның демі жоқ, тымтырыс; ...бүкіл үш бөлме Жандостың құшағына еніп кеткендей болды, тақтайлары қаусаған есікті лақтырып тастап, табалдырық аттағанда көзге түртсе көргісіз үй іші дүлей қараңғы еді; Бұрынғы бұрынғы ма, машинаға отырған қарт селодан былай шыққан соң бар әулиелердің атын тізіммен шақырып, келіншекті соларға жеке-жеке тапсырып, таусылмас бақ-дәулет, үзілмес өмір тілеп болған соң..; кемедей биенің орнына тышқандай тай.
Кейіптеулер: бір топ кілті қуанышына үн қосқандай қозғалған сайын сылдыр-сылдыр етеді, кеңірдектің кеңесі, мейірімді акті.
Ш.Смаханұлының шығармаларында мынадай көркемдегіш құралдар кездеседі:
метонимия: қасымдағы қызыл тұмсыққа қарап, екі аяқ екі қол, ауыз-бен екеуінде бір тыным болсайшы;
метафора, перифраз: құлақты есікке жапсыру, машинамыздың жанар майы, оқалақ;
эпитет: бөшке ішіндегі арадай гүжілдеген жұрт, тікбақай әйел, ағылған-төгілген жолаушы, түйетабан бәтеңке, аузы жүйрік әйел, соқыр тиын, түйеден түскендей дөкір сөзі, шайпау кемпір, шаңытпа келін;
теңеу: табадағы күлшедей денелері қып-қызыл, ербекей құмырсқаның аяғындай жазу, ажары аймен таласқан періште сынды келін, томардай емес, жіптіктей;
парцеллят мүше: Аяңдап аялдамаға келдік. Айтқазы қу тұр екен. Кәдімгі шұнақ құлақ Айтқазы; Тым күзірлі, ақшалы, Жарты айлық еңбек ақысы;
метафора: жігіт-жидігір, қабақ қарын шойқара, құдайдан қорықпағыр, ішкен-жегені олжа, бірақ елу сом мұның мойнында қыл арқан сияқты тұр оралып, қойынжар мен ойынжар, қойын жазу – ойын жазу, ойын дәптер - сойыл дәптер, анау-мынау, Алтай мен Балтай, зәһары бетіне шығып тұр;
инверсия: уысымды толтырып жібереді-ау дәріге, Маңдайдан аққан тер моншақ-моншақ.
Ш.Смаханұлы мен С.Адамбековтің әңгімелерінен келтірілген бұл троптар мен стилистикалық фигуралардың әрқайсысының эмоционалды-экспрессивтілігі сөзсіз, өйткені жазушылар сөз семантикасын, дыбыстық үйлесімді, сыртқы ұйқасты өз мақсаттарына мейлінше уәжді қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет