Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері


I және ІІ текті фазалық ауысулар



бет36/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Зерттеуді статистикалы ж не термодинамикалы дістері (1)

I және ІІ текті фазалық ауысулар


Фаза деп заттың мүмкін болатын басқа тепе-теңдік күйлерінен физикалық қасиеттерімен ерекшеленетін термодинамикалық тепе-теңдік күйін айтады. Егер, мысалы, жабық ыдыста су бар болса, бұл жүйе екі фазалы болады: сұйық фаза — су; газ тәрізді фаза — ауа мен су буының қоспасы. Егер суға мұз кесектерін салса, бұл жүйе үш фазалы болады, мұнда мұз қатты фаза болып табылады. «Фаза» түсінігі, заттың агрегаттық күйі ретінде жиі қолданылады, бірақ, оның «агрегаттық күй» түсінігіне қарағанда кеңірек екендігін ескеру қажет. Зат, бір агрегаттық күйдің төңірегінде, қасиеттері, құрылымы мен құрылысы бойынша ерекшеленетін бірнеше фазада болуы мүмкін (мысалы, мұз бес әр түрлі фазада кездеседі). Заттың бір фазадан басқа фазаға ауысуын — фазалық ауысу деп атаймыз, ол үнемі заттың қасиеттерінің сапалық өзгеруімен байланысты. Фазалық ауысуларға, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі, немесе заттың құрамының, құрылымының өзгерісіне (мысалы, кристалл заттың бір модификациядан екіншісіне өтуі) байланысты ауысулары мысал бола алады.
Екі текті фазалық ауысулар болады. І текті фазалық ауысу (мысалы, балқу, кристалдану және т.б.) фазалық ауысу жылуы деп аталатын жылудың бөлінуімен немесе жұтылуымен қатар жүреді. І текті фазалық ауысулар көлем мен энтропияның өзгеруі, температураның тұрақты болуымен сипатталады. Бұны былй түсіндіруге болады. Мысалы, балқу кезінде, денеге, кристалдық тордың бұзылуы үшін, белгілі бір жылу мөлшерін беру керек. Балқу кезінде берілетін жылу дененің қызуына емес, атомдар арасындағы байланысты үзуге кетеді, сондықтан, балқу тұрақты температурада жүреді. Егер ауысу кері бағытта жүретін болса (кристалдану), онда жүйе жылу бөліп шығарады.
Көлемнің өзгеруіне және жылудың бөліну немесе жұтылуына байланыссыз фазалық ауысулар ІІ текті фазалық ауысулар деп аталады. Бұл ауысулар көлем мен энтропияның тұрақты, бірақ жылу өткізгіштіктің секірмелі өзгеруі арқылы сипатталады. ІІ текті фазалық ауысулардың жалпы тұжырымдамасын академик Л. Д. Ландау (1908—1968) ұсынған. Осы тұжырымдамаға сәйкес, ІІ текті фазалық ауысулар симметрия өзгерісіне байланысты: жүйенің ауысу нүктесі жоғарылаған сайын, оның симметриясы жоғары болады. ІІ текті фазалық ауысуларға мысал бола алады: белгілі температура мен қысымда ферромагниттік заттардың парамагниттік күйге ауысуы (темір, никель); электрлік кедергісі нолге дейін азаюы арқылы сипатталатын, 0 К температураға жақын температурада металдар мен кейбір балқытпалардың аса өткізгіштік күйге өтуі; Т=2,9 К болған кезде сұйық гелийдің (гелий І), аса аққыш қасиетке ие болатын басқа сұйық модификацияға өтуі (гелий II).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет