Зерттеуші Исследователь – The Researcher



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата24.03.2017
өлшемі43,02 Mb.
#10350
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
  және    тегтері  арасындағылардың  барлығы  HTML 
тілінің  парағы  болып  есептеледі.  Әрбір  парақ  жеке  файл  түрінде  сақталу  керек. 
Парақ  екі  бөліктен  тұрады  –  тақырыбы  және  денесі.  Тақырыбы  парақты  толық 
көркемдейді. 
HTML тіліндегі тегтер 
 
Сыңарлы тегтер                                                      Сыңарсыз тегтер 
Сыңарлы  тегтер  дегеніміз,  бір  тег  ашылса,  екінші  тег  оны  жабады.  Мысалы, 
 тегтің жұмысын ашады да,  тегі оны жабады.  ашылуы,  
жабылуы.  Сыңарсыз  тегтер  дегеніміз,  тег  ашылады,  бірақ  жабылмай  қолданыла 
береді. Мысалы, 
 < НR > т.с.с. [1, 27-б.]. 
Қорытынды. 
Интернеттің 
бар 
мәліметтерінің, 
яғни 
барлық 
Web-
парақтарының  бір  ортақ  қасиеті  –  олардың  барлығы  да  HTML  тілінде  жазылған. 
HTML  тілінде  Web-парақтарын  жасау  бағдарламалауға  ұқсас  болғанымен,  ол 
қарапайым  программалау  тілі  емес.  HTML  –  гипермәтінді  белгілеу  тілі.  Ол  кәдімгі 
мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған жиынын анықтайды [2, 26-б.]. 
 
Әдебиеттер 
1 HTML негіздері. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана, 2012. – 3 б. 
2  Ермеков  Н.Т.,  Ғалымжанова  М.А.,  Ноғайбаланова  С.Ж.  Информатика.  – 
Алматы: Жазушы, 2007. – 100 б. 
3 Информатика негіздері. – №2. – 2011. – 10 б. 
4  Халықты  компьютерлік  сауаттылыққа  оқыту  жөніндегі  оқу-әдістемелік 
құрал. – Алматы, 2007. – 250 б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
134
ІЗБАСАР Данира, ЫСҚАҚ Ғалия, 
Т. Жүргенов атындағы №123 орта мектебінің 
3 «А» сынып оқушылары, Жалағаш кенті, Жалағаш ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЕСАХАНОВА Мейрамкүл Темірбекқызы, 
Т. Жүргенов атындағы №123 орта мектебінің мұғалімі, Жалағаш кенті, 
Жалағаш ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
ҮЙ ҚОЯНЫН ӨСІРУ ЖӘНЕ КҮТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Бұл зерттеу жұмысында Қазақстанда мекендейтін қоян түрлері және үй қоянын 
күтіп-баптау  жөнінде  мәліметтер  берілген.  Қояндар  –  сүтқоректілердің  бір 
тұқымдасы.  Бұлардың  ішінде  тез  жүгіруге,  ін  қазуға,  жүзуге,  ағашқа  өрмелеуге 
бейімделген түрлері кездеседі. Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі. 
Бұл ғылыми жұмыста елімізде кездесетін ор қоян, ақ қоян және Сыр бойында 
кездесетін  құм  қоян  жөнінде  мәліметтер  берілді.  Сонымен  қатар  үй  қоянын  өсіру 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
135 
және  оны  күту  ерекшеліктеріне  де  тоқталдық.  Өзіміздің  қолымыз  жететін  жердегі 
әдебиеттерді  пайдаланып,  көздерімізбен  көргендерімізді  жазып  шықтық.  Үй 
қояндарын күнделікті көріп, бақыладық. Көжектердің өсіп жетілуі, жемдеу, олардың 
ұяда өсіп жетілуі, көбеюі, әр түрлі жемнің әсері жайында зерттедік. 
 
Тақырыптың  өзектілігі.  Біз  осы  тақырыпты  таңдауымыздың  себебі: 
күнделікті  үйімізде  көріп  жүрген  үй  қояндарын  өсіру  және  күту  ерекшеліктерімен 
танысу.  Қояндарды  зерттеп,  күнделікті  бақылау  арқылы  біз  олардың  өзіндік 
ерекшеліктерін, тіршілік ету барысы туралы көп мәліметтер жинадық. 
Қояндар  –  сүтқоректілердің  бір  тұқымдасы,  8  туысқа  бөлінетін  50  түрі  бар. 
Бұлардың  ішінде  тез  жүгіруге,  ін  қазуға,  жүзуге,  ағашқа  өрмелеуге  бейімделген 
түрлері  кездеседі.  Қоянның  кейбір  түрлері  жайылымға,  жеміс  бағына,  жас  орманға 
үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін үш түрі 
(ор қоян, ақ қоян, құм қоян) бар. 
Зерттеудің мақсаты: үй қоянын өсіру және күту жайында толығырақ білу. 
Зерттеу нысаны: үй қоянын өсіру және күту ерекшеліктері. 
Зерттеудің  міндеттері:  қояндарды  өсіру  және  күту  ерекшеліктері,  адамдарға 
пайдасы және зияны туралы білу; қоянға қатысты мәліметтер жинастыру. 
Зерттеудің  практикалық  мәнділігі:  Сыр  өлкесінің  табиғи  байлықтарын 
қорғау. 
Қазақстанда  кездесетін  ор  қоян  және  ақ  қоян.  Ор  қоян  қоян  тәрізділер 
отрядының  өкілі,  бұл  отрядқа  қояннан  басқа,  шақылдақтар  да  жатады.  Қоянның 
Қазақстанда 3 түрі кездеседі. 
Ор  қоян  –  осылардың  ішіндегі  ең  үлкені  (денесінің  ұзындығы  –  50-70  см, 
салмағы – 4-6 кг). Ор қоян орман-тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді. Оның 
түсі  түгелімен  қоңырқай  сұр,  тек  құйыршығының  астыңғы  жағы  ғана  қардай  аппақ 
болады. Бұл оның көптеген хайуандар секілді  өз көжектеріне беретін  белгісі болып 
табылады.  Қоян  құйыршығын  көтерсе,  көжектері  оны  көреді.  Ал  құйыршығын 
түсірсе, күзгі шөптің арасына сіңіп, түсі маядағы пішенмен бірдей бола кетеді. Басқа 
қояндар сияқты мұның да артқы аяқтары алдыңғысынан ұзын келеді. Жылдамдығы 
сағатына 70 шақырымға жетеді. Жазда терісінің түсі сұр, ал қыста қатты ағарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
12  жылдай  өмір  сүреді.  Аналығы  жылына  2  рет,  44-46  күн  буаздықтан  кейін, 
дүниеге  6  көжектен  әкеледі.  Қоянның  жауы  көп.  Негізгі  жауларына  қасқыр  мен 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
136
түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіттері кіреді. Дегенмен ересек қоянды алу оларға 
үнемі  оңай  бола  бермейді,  ол  өзінің  өмірі  үшін  шайқаса  біледі,  яғни  шалқасынан 
жата  қалады  да,  тырнағы  сояудай  артқы  аяқтарымен  жауына  тойтарыс  береді. 
Қазақстанда  аңшылар  жылына  3000-дай  қоян  аулайды.  Аңшылар  тірі  қоянды 
құлағынан  ұстап  көтермеу  керектігін  біледі,  ал  егер  көтере  қалса,  ол  кәдімгідей 
жарақаттануы мүмкін. 
Қоянды  қорқақ  деп  жиі  айтады.  Бірақ  ол  олай  емес.  Өйткені  қорқақтың 
қорқыныштан есі шығады да, не басы ауған жаққа қарай аяғы жеткенше зытады, не 
қайтерін  білмей,  қалтырап  орнында  тұрып  қалады.  Ал  енді,  мысалы,  қоянның 
тазыдан  қалай  қашып  құтылғанын  қарап  көрелік.  Ол  ұзын  құлақтарын  арқасына 
жымырып  алып, орғып-орғып  жер  бауырлап  зытады,  ал  иттер  болса оның  соңынан 
арсылдап  зымырайды.  Қоян  ұзаңқырап  алады  да,  ізін  шатастыра  бастайды:  біресе 
артқа,  біресе  оңға-солға  шапқылайды.  Ал  одан  соң,  қарыштай  секіріп,  ізінен 
адастырады  да,  тығылып  қалады.  Тырп  етпей  отырып,  қаһарлы  тазылардың  оның 
орман  жұмбағын  қалай  табатынын  бақылайды.  Тек  қана  құлақтарын  қыбырлатып, 
танауын  жыбырлатады.  Қоянның  көзі  бекер  «қиғаш»  болмаған,  ол  тек  алдын  ғана 
емес,  жан-жағын,  тіпті  аздап  арт  жағын  да  көреді.  Құлақтары  да  барлық  жаққа 
бұрылады, сондықтан да басын құр бекер бұрудың қажеті болмайды. Сонымен, қоян 
өзінің қашан қашу керектігін көріп-білгенше отыра береді. 
 
Ақ  қоян  қысы  суықтау  өңірлерді  мекендейді.  Қыс  кезінде  ол  жерлерде  орман 
«ақ  көрпе»  жамылады.  Егер  қоян  жаздағыдай  сұр  күйінде  қала  берсе,  онда  ол 
жауларының  көзіне  оңай  шалынып,  жағдайы  қиын  болар  еді.  Сондықтан  ақ  қоян 
күзде  түлейді:  сұр  жүннің  орнына  қардай  аппақ  ақ  жүн  өседі.  Тек  құлақтарының 
ұшы  мен  мұрны  ғана  қара  болады.  Ақ  қоян  ор  қояннан  гөрі  кішірек,  бірақ  оның 
іздері  ор  қояндыкінен  үлкендеу.  Себебі  мынада:  әдетте  оның  орман  ішінде  омбы 
қарда жүруіне тура келеді де, аяқтарын қалың түк басады. Сонда ол омбылап, қарға 
шомбып кетпей, еркін жүре алады. 
Ор қоян жылырақ жерді мекендейді. Жатағы да жай ғана жер бетінде  болады, 
ал  ақ  қояндар  тундрада  тіпті  ін  қазып  алады.  Ор  қоянның  да,  ақ  қоянның  да 
ұрғашылары  3-6-ға  дейін  көжек  туады.  Көжектері  көзі  ашық  және  жүндес,  ересек 
қоянның дәл ойыншық көшірмесіндей болады. Қоян жылына 2, кейде тіпті 4 рет те 
көжектейді. Ор қоян көжектерімен бірге болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
137 
Ал  мына  ақ  қояндардың  дағдысы  басқаша,  яғни  енесі  көжектерін  емізеді  де, 
оларды  бүтіндей  иесіз  тастап  кетеді.  Бірақ  бұл  тіпті  де  білместік  әлде  қатыгездік 
емес,  онысы  –  балаларын  қорғаудың  амалы  болып  табылады!  Өйткені  жыртқыш 
аңдарға  енесінің  ізі  арқылы  оның  балаларын  тауып  алу  оп-оңай  ғой.  Егер  қоян  әр 
уақыт  көжектеріне  жүгіре  берсе,  олар  әйтеуір  бір  азулының  аузында  кетер  еді.  Ал 
былайша  көжек  тырп  етпей,  тым-тырыс  отырады.  Демек,  ештеңе  оны  байқамайды 
да, дыбысын да естімейді. 
Қоянның сүті өте нәрлі болады, ол сиыр сүтінен 6 есе майлы. Сондықтан көжек 
3-4 күн бойы ашықпайды. Ал одан кейін қыбырлап, дыбыс бере бастайды. Дәл осы 
кезде  қоян  да  өз  көжектерін  іздеп  шығады.  Бірақ  өзінікі  болу  міндетті  де  емес. 
Өйткені ол кез келген көжекті емізеді. Ал тағы бір 3-4 күн өткеннен кейін көжектер 
отығады.  Көп  із  түсірмеу  үшін  алдымен  өз  айналасындағы  шөпке  жайылады.  Енді 
біраз уақыт өткеннен кейін орғи да бастайды. 
Сыр  бойында  өсірілетін  құм  қоян.  Құмқоян  –  Қазақстанда  мекендейтін  үш 
қоянның  ішіндегі  ең  кішкентайы  (денесінің  ұзындығы  50  см,  салмағы  2,5  кг). 
Қазақстанның  оңтүстік  бөлігінде  биік  тау  белдеулеріне  дейін  көтеріледі,  дегенмен 
шөл  және  шөлейтті  аймақтарда  кең  таралған  түрі.  Ін  қазбайды,  күндіз  демалысы 
үшін  таяз  сайларды  пайдаланады.  Жатқанда  жүні  ұйпаланбай  және  бөтен 
дыбыстарды  есту  үшін  басын  желге  қаратып  жатады,  жел  бағыты  ауысқан  сайын, 
бұл да бағытын ауыстырып отырады. 
Басқа қояндар сияқты бұл да жылына 4 рет көбейеді, бір көбейгенде 3-7 көжек 
туады. Көжектері үстін қалың жүн басқан және көздері ашық болып туады. Аналығы 
алғашқы кезде көжектерінің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. 
Құмқоян – қасқыр, түлкі, дала мысығы және ірі қанатты жыртқыштар – бүркіт, 
кезқұйрық жыртқыштар – бүркіт, кезқұйрық, тіпті шөл қарғасының да негізгі қорегі 
болып  табылады.  Үкі  қояндарға  көп  зиян  келтіреді.  Аң  аулау  кәсібінің  нысаны 
болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған. 
 
Үй  қоянын  өсіру  не  үшін  қажет?  Үй  қоянының  арғы  тегі  –  жабайы  қоян. 
Біздің  жыл  санауымыздың  алғашқы  (ІІІ  –  ІV  ғ.)  ғасырларында  Испания,  Марокко 
елдерінде қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа аймаққа таралған. Үй қояны еті, терісі 
және түбіті үшін өсіріледі. Қазір дүниежүзінде қоянның 60-қа жуық қолтұқымы бар. 
Үй қоянының денесі жабайы қояннан ірі. 
Қазақстанда  жеке  үй  шаруасында  үй  қоянын  өсіру  1927-1929    жылдары  өріс 
алды.  1970  жылы  қоян  өсіруші  әуесқойлардың  ұйымы  құрылып,  олар  жеке 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
138
адамдардың  тұқымдық  қоян,  азық,  зоотехникалық-малдәрігерлік  көмек  алуларына 
көмектесті. 
Үй  қояндары  өсімтал.  Үй  қояндары  суыққа  өте  төзімді,  сондықтан  оларға 
жылы  бөлменің  қажеті  жоқ.  Үй  қояндары  сыртта  ұсталғанда  ауруға  көп 
шалдықпайды,  үлпілдек  жүні  қалың,  ал  ангор  үй  қоянының  түбіті  мол  болады. 
Ересек  ұрғашы  қоян  бір  жазда  3-4  рет  (30  күнде  бір  рет)  көжектеп,  жылына  40-қа 
дейін көжек береді. Көжектері тез жетіліп, 4-5 айлық кезінде шағылысады. Қоянның 
еті  дәмді,  тез  қорытындылатындықтан  жас  балаларға,  кәрі  адамдарға  және  асқазан, 
бауыр ауруларына өте пайдалы. Терісі жеңіл, жылы, әдемі болады. Оны өнеркәсіпте 
кеңінен  пайдаланады.  Түбітті  тұқымынан  жылу  өткізгіштігі  меринос  қойының  ең 
жақсы  жүнінен  кем  түспейтін  жіңішке,  жұмсақ  түбіт  алынып,  әр  түрлі  тоқыма 
бұйымдары дайындалады. Жеңіл терісінен аяқ киім, галантерея бұйымдары, құлағы 
мен табанынан желім, қарнынан ұлтабар ферменті жасалады. 
Еті.  Сүйегімен  кептірілген  етін  ұнтақтап,  тауықтың  сорпасына  қосып, 
қайнатып ішсе көздің көру қабілетін арттырады. Бауыр, өт ауруларына қоянның етін 
жейді. Әсіресе, сары ауруға пайдалы. Бүйрек ауруына да еті мен сорпасының дауасы 
көп.  Қарабұрыш,  шырмауық,  тұқымына  қоян  етін  талқандап,  қосып  жесе,  талма, 
ұйқысыздық ауруына ем. 
Терісі.  Жылыдай  сырбалып,  аузы  шықпаған  шиқанға,  не  сыздауыққа  танып 
емдейді. 
Өті.  Тіс  босағанда  жақса,  түбі  бекіп,  қатаяды.  Тіс  қақсағанда  жылы  күйінде 
жағады. Бүйрек ауырғанда кейде тұтас жұтады. Кептірілген өтті қояншық ауруында 
ішкізіп, емдесе, дауа болады. 
Басы.  Қарт  адамдар  сигек  болып,  ауық-ауық  жеңіл  дәрет  алатын  болса, 
қоянның басын арпамен қосып қайнатып, сорпасын ішудің пайдасы бар. 
Миы.  Балалардың  басына  шығатын  жараларға  қоянның  миын  жақса  шипа. 
Қуырып  жесе,  қылпылдақ  ауруы  басылады.  Жаңа  сауылған  мал  сүтімен  ішсе,  шаш 
ағарудан сақтайды. 
Майы. Құлақ бітеліп, есту қабілеті төмендегенде қоянның майын қосып, сөлін 
тамызса, жақсы әсер етеді. Саңырау болудан сақтайды. 
Жүні.  Отқа  өртеп,  күлін  қайнаған  суға  салып,  несебі  тоқтап  қалған  әйелдерге 
берсе, несеп жолын ашуға септігін тигізеді. 
Үй  қояндарын  күтіп-баптау.  Оларды  үнемі  күту  керек.  Үйшіктің  ішін  күн 
сайын  сыпырып,  қалақпен  қырып  тазартады.  Әр  түрлі  жұқпалы  аурулардан  сақтау 
үшін аптасына бір рет еденді қайнап тұрған сумен жуады. Жемшашар мен су ішетін 
ыдыстарды  күн  сайын  таңертең  ыстық  сумен  жуады.  Үйшік  пен  құрал-
саймандардың  бәрін  (жемшашар,  су  ішетін  астаулар,  шелектер,  қырғыш  пен 
қоқысты  сыпырып  шығаратын  қалақтарды)  жылына  екі  рет  толық  дезинфекциядан 
өткізеді. 
Үй  қоянын  азықтандыруды  ұйымдастыру.  Үй  қояндарын  дұрыс 
азықтандыруды  ұйымдастыру  –  өте  маңызды  нәрсе.  Азықты  нәрлілігіне  қарап,  әр 
түрлі етіп таңдап алуды ескерген жөн. 
Жазда  үй  қояндарын  негізінен  балауса  шөппен,  бақша  өсімдіктерінің 
пәлектерімен,  ағаш  және  бұтаның  бұтақтарымен  жемдейді.  Оған  қосымша  дәнді 
дақылдармен  дән  қалдықтары  (сұлы,  арпа,  асбұршақ,  кебек  және  күнжара)  береді. 
Оларға  минералды  заттарды  да  –  тұз  (аздап  суға  ерітіп)  және  бор,  сүйек  ұны 
сияқтыларды  да  қосады.  Қыста  шөптің  орнына  пішен  мен  шырынды  азық  (картоп, 
қызылша,  сәбіз,  орамжапырақ)  беріледі.  Бұтақтарды  да  азыққа  беруге  болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
139 
Азықтың  осындай  көп  түрлілігі  жануарларда  қажетті  қоректік  заттармен  және 
дәрумендермен қамтамасыз етеді. 
Жемнің  құрамы  мен  мөлшері  жануарлардың  жасы  мен  физиологиялық  күйіне 
байланысты белгіленеді.  Мәселен, аналық қоянға шөпті тамыржемістілер мен дәнді 
дақылды,  қыста  пішен  мен  тамыржемісті  көптеп  беру  керек.  Үй  қояндарына  жазда 
тәулігіне 4-5 рет: сағат 8-де, 12-де, 16-да, 20-да қыста күніне 3 рет жем береді. Жаз 
кезінде  көбінесе балауса азықтарды күніне 3 рет, таңертең, түсте және кешке қарай 
дәрумендер  қосып  береді.  Қыс  айларында  таңертең  үй  қояндарына  пішенге  жем 
қосып, күндіз көкөніс беріледі. 
Үй қояндарына арналған бір тәулікте берілетін жемнің үлгісі 
Жем түрлері 
Ересек қояндар 
Көжектер 
Тыныштық 
күйінде 
Буаз 
күйінде 
Емізетін 
кезінде 
1 айдан 3 
айға дейін 
3 айдан әрі 
қарай 
Шөп 
Пішен (қыс 
кезінде) 
Тамыржемістер 
(қыс кезінде) 
Дән қалдықтары 
Тұз 
Бор және сүйек 
ұны 
800 г 
 
300 г 
 
150 г 
 
0,5 
 

1500 г 
 
300 г 
 
200 г 
 
70 


3000 г 
 
400 г 
 
300 г 
 
130 


400 г 
 
150 г 
 
70 г 
 
30 
0,2 
0,5 
600 г 
 
200 г 
 
150 г 
 
50 
0,3 
0,7 
Үй  қояндарын  бақылау  және  тәжірибелер  жасау.  Үй  қояндарын  өсіруге 
байланысты жасалатын тәжірибелер мен бақылаулар  сүтқоректілердің  биологиясын 
тереңірек  тексеруге,  әрі  олардың  өнімділігін  арттыруға  бағытталған  күтім,  жемдеу, 
бағу техникасын игеруге көмегін тигізуі қажет. Ол үшін: 
1. Күнде күнделікке жазылған жазбаларды оқып, қояндарды қарап шығу; 
2. Қоян кепенің ішін тазартып, жемшашарды жуып, суды ауыстыру; 
3. Күні бойы бақылағандарын жазу; 
4. Кепенің ашық қалмауын қарау; 
5.  Көжектерді  таразыға  салып  өлшеп,  оның  нәтижесін  жазу,  қанша  салмақ 
қосқанын белгілеп отыру керек. 
Үй  қояндарын  жемдеу.  Үй  қояндарының  жем  жеуін  бақылауды  мынадай 
жоспар  бойынша  жүргізеді.  Алдымен  үй  қоянының  ауыз  құрылысындағы 
ерекшеліктерге  назар  аудару;  олардың  жоғарғы  ернінің  жырықтығын,  күрек  тістері 
мен  азу  тістерінің  құрылысы  мен  атқаратын  қызметін,  әр  түрлі  жемді  (шөпті, 
пішенді,  бұтақтарды,  дәнді)  қалай  жейтінін  қадағалайды.  Жоңышқа,  ағаштың 
бұтақшаларын,  арам  шөпті  араластырып,  аш  кезінде  береді  де,  бұл  өсімдіктердің 
қайсысын ұнатып жейтінін анықтайды. 
Үй  қояндарының  көбеюі  және  көжектердің  ұяда  өсіп  жетілуі.  Қояндар 
көжектемес  бұрын  аналық  қоянның  сабаннан  немесе  пішеннен  ұяны  қалай 
жасайтынын,  оның  астына  өзінің  бауыр  жағынан  тістелеп  жұлып  алған  мамық 
жүндерін қалай төсейтінін байқадық. Көжектер туған соң екі-үш күннен кейін ұяны 
абайлап  қарап,  жаңа  туған  көжектерге  зер  салдық.  Оларды  үнемі  бақылау  үстінде 
көжектер  туған  соң  3-4  күннен  соң  олардың  үстіне  түбіт  шығып,  9-10  күнде  көзі 
ашылып, бауырын көтеріп жүре бастағанын, үш апта болғанда өз бетінше жем жеуге 
әрекет  жасағанын  анықтадық.  Көжектерге  шөп  бере  бастадық.  Өте  сүйсініп  жейді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
140
Күнде жайылымға шығарып жүрдік. Салмақтарын өлшеп тұрдық. Бақылау жұмысы 
бір айға созылды. 
Көжектердің өсіп  жетілуіне әр түрлі  жемнің әсері. Тәжірибеге бір  айлық екі 
көжек  алынды.  Олардың  әрқайсысын  жеке-жеке  өлшедік.  Бұны  таңертең  алғашқы 
жем  беруден  бұрын  өлшеу  керек.  Тәжірибені  наурыз,  сәуір  айларында  жасадық. 
Көжектің  біріншісіне  пішен,  тамыржемістілер,  қызылша,  сұлы,  арпа  және  ағаш 
бұтақшаларын, екіншісіне жеткілікті түрде мол етіп, бірақ жемнің біркелкі түрі ғана: 
пішен және қызылша берілді. Бұл топқа ағаш бұтақтары берілген жоқ. Әрбір екі апта 
сайын көжектерді өлшеп, әр топтағы көжектердің салмағын анықтадық. Көжектердің 
барлығына  да  қажетті  минералды  заттар  (тұз,  бор,  сүйек  ұны)  беріліп  тұрды. 
Бақылау нәтижелері күнделікке жазылды. 
Бақылаудың  нәтижесінде  көжектің  бірінші  түрі  екінші  түріне  қарағанда 
салмақтарының едәуір артқанын байқадық. Бұдан мынадай қорытынды жасадық: тек 
жануарларды  жақсы  ұстағанда  ғана  (қораның  тазалығы,  оны  желдету,  уақытылы 
тамағын беру, жануарды дұрыс қарау) жемді үйлесімді етіп іріктеу арқылы салмақты 
арттыруға болады екен. 
Үй қояндарына өзіміз жемдеп жүрген қоректендіру мөлшерін көрсете кетейік: 
Уақыты 
Жем мөлшері 
Бақылауға алынған көжектер 
Таңертең, сағат 11 
Күндіз, сағат 16 
Кешке, сағат 20 
Сәбіз, қызылша – 50 г, пішен – 20 г, су 
Шырынды жем – 120 г 
Балауса азық – 150 г 
Қоянға  қатысты  мәліметтер.  Халық  ұғымында  қоян  жылын  бұрын  қалай 
бағалаған?  Байғұс  жануардың  жыл  басына  келгенінен  не  пайымдаған?  Енді  соған 
тоқталайық. 
Халық  есінде  мал  қырылып,  жұт  болған  «Ақ  қоян»,  «Тақыр  қоян»,  «Үлкен 
қоян», «Жалпақ қоян» деп аталған қиын жылдар да сақталып қалыпты. Елімізде қоян 
жылдары  болған  оқиғалар  да  баршылық.  1939  қоян  жылы  1  қыркүйекте  екінші 
дүниежүзілік  соғыс  өрті  тұтанып,  ол  әлемді  шарпығаны  белгілі.  Ал,  1951  жылы 
Қазақстанда  алғаш  уран  кеніші  ашылуымен  қорқақ  аңның  аты  шығыпты.  Кеңес 
Одағының  сол  кездегі  басшысы  Никита  Хрушевтің  солақай  шешімімен  елде  азық-
түлік  тапшылығы  туындап,  1963  жылы  халыққа  жаппай  жүгері  нан  жегізгенін 
көнекөздер  ешқашан  ұмытпақ  емес.  Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  қаһарына  мінген 
Қазақстан  компартиясының  бірінші  хатшысы  Колбин  көтеріліске  қатысқан  қазақ 
жастарын  қудалауымен  1987  жылы  тарихта  қалғаны  мәлім.  Екі  мыңыншы 
жылдықтың  қарсаңында,  1999  жылы  19  144  саяси  қуғын-сүргін  құрбаны  ақталып, 
Қазақ елін жер шарындағы 150 мемлекет мойындап, оның 106-сымен қарым-қатынас 
жолға қойылыпты. 
«Қоянды  жәрмеңкесі»  (1848-1930)  –  кезінде  Орталық  Қазақстанда  өткізіліп 
отырған ең ірі маусымдық сауда орны болған. 
Қояншық  (эпилепсия)  –  жиі  кездесетін  ұстамалы  аурулардың  бір  түрі. 
Қоянжырық – ауыздан мұрынға дейін (қоян мен үй қоянында болатындай) жоғарғы 
еріннің жырығы. Кейбір балалар қоян жырық болып туылады. 
Ел  аузында  «қоян»  сөзіне  қатысты:  қоян  ерін,  қоян  жақ,  қоян жем,  қоян  жон, 
қоян жүрек, қоянша қашу, қоян құлақ сияқты сөз тіркестері де кездеседі. 
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғат 
жағдайлары  да  әртүрлі.  Қазақстан  жерінде  алуан  түрлі  жануарлар  мен  өсімдіктер 
әлемі кездеседі. Мұнда сүтқоректілердің 178 түрі бар. Сондай сүтқоректілердің бірі – 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
141 
қоян. Әсіресе үй қояндарын өсіру көп пайда келтіреді. Олардың мамық жүнді терісі, 
ұзын да жылы түбіті өте пайдалы. 
Үй  қояндары  жиі  көжектеп,  тез  көбейеді.  Бірақ  мейлінше  ұқыпты  қарауды, 
жақсы күтуді тілейді. Оларды өсіру үшін арнаулы кітаптарды оқып, күтіп баптауды 
білу қажет. Бір сөзбен айтқанда, үй қоянын өсіруге үлкен жауапкершілік қажет. 
Біздің мынадай ұсыныстарымыз бар: 
- Қоян асырау қолға алынса; 
- Қоян түбітінен балаларға арнап бұйымдар жасайтын цехтар ашылса. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет