Зерттеу жұмысының өзектілігі. Соңғы уақытта сөйлемнің мәні бұзылмаса,
жазбаша және сөйлеу кезінде ағылшын тілінде артикльдердің қолданбауы немесе
алынып тасталуы көп кездеседі. Грамматика және грамматикалық әдебиеттерде
көрініс таппаған артикльдердің түсіп қалу жағдайларын талдау, ағылшын тілін
үйренушілерге
артикльдердің
түсіп
қалуынан
туындайтын
грамматикалық
заңдылықтарды көріп, сөйлем құрылысын барлық ережелерге сай құруына септігін
тигізеді.
Аталмыш зерттеудің басты мәселесі мен қайшылығы – қазіргі кезеңде
лингвистер мен грамматистар ағылшын тілінде нақты қанша артикльдер бар екендігі
туралы біртұтас пікірге келмегендігі. Зерттеудің мақсаты осы қиын грамматикалық
мәселені талдау мен шешу болып табылады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
150
Зерттеу
пәні:
ағылшын
тіліндегі
коммуникативтік
фразеологиялық
тіркестердегі артикльдердің рөлі.
Зерттеудің мақсаты: ағылшын тіліндегі грамматикада көрініс таппаған
артикльдердің түсіп қалу заңдылықтарын талдау және ережеге сәйкес белгілі және
белгісіздік артикльдерді қолданылуы тиіс жерлерде нөлдік артикльдердің
қолданылуының жөнділігін көрсету.
Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:
- нөлдік артикльдің функциональдық қасиеттері мен қызмет етуіне жалпы
мінездеме беру;
- артикльдердің эволюциялық жолына талдау жасау;
- фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің түсіп қалу жағдайларын талдау
(грамматикалық түсіндірме берілетін жағдайлар);
- фразеологиялық тіркестердегі артикльдердің түсіп қалу жағдайларын талдау
(грамматикалық түсіндірме берілмейтін жағдайлар);
- Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» романында қолданылған артикльдерді
талдау және оның аударылуы.
Теориялық
мәні:
коммуникативті
фразеологиялық
тіркестердегі
артикльдердің шығу тарихын зерттеу, даму және қалыптасу жолын саралау,
артикльдердің сөйлемде орналасу ерекшеліктерін айқындау.
Жиналған мәліметтердің қайнар көзі зерттеу жұмысында ұсынылған шетел
тілін оқытудағы фразеологизмдердің қарым-қатынастағы маңыздылығын, жалпы
теориясын тиянақтауда зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдануға болады.
Тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу нәтижелері мен пайымдауларын шетел
тілін үйретудің тиімділігін арттыруда, сабақты нәтижелі және қызықты
ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің пайдалануына болады. Зерттеуге өзек болып
отырған тақырыптың әдістемелік тұрғысындағы дәстүрлі тұжырымдар мен жаңаша
танымдар негізінде туындаған қорытындыларын ізденушілер қолдана алады.
Еңбекте ұсынылған мысалдар, шағын сөздік шетел тілі сабақтарының сапасын
арттыруға көмегін тигізеді.
Зерттеу нысаны: Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» романы.
Коммуникативтік
фразеологиялық
тіркестердегі
артикльдердің
қолданылу ерекшеліктері. Ағылшын тілінде артикль тек зат есімнің алдында, оның
көрсеткіші ретінде қолданылады. Артикльдер «латын тілінде Articulus» – зат
есімдердің алдына қойылатын қызметші сөздер. Ағылшын тіліндегі артикльдер затқа
қосымша сипаттама береді, яғни қосымша ақпарат беріп тұрады. Артикль – белгілі
және белгісіздік мағынасында жұмсалатын көмекші грамматикалық элемент.
Артикль типологиялық және генетикалық жағынан әр түрлі тілдерде кездеседі.
Мысалы: герман, кейбір славян, болгар, македон, семит, полинезия, венгр, тағы
басқа тілдерінде.
Артикль саны тілдерде әр түрлі: түрік тілінде бір белгісіздік артикль кездеседі;
екі артикль көптеген тілдерде, ал румын тілінде, үш артикль бар. Референциялық
немесе анафоралық функцияны жүзеге асыра отырып, белгілі артикль алғаш көзге
түскен затты нұскайды. Белгісіз артикль бұрын ерекше көрсетілмеген қандай да бір
затты, алғаш айтылған затты сілтейді. Белгілі артикль сілтеу есімдігінен, белгісіз
есімдіктен немесе бір сан есімінен бастау алған. Препозитивті артикль зат есімнің
алдында, постпозитивтік артикль зат есімнен кейін келеді. Артикль ағылшын тілі
грамматикалық формалары болмауы мүмкін. Көпше түрде грек, албан тілдерінде
септіктер бойынша түрленеді. Қазақ және орыс тілдерінде артикльдер жоқ.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
151
Ағылшын тілінің даму тарихы – бұл грамматикалық революцияның даму
тарихы, яғни артикльдердің даму тарихы. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі,
ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған англо-саксондардың тілі, бірақ
жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген. Ағылшын тілі – халықаралық тіл.
Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп
пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа
Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа
көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Ағылшын тілі – БҰҰ-ның алты
тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған тіл.
Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына жатады.
Ағылышн тілінің құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ,
Австралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз
тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар), Үндістанда (хинди тілімен қатар)
мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгілерінің
бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 миллионнан астам адам
сөйлейді.
Қазақстанда да ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы
Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде,
басқа да жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар
дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.
Ағылышын тілінің түп-төркіні 5-6 ғасырларда құрлықтан Британ аралына
қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер)
тайпаларының тілі болып саналады.
Ағылышн тіліндегі жазба ескерткіштер 7-8 ғасырлардан белгілі. Ол уақытта
ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6-7
ғасырларда ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна
жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын
әліпбиін ілгері дамытып, оған У, Ж және В әріптерін қосты.
1066 жылы Англияны нормандар басып алды да, мемлекеттік тіл – француз тілі
болып, ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476
жылы Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон
диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын тілі
британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық ағылшын тілі өз
ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-
11 ғасырларында англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық,
уэссек және кент.
Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері: а) фонетика жүйесінде дыбыстарының
көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, ағылшын тілінде
сөз мағынасы өзгеріске түсуі мүмкін; б) морфология саласындағы өзгешелік: сын
есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен
етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай,
ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ
көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған.
Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар
бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі
дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.
Жалпы сөз өзара қатынас құралы есебінде негізінен екі түрлі қызмет атқарады:
номинативті (сөздің атаулы қасиеті) және коммуникативті функцияда жұмсалады.
Яғни сөздер, сөз тіркестері атаулы күйде және қатынас құралы есебінде жұмсалады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
152
Коммуникативті қызмет атқаратын көбіне-көп сөйлемдер. Бұлар бір нәрсе
туралы біреуге хабар беру түріндегі тиянақты, түбірлі ойдың түйіскен түрі.
Сөздердің бұлай өзгеруінде екі грамматикалық тірек, екі логикалық тірек бар. Дәл
осы сияқты тұрақты сөз тіркестері де коммуникативтік қызмет атқарады.
Коммуникативтік фразеологизмдер сөйлемде жеке қолданылғанда да олардың ішкі
астары байқалып тұрады, ол семантикалық қасиет сөйлемдегі өзге сөйлемдердің
семантикасымен
байланысында
өте
анық
аңғарылады.
Сол
себепті
де
коммуникативті фразеологиялық тіркестер тілде әртүрлі тәсілде қолданылады.
Бірақ фразеологиялық бірліктердің ерекшелігі осы екі түрлі қасиетпен
шектелмейді. Коммуникативтік фразеологизмдердің сөйлемдегі қолданысындағы
әртүрлі ерекшеліктері бар. Фразеологиялық тіркестер ауыс мағынада, яғни ішкі
астармен қолданылғанымен, құрамындағы сөздері өздерінің негізгі лексикалық
мағыналарынан айырылмайды.
Осыған сүйеніп, олардағы ішкі астарды ескермеуге болмайды. Артиклдер
коммуникативтік фразеологизмдерде өзінің дербестігі жағынан сөйлемде жеке хабар
беруші сөйлем түрінде қолданылады. Артиклдер фразеологизмдердің арасында
дәстүрлі, классикалық сөйлем құрылымдыларымен қатар, грамматикалық жақтан
ұйымдасуы тұрғысынан формальды түрде сөйлем ретінде танылатындары да бар.
Синтаксистік тұрғыдан сөйлем ретінде танылатын тұлғалардан өзге, артиклдер
коммуникативтік фразеологизмдердің қатарында грамматикалық жақтан әртүрлі
құрылымдар да кездеседі. Олардың қатарына әр түрлі мақсатта қолданылатын, бір
мүшесі кем тұлғалар жатады. Мысалы: «In the way of doing», «out of the way», «point
of view», «watch the clock» тағы басқалары.
Тұлғалану
құрылымына
қарамастан,
артикльдер
коммуникативтік
фразеологизмдердің грамматикалық жақтан сөйлем түрінде қалыптасқандарының да,
сөйлемнің қызметіне және құрылымына формальды түрде жауап беретіндерінің де
атқаратын қызметі шындық болмыстың бір жағын хабарлау. Тілде дайын күйінде
қолданылатын, өзіндік ішкі астарға құрылған семантикасымен сипатталатын
құрылым ретінде ұйымдасқан артикльдер коммуникативтік фразеологизмдердің
қызметі сөйлем ретінде танылады.
Егер артикльдер құрылымы коммуникативтік қызметпен байланыс кезде,
ондай артикльдер грамматикалық құрылымы мен синтаксистік формасы сөйлем
анықтамасын формалды түрде атқарып тұр деген сөз. Мысалы, артикльдердің
эллипсистік қолданысы, олардың құрамында тұрлаулы мүшелердің түгел болмауы
тағы басқалары сияқты құрылымда қалыптасуы, олардың сөйлем анықтамасына
формалды түрде жауап беретіндігін көрсетеді.
Артикльдер коммуникативтік фразеологизмдердің синтаксистік парадигмасы
әр түрлі сөйлем үлгілері бойынша ұйымдасады. Сөз шеберлері оларды өзгертпей де,
өзгертіп те қолдана береді. Артикльдер коммуникативтік фразеологизмдердің
арасында өзгертіп қолдануға икем тұратындары көбіне екі сөзден тұратын сөз
тіркестер түріндегі үлгілері (On the other hand, Red as a cherry), жай сөйлем түріндегі
құрылымдылары. Мысалы: «Come a cropper – to fail, to get to a trouble», «Show a clean
pair of heels – to leave, to get away».
Қазіргі заманғы ағылшын тілінде артикльдердің екі түрі бар: белгілілік
артиклі (the definite article) және белгісіздік артиклі (the indefinite article). Бұл
екеуінен бөлек, артикль қойылмайтын кездердегі бос орынды Zero article (нөлдік
артикль) деп атайды.
The indefinite article: a (an)
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
153
A (an – дауыстылардың алдында) артиклі көне ағылшын тіліндегі «а, аn» (бір)
деген сөзден шыққан. Белгісіздік артиклі әңгіме болып жатқан бір заттың
сөйлеушілерге белгісіздігін немесе алғаш сөз болып отырғандығын білдіру үшін
қолданылады. Белгісіздік артиклі арқылы біз деректі заттық ұғымды білдіріп,
айтылмыш заттың белгілі бір топқа жататынын айтамыз. «A, аn» артиклі өзінен
кейін тұрған заттың көп заттың ішіндегі бір зат екендігін білдіреді. Ол зат көп
заттардың арасындағы кез келген біреуі болуы мүмкін. Ол зат жайлы алдын-ала
айтылмаған. Әңгімелеуші адам алғаш рет айтып, таныстырып отыр. Белгісіз артикль
қолданылуы:
- an – a, e, i, o, u дауысты әріптерінің алдында қолданылады. Мысалы: an apple
(алма), an engineer (инженер), an ice-cream (балмұздақ) және солай сияқты;
- a – жоғарыдағы бес дауысты әріптен тысқары дауыссыз әріптердің алдында
қолданылады. Мысалы: a teacher (мұғалім), a banana (банан), a television (теледидар),
a hamburger (гамбургер) және солай сияқты.
Мысалы:
- I am a student (Мен – студентпін). Көп студенттің бірімін. Егер мен
студенттердің арасындағы ерекше студент болсам, онда басқаша айтылған болар еді.
- This is an apple (Бұл – алма). Адам санап болмайтын алмалардың біреуі ғана.
Ол алманың нақты қандай алма екендігі туралы ештеңе айтылып тұрған жоқ.
Байқасаңыздар, белгісіздік артикльдеріне келтірілген жоғарыдағы мысалдарда
студент пен алма жайлы ешқандай тура дерек, сипаттама, ақпарат жоқ. Тек студент
екендігі алма екендігі ғана айтылды. Ал қалған ақпараттар мәлім емес. Мысалдардан
белгісіз студент пен белгісіз алманы ғана білдік.
А/an белгісіздік артиклінің қолданылу жолдары:
Use – Қолданылуы
Examples – Мысалдар
1
Жекеше түрдегі саналатын зат есімдердің
алдында қолданылады.
He has a son. – Оның (бір) ұлы
бар.
2
Бір нәрсе немесе зат туралы алғаш рет
айтылғанда қолданылады.
A boy and a girl are sitting
opposite us. – Біздің қарсы
алдымызда бала мен қыз отыр
(кез келген бір бала мен қыз).
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
154
3
Бір нәрсені не затты, біреуді суреттесек
немесе біреудің қызметі туралы айтқан
кезде, to be және to have етістіктерінен кейін
қолданылады.
He is a doctor. – Ол – дәрігер.
She has got a lovely smile. –
Оның бір әдемі күлкісі бар.
The definite article:
«The» белгілілік артиклі ағылшын тілінде көнеден келе жатқан that (анау, әлгі)
нұсқаулық артиклінен шыққан. Белгілілік артиклі әңгіме болып жатқан заттың, адам,
жан-жануар сөйлесушілерге бұрыннан белгілілігін немесе бұрын сөз болғандығын
білдіру үшін қолданылады: It is a pen. – Бұл қалам. The pen is good. – Қалам жақсы.
Екінші сөйлемде the белгілілік артиклінің қолданылу себебі – бірінші сөйлемде
осы қалам туралы сөз болды. The артиклі екі түрлі оқылады: егер сөз дауыссыздан
басталсa [ðә], егер сөз дауыстыдан басталса [ði] болып оқылады. Мысалы, the table
[ðә `teibl], [ði `æktә]. Белгілілік артиклі қазақ тілінде мынау, мына, анау, сол, ол, бұл
сілтеу есімдіктерімен мағыналас, мысалы: I live in a new house. – Мен жаңа үйде
тұрамын. The house is high. – (Ол) үй биік. The артиклі заттардың барлық
(жекеше/көпше) түрлеріне қолданылады.
The – белгілілік артиклінің қолданылу жолдары:
Use – Қолданылуы
Examples – Мысалдар
1
Жекеше және көпше түрдегі саналатын
зат есімдер мен саналмайтын зат
есімдердің алдында.
Please, close the door! – Есікті
жабыңызшы! (белгілі есік)
Give the books! – Кітаптарды
беріңіз! (белгілі кітаптарды)
Will you pass me the bread? –
Нанды беріп жібермейсіз бе? (тұз
немесе басқа емес, нaн туралы
айтылып тұр).
2
Белгілі бір зат, жер, адам, жануар
немесе
нәрселердің
атауларында
алдында.
Where is the cat? – Мысық қайда?
She washed the car! – Ол жеңіл
көлікті жуды (бізге белгілі бір
мысық, жеңіл көлік).
The boy has just entered the room. –
(Ол) бала қазір ғана бөлмеге
кірді.
3
Сөйлемнің мағынасы біздің кім, не
туралы айтып тұрғанымызды анықтап
тұрған кезде.
She will wear the dress she bought
last week. – Ол өткен жетіде
сатып алған көйлегін кимекші.
Қорытынды. Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаев: «Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір тіл – бір ұлт.
Кез келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық
даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді», - деп атап көрсеткен
болатын. Халық жасаған рухани мәдениетті ұрпақтан – ұрпаққа жеткізген
құралдардың бірі – тіл. Тіл, оның ішінде сөздің, қызметі ерекше, себебі сөз –
халықтың басынан өткізген тарихының куәсі, ол тілді жасаушы, тілді қолданушы
халықпен бірге жасайды.
Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен
кейінгі
халық
саны
бойынша
ең
көп
пайдаланатын
тіл.
Ағылшын
тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Канада, Үндістан,
Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген
мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
155
Ағылшын тілі (English language) – Үндіеуропа тілдерінің батыс герман тобына
жататын тіл. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед,
нидерланд тағы басқа тілдері жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол
қазіргі Ұлыбритания
аумағын ежелде басып алған англо
-
саксондардың тілі, бірақ
жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Шет тілдерінде, әсіресе ағылшын тілінде тілдің ақпараттық мәніне қатал талап
қойылады, ал артикльдер бұған көп көмегін тигізеді. Ағылшын тілінің әдемілігі мен
басты ерекшелігі артикль болып табылады. Артикль (лат.
Articulus – мүше) – белгілі
және белгісіздік мағынасында жұмсалатын көмекші грамматикалық элемент.
Ағылшын тілінде артикльдің үш түрі бар:
1. Indefinite article (белгісіз артикль) – a, an;
2. Definite article (белгілі артикль) – the;
3. Zero article (артикльдің қолданылмауы).
Фразеологизм – тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай саласының
бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті – эмоциялық, суреттеме
қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі
тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Фразеологизмдер – жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін арттыра
түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-нақышымен
жеткізетін, көркем сөз қазынасында қорланып, қолдануға дайын тұратын,
қалыптасқан сөз тіркестері.
Әдебиеттер
1 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтакиссі. – Алматы: Рауан, 1991.
– 176 б.
2 Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы. – Алматы, 1966.
3 Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы, 1965.
4 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). – Алматы,
1962.
5 Айтбаев Ө.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. – Алматы: Ғылым,
1975. – 227 б.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
______________________________________________________________
156
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ГЕОГРАФИЯ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ» АТТЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР
ТРЕГУБЕНКО Ксения,
ученица 9 класса Назарбаев Интеллектуальной школы
химико-биологического направления, город Кызылорда, Республика Казахстан
Руководитель: КАН Ирина Станиславовна,
учитель географии и экономики Назарбаев Интеллектуальной школы
химико-биологического направления, город Кызылорда, Республика Казахстан
КАК ВЛИЯЕТ КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ АЭРОПОРТ НА ЖИЗНЬ ЛЮДЕЙ
И НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ
Введение. Наш учитель географии предложила мне написать научный проект.
Я спросила: «Какую тему мне выбрать?» Ирина Станиславовна ответила: «Подумай
о том, что тебя интересует в жизни, что тебе интересно, о чем, ты хочешь узнать». Я
долго размышляла, что же меня интересует в жизни на сегодняшний момент, но
никак не могла определиться.
Однажды вечером, когда я в очередной раз ломала голову над выбором темы
для написания своего научного проекта, ко мне подошел мой младший братишка и
попросил меня с ним поиграть. «А во что мы будем играть?» - спросила я. «Давай я
буду летчиком, а ты пассажиром!» - предложил он. Играя с ним, отвечая на его
вопросы, я поняла, что ничего не знаю об аэропорте.
Что такое аэропорт? Какую функцию он играет для города? Как аэропорт
влияет на жизнь людей? И многое-многое другое. И мне захотелось поработать в
этом направлении.
Поговорив об этом со своим руководителем, мы сформулировали тему для
моего научного проекта. И так тема проекта: «Как влияет Кызылординский аэропорт
на жизнь людей и на окружающую среду».
Также всем давно известно, что в связи с быстрыми темпами развития науки и
техники усилилось влияние человека и на окружающую среду.
И я принялась за работу.
Достарыңызбен бөлісу: |