Әріптер мен мысалдар» flash филімі 42 ҽріпте орналасқан батырмадан
тұрады (3 сурет). Ҽр батырманы ҽрекетке түсіргенде мысалдар flash фильмі
ойнатылады.
батырмасының үстіне тышқан кҿрсеткішін апарғанымызда дыбыс
ойналып, тышқан батырма үстінен алынғанда дыбыс тоқталатындай етуіміз үшін
Action – Button ҿрісіне «on (rollOut){ stopAllSounds ();} ActionScript-ін енгіземіз.
Батырманы ҽрекетке түсіргенімізде
1.swf
flash фильмін іске қосуымыз үшін
Action –
Button ҿрісіне «on (release){loadMovie Num("1.swf", "");} ActionScript-ін енгіземіз.
«
Ӛз бетімізше оқып ҥйренейік» flash филімінде 42 ҽріпке мҽтін жҽне сурет
түрінде мысалдар келтірілген. UZ.SWF flash файлында 27 кадр жасалған, келесі
мысалға ҿтуіміз үшін
(келесі) батырмасын орындаймыз. Осы батырма іске
қосылғанда келесі кадр ойнатылу үшін
Action – Button ҿрісіне «on
(press){nextFrame ();}» ActionScript-ін енгіземіз (4 сурет).
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
29
4 сурет
Алдыңғы кадрды ойнатуымыз үшін
Action – Button ҿрісіне «on
(press){prevFrame ();}» ActionScript-ін енгіземіз.
Әдебиеттер
1 Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тҽжірибелері. –
Алматы, 1991.
2 Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау // Методикалық
ұсыныстар. – Алматы: Мектеп, 1975.
3 Қазақстан e-Learning электронды оқу жүйесі порталы [электронды
ресурс].
Резюме
В работе приведены особенности электронных учебников и их преимущества.
Также даны технологии электронных учебников и их виды. Электронные учебники,
приготовленные при помощи программы Mocromedia Flash, интерактивные
эффекты, видеоклипы, расположены по слоям.
Ключевые слова: кнопка, остановить все звуки, остановить, загрузка фильма,
отпускать, включен.
Summary
In this article given information about the beatures of the electronic textboor and its
advantages in teaching. Are also giver about. The methods and types of the electronic
textboor. The electronic textboors, prepared by the programme Macromedia Flash,
interactive effects, videos are Located on loyers.
Keywords: Button, stop All Sounds, Stop, load Movie, release, on.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
30
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ҤЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ,
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҦМЫСТАР
КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР
БАЕТОВА Тоты Сауытқалиқызы,
М. Баймҧханов атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жӛніндегі
орынбасары, бастауыш сынып мҧғалімі, Мақат елді мекені, Мақат ауданы,
Атырау облысы, Қазақстан Республикасы
БІЛІМ МЕНЕДЖЕРІ – БІЛІМ КЕПІЛІ
«Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар
жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Сондықтан біз ҿте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жҿн», -
деген Елбасымыз Н.Ҽ. Назарбаевтың 2020-2050 бағдарламасындағы сҿзі бекер
айтылмаған. Еліміздің болашағы кҿркейіп, ҿркениетті елдер қатарына қосылуы
бүгінгі ұрпақ бейнесінен кҿрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік
қабілетін ашу жҽне оларды шығармашылыққа баулуының негізгі қозғаушы күш –
білікті, кҽсіби құзыретті ұстаздар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру менеджментінің мақсат-
міндеттерін айқындап берді.
Білім беру жүйесі ҽлеуметтік салаға жататын болғандықтан, мұндағы басқару,
негізінен, тікелей адамдарға қатысты. Сондықтан ұйымдық басқару барысында
психологияны білудің жҽне оның заңдылықтарын ескерудің маңызы ерекше. Білім
менеджері қызметкерлер ұжымында орнаған қолайлы психологиялық ахуалдың
мекеме жұмысы үшін зор мүмкіндіктер тудыратынын үнемі есте сақтауы қажет.
Ҽрбір ұжым – ҿзіндік ерекшеліктері бар жҽне белгілі бір даму сатыларынан ҿтетін
ҽлеуметтік ағза болып табылады.
Осындай жағдайларға байланысты қазіргі менеджменттің мынадай жаңа
принциптерін атап кҿрсетуге болады:
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
31
- сыртқы ортадағы ҿзгерістерді мезгілінде есепке алу: бұл – басқарудың
икемділігін қамтамасыз етеді;
- ниеттілік – қызметкерлердің қабілеттерін ашуға ықпал жасайтын жағымды
атмосфера қалыптастыру;
- коммуникативтілік – ұйымда жоғарыдан тҿмен жҽне кҿлденеңінен таралып
жатқан нҽтижелі коммуникациялар;
- жылы жүзділік – менеджерлердің қызметкерлермен тұлға аралық қатынастар
теориясы негізінде жылы жүзділікпен (жұмсақтықпен) ҽрекеттесуі;
-
ынталандыру
–
адамдармен
ҽрекеттесуде
олардың
жұмыстан
қанағаттанушылық сезімін тудыратын ҽдістерді қолдану;
- жауапкершілік – тиімді басқару мен менеджменттік мҽдениеттіліктің міндетті
шарты ретінде ҽрбір қызметкердің жауапкершілігін қалыптастыру;
- патернализм – қызметкерлердің ауқаттылығын арттыруға жҽне олардың еңбек
ҿмірінің сапасын кҿтеруге ҽкелік қамқорлық жасау;
- перспективтілік – ұйымның келешектегі орны мен рҿлін анық түсіну;
- стратегиялық жоспарға сҽйкес жұмыс жасау;
- ҿзін-ҿзі дамыту – жеке жұмыстың сапалылығын жҽне тұлғаның ҿзін-ҿзі үнемі
жетілдіруін қамтамасыз ету;
- келісімділік – менеджерлердің топтық жұмысқа тікелей қатысуы – ҿзара
келісімділік пен біртұтастықтың негізгі шарты;
- білімге (кіріске) үлестілік – ҽрбір қызметкердің жалпы нҽтижелердегі
(қосымша сыйақы) үлесі – материалдық мүдделілік құралы;
- адалдық – қоғамдық мораль нормаларын сақтау, адамдарға адалдықпен жҽне
сеніммен қарау;
- ҽдептілік – іскерлік ҽдептілік пен ұйымның ішкі философиясын сақтау.
Жҥйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету ҥшін:
1. Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою, оларды
маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;
2. Мамандарды бҿлу, міндеттерді бҿлу, бҿліктер арасындағы байланысты
орнату жҽне байланысты жұмыс істету;
3. Мектепішілік ақпараттар жүйесін жҽне оның тиімді кері байланысын орнату;
4. Оқу-тҽрбие үрдісінің қалыпты жүруі үшін материалдық-техникалық базаны
құру;
5. Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы;
6. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен тҽжірибесі жҽне
олардың педагогтік шеберлігін арттыру жүйесіне байланысты.
Мектептердің кӛпшілігі тӛрт деңгейлі басқару қҧрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей – мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп
директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары.
Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы;
ҽлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, ҽкімшілік-
шаруашылық бойынша директор кҿмекшісі; ҿзіндік басқаруға қатысты органдар мен
бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей – оқу барысында жҽне оқудан тыс оқу-тҽрбие жұмыстарына
байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тҽрбиешілер,
сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен ҿзіндік басқару,
қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге
болады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
32
Төртінші деңгей – сыныптық жҽне жалпы мектептік ҿзіндік басқару қызметтері
тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар
арасындағы қатынастың «субъект – субъектілі» сипатын білдіреді. Мұндай
қатынаста оқушы ҿзара ықпал нысаны болумен бірге ҿз дамуының қозғаушы күші –
субъект рҿлін де атқарады.
Директор жҽне басқа да басшылардың оқу-тҽрбие үдерісін нақты басқару
қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер
тҿмендегідей:
1. Басқаруды демократияландыру және гуманизациялау. Мектепшiлiк
басқару, ең алдымен, басшылардың, мұғалiмдер, оқушылар мен ата-аналардың
бастамашылығы мен ҿздiгiнен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл
басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының ҿзіндік іс-
ҽрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір
алмасу жҽне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты
қажет етеді. Бұл жағдай тек қана шешiм қабылдау мен талқылауды бүкпесiз, ашық
жүргiзгенде ғана мүмкiн.
Мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау жҽне контракт
негiзiнде қабылдау жүйесi – мектептегi демократияның бастауы. Сол сияқты
мектептi басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы жҽне түсiнiктiлiгiне
негiзделедi. Мектептiң алдында тұрған мiндеттi, оның қиындығын жете сезiнген
ҽрбiр мүғалiм оған бей-жай қарамайды. Мектеп ҽкiмшiлiгiнiң, мектеп кеңесiнiң
тұрақты түрде есеп берiп отыруы оны талқылауға жҽне шешiм қабылдауға
мұғалiмдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп ҿмiрiнде демократияның
орнығуына негiз қалайды.
2. Басқарудың жҥйелiлiгi мен тҧтастығы. Педагогикалық үдерісті басқару
жүйесiнiң табиғатын түсiну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегi
басқаруды жүйелiлiк ыңғайының бiрiншi белгiсi – мектептi жүйе ретiнде танып,
оның негiзгi белгiлерiнен құралатын осы жүйенiң тұтастығын кҿре бiлу. Екiншi белгi
мектептiң
құрылымы
болып
табылады.
Мектептiң
байланыстары
мен
қатынастарының дамуы жүйенiң құрылымына тiкелей байланысты. Жүйенiң үшiншi
компонентi оның ҿзiндiк ерекшелiктерi мен сипаттарынан туындайды, олардың
ҿзара ҽрекеттесуi арқылы жүйенiң жаңа сапасы қалыптасады.
Компоненттердiң тұрақты түрде ҿзара жақындауға ұмтылуы жүйенiң
тұтастығын айқындайды. Мектептi басқаруда жүйенiң тҿртiншi ерекшелiгi – оның
қоршаған ортамен тығыз жҽне ҿзгеше байланыстылығын естен шығармаған жҿн.
Мектеп пен қоршаған ортаның ҽрекеттесуi екi формада кҿрiнедi. Бiрiншi жағдайда
мектеп ҿз ҽрекетiн сыртқы ортаға бейiмдесе, екiншi жағдайда мектеп ҿз
мақсаттарына жету үшiн ортаны ҿзiне бағындырады. Мектептi басқарудағы
жүйелiлiк пен тұстастық мектептiң басшысы мен ұжымының басқару қызметтерiнiң
ҿзара байланысы мен ҿзара ҽрекеттесуiн де қарастырады.
3. Басқаруды орталықтандыру мен ӛзіндік басқарымдарды оңтайлы
ҥйлестіру. Мектеп жҽне педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың
ҽкiмшiлiк басқаруды күшейтуге ҽкелiп соғатындығына талай рет кҿз жеткiздi.
Басқаруды орталықтандыру тҿменгi буындағы жетекшiлердiң, мұғалiмдер мен
оқушылардың бастамалығын шектеп, оларды ҿздерiнiң қатысуынсыз қабылдаған
шешiмдердi
жай
ғана
орындаушыларға
айналдырады.
Соған
сҽйкес
орталықсыздандыруға шамадан тыс мҽн беру педагогикалық жүйе қызметiнiң
тиiмдiлiгiн тҿмендетедi. Екінші жағынан, орталықтандыруды орталықсыздандыруға
пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен ҽкiмшiлiктiң рҿлiн тҿмендетiп,
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
33
басқарудың талдамалық жҽне қадағалаушылық қызметiн жояды. Сондықтан
мектепшiлiк
басқаруды
қамтамасыз
етуде
орталықтандыру
мен
орталықсыздандыруды үйлестiру ҽкiмшiлiк жҽне қоғамдық органдар басшыларына
бүкiл мектеп ұйымының мүддесiн ескерiп, кҽсiптiк деңгейде шешiм қабылдауға
мүмкiндiк берiп, педагогикалық жүйенiң барлық құрылымдық бҿлiмдердiң қызметiн
жоғары деңгейге кҿтеруге жағдай туғызады.
4. Жеке басқару және ҧжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті
ұстанудағы мақсат – біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында
субъективизм мен ҽміршілдікке жол бермеу. Ҽрине, басқарудағы жеке билiк тҽртiптi
қамтамасыз етiп, педагогикалық процеске қатысушылардың ҿз ҿкілеттіктерін нақты
шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды. Алайда басқару қызметiнде
ҽрiптестердiң тҽжiрибесi мен бiлiмiне сүйенiп, оларды талдамалар жасау мен шешiм
қабылдауға қатыстыру, ҽр түрлi кҿзқарастарды салыстыра отырып оңтайлы шешiм
қабылдаудың маңызы зор. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске
деген ұжым мүшелерінің ҽрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.
Сондықтан тактикалық ҽрекеттердi айқындағанда жеке билiкке, ал стратегияны
талдап жасағанда алқалы билiкке арқа сүйенген дұрыс.
5. Педагогикалық жҥйенi басқарудағы ақпараттардың объективтiлiгi және
толықтылығы. Педагогикалық жүйенi басқару тиiмдiлiгi едҽуiр дҽрежеде қажеттi
жҽне толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтiлiгi жҽне
толықтығы ақпаратты талдау жҽне ҿңдеудегi асығыстыққа, дерексiздiкке қарсы
қойылады.
Ҽлеуметтiк
педагогикалық
ҽдебиетте
ақпарат
педагог
пен
тҽрбиеленушiнiң арасындағы байланыс құралы ретiнде, кейде жүйе мен қоршаған
орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретiнде қарастырылады. Басқаруда ақпаратты
пайдаланудың қиындығы оның тым кҿптiгiнен немесе тым аздығынан туындайды.
Мектепiшiлiк басқаруда ақпаратты бiр жақты қарастыруға болмайды.
Ақпараттың аздығы да, кҿптiгi де шешiм қабылдауға, оны iске асыруды
реттеуге кедергi жасайды. Сол себепті мектепiшiлiк ақпаратпен айналысқан адам
оны жинау, ҿңдеу сақтау жҽне қолданудың ҽдiстерiн жете бiлуi тиiс. Мектеп
басшысы ҿз қызметiне бақылау, сауалнама жүргiзу, тестiлеу, нұсқаулық жҽне
ҽдiстемелiк материалдармен жұмыс жасау жиi қолданылады. Техникалық
құралдарды жҽне компьютерлендiрудiң нҽтижесiнде материал жинау, оны ҿңдеудiң
мерзiмi едҽуiр қысқарды. Қазiргi мектеп басшысының мiндетi – мектепiшiлiк
ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгiзу.
Қазіргі заман мектебі – күрделі жҽне кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың,
оларды оқытып, тҽрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп ҽкімшілігінің (директоры, оның
оқу жҽне тҽрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тҽрбиелік жҽне қызмет
кҿрсететін адамдардың іс-ҽрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді
шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады.
Сонымен қатар, мектеп дегеніміз – мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар
ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың нысандары
болып табылады. Қазіргі мектепті ҿзара байланысы бар ішкі құрылымы жҽне
ҽлеуметтік белгіленетін тұтас ҽлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру
керек. Ол ҿзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы жҽне
басқарылушы. Бұл қазіргі кез келген оқу-білім беру мекемесінің алдына ҿмірдің ҿзі
қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты
ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-ҽрекетінде
кҿріну.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
34
Білім мекемесін басқарудың жеке мәселелеріне мыналар жатады:
- оқу-тҽрбие процесі;
- мекемені басқарудың кадрлық саясаты (педагогикалық жҽне басқарушы
кадрларды, техникалық персоналды іріктеу жҽне тағайындау, қызметкерлерді
аттестаттау, ҿнімді еңбекке ынталандыру, жағымды психологиялық климат орнату);
- түрлі инновацияларды меңгеру жҽне оның білім мекемесі дамуына ҽсерін
анықтау (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау);
- оқу орнының ҿзге ҽлеуметтік-экономикалық мекемелермен ҿзара байланысын
ұйымдастыру, басқарудың озат тҽжірибелерін зерттеу жҽне педагогикалық жүйені
басқарудың тиімді варианттарын іздестіру.
«Жетістікке тек ҿз біліміне сенімді басшыдан гҿрі, талантты да, дарынды
ҽріптестерінің білімін ұштастырып дұрыс бағытқа апара алатын басшы жетеді», -
деп кҿрнекті ғалым Д. Джонс айтқан екен. Сондықтан қазіргі дамыған
мемлекетімізде білім менеджерлерінің жұмысы ерекше.
Басқару туралы ғылым жҽне ҿнер ретінде менеджмент табысты еңбек етіп
отырған кез келген ұйым үшін аса маңызды. Білім беру саласы да бұдан шетте қала
алмайды, себебі қазіргі нарықтық жҽне бҽсекелестік жағдайда басқару ісі жаңа
ғылыми ережелер мен заңдылықтарға негізделуі тиіс. Ғылым мен білімнің қазіргі
даму кезеңінде тұтас педагогикалық процесті басқару ісіне ғылыми негізделген
сипат беруге деген ұмтылыс күшеюде. Практикалық іс-ҽрекет ретіндегі
педагогикалық басқару (менеджмент) – оқушылардың оқуы мен тҽрбиесін басқару.
Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттік жҽне қоғамдық ұйымдар жүйесі,
ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тҽрбие мен оқыту процестерін басқару
туралы білімдер.
«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең. Себебі
ол тҽрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік жҽне қоғамдық құрылымдарда
(отбасы, қоғамдық ұйымдар, біліктілікті арттыру жүйелерінде, т.б.) да қызмет етеді.
Шындығында, педагогикалық басқарудың кез келген «адам – адам» жүйесінде орны
бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне –
педагогикалық процесс субъектісінің іс-ҽрекетін басқаруға бағынады.
Менеджмент жҥйесінде басқарудың ҥш жолы қарастырылады: басқаруға
үрдіс ретінде қарау жолы; жүйелі жолы; жағдаяттық жолы.
К.В. Дрязгунов мынадай анықтаманы ұсынады: оқытудағы педагогикалық
менеджмент – мұғалімнің оқыту процесін басқарудың нҽтижелі жүйесін
қалыптастыруға бағытталған мақсатты педагогикалық іс-ҽрекеті. Оның негізгі
компонентері: мотивация құру; коммуникативтік байланыс орнату; меңгерілген
білімді үнемі бақылау; кез келген педагогикалық жағдайда педагогикалық шешім
қабылдау.
В.П.
Симонов
педагогикалық
менеджменттің
тҿрт
құрылымдық-
функционалдық компоненттерін немесе жүйе құраушы факторларын бҿліп
кҿрсетеді:
1. Жобалаушы компонент немесе іс-ҽрекеттің мақсаты (жоспарланған,
күтілетін нҽтиже);
2. Коммуникативтік компонент, іс-ҽрекет субъектісі (директор, оның
орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар) жҽне объектісі немесе екінші субъект
(басқарушылық шешімдерді орындаушы);
3. Ұйымдастырушылық-мазмұндық компонент, іс-ҽрекет мазмұны (оқу-тҽрбие
жҿніндегі, басқару туралы ақпарат) жҽне тҽсілдері (субъектілердің ҿзара
қатынасында басшылыққа алынатын принциптер жҽне қолданылатын ҽдістер);
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
35
4. Талдау-нәтижелік компонент, іс-ҽрекет нҽтижесі (басқарушылық шешім).
Басқару әдістерінің негізгі топтары тӛмендегідей:
- ҽкімшілік-ұйымдастыру ҽдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-ҿлшемін
белгілеу, кҿрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жҽне т.б.);
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек
саны жҽне сапасына орай, категориялары мен атақ-дҽрежелеріне сҽйкес жалақы
беру);
- психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, ҿтініш, тілек білдіру,
алғыстар жариялау) жҽне ҽсерлендіру (жағымды психологиялық климат
қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін кҿтеру, білім мекемесінің
ҽлеуметтік даму болашағы жҿніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім
мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық ҽсер ҽдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен
қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мҽртебесін
ұлықтау);
- білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш-қуатын,
уақытын жҽне барлық құралдарды нҽтижелі де жоспарлы пайдалану;
- білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарға жҽне қоғамның рухани,
ҽлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сҽйкестігін анықтау;
- оқу-тҽрбие процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа –
еркіндік пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай жҽне
ҽрекет ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау. Педагогикалық басқару ҽдістері
кҿзделген мақсаттарға жету жҽне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |