Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,67 Mb.
#4081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
53 
ЖАКСЫЛЫКОВ Тлек Толеужанович, 
«№34 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «Технология» пәнінің мҧғалімі, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
«ТЕХНОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 
 
Аңдатпа 
Қазіргі  уақытта  қазақстандық  білім  жүйесінде  оқытудың  түрлі  инновациялық 
технологияларын  енгізу  басты  назарға  алынуда.  Оқушының  дарын-қабілетін 
жетілдіріп,  оның  бойында  іскерлік  дағдыларын  дамытатыны  атап  айтылды. 
Қысқасы,  аталмыш  жұмыста  «Технология»  пҽнінде  жаңаша  оқытудың  ҽдіс-
тҽсілдеріне қатысты осындай ҿзекті мҽселелер жан-жақты қарастырылған. 
 
«Технология»  пҽнін  оқытуда  –  еңбек  етудің  алғышарттарын  үйрену  арқылы 
оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  тҽрбиелеу  мақсаты  кҿзделеді.  Осы  мақсатты  жүзеге 
асыру  барысында,  оқушыларға  берілетін  тҽлім-тҽрбие  үрдісін  жетілдіру,  жұмыс 
мҽдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек 
біліктілігін  қалыптастыру  арқылы  еңбекке  ҿнімділігін  арттыруға  ынталандыру 
міндеттерін мұғалімге жіктейді. 
Жас ұрпақты қоғамдық ҿмірге, отбасындағы қызметке, кҽсіпке даярлау, үнемі 
ҿзгеріп  отыратын  ҽлемде  ҿмір  сүретіні  туралы  түсінікті  қалыптастыруды 
міндеттейді.  Елбасы  Н.Ҽ.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауында:  «Негізгі 
мақсатымыз  –  Қазақстанның  ҽлемнің  елу  дамыған  елдерінің  қатарына  енуі»,  - 
делінген. Сол себепті, ҽр оқушыға оның қабілеттеріне сҽйкес келетін білім беру ҿрісі 
қажет. Адамға ең бірінші ҿмірлік қажеті – еңбек екенін уақыт дҽлелдеуде. 
Адам  ҿмірі  үшін  аса  қажетті,  ҽрі  ҿмір  бойы  тоқтаусыз  білім  беретін  пҽн 
«Еңбекке  баулу»,  бүгінгі  «Технология»  оқу  пҽні  үнемі  жетілдіруде.  Біздің  елімізде 
еңбекке  үйрену  –  Ы.  Алтынсарин  1887-1888  жылдары  қазақ-орыс  мектебін  алғаш 
ашқанда басталған. Оқушыларды кҽсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, 
білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады. 
Болашақ кҽсіпкер: 
- ҿз ҿндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі; 
- азаматтық нарыққа қатыса алады
- ҿз ҿндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы; 
- жұмыстың сапасына жауап беруші. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
54 
Ұжымның  жұмыс  нҽтижесінде  ҿзіне  пайда  келтіретін  ҽдіс-тҽсілдерді 
қамтамасыз етуді шешу: 
-  мектептің  материалдық-технологиялық  базасына,  аймақ  ерекшелігіне 
байланысты.  Сонымен  бірге  оқушыларды  кҽсіби  еңбекке  баулу  мүмкіншіліктерін 
зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау. 
Ата-ана,  ауыл  ҽкімшілігі  мектеп  ұжымымен  бірігіп,  жастарды  кҽсіпкерлікке 
баулуға бағытталған оқу-тҽрбиелік шығармашылық орта құруы қажет. 
Еңбек тҽрбиесі – барлық тҽрбиенің қайнар кҿзі. Еңбек тҽрбиесі арқылы киімді 
пішу,  тігу,  қолҿнер  шеберлігін  меңгерту  арқылы  ұрпақты  адамгершілік  рухында 
тҽрбиелей  аламыз.  Ҿйткені,  оқушы  алған  теориялық  білімін  іс  жүзінде  қолдана 
отырып,  оны  ҿмірімен,  ҿзінің  іс-ҽрекетімен  байланыстыра  білгенде  ғана,  ҿзіне  де 
пайдасын тигізе алады. 
«Технология»  сабағы  арқылы  оқушыны  іскерлікке,  ұқыптылыққа,  ҽдемілікті 
сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сҿзден – іске кҿшу». Еңбек 
тҽрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, кҿркемдеу, қол ҿнер шеберлігін меңгеру арқылы 
жас ұрпақты адамгершілік рухында тҽрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты 
жүргіземіз. Оқушылар ҽр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен 
келешек  кҽсіби  ісіне  қажетті  эстетикалық,  ұлттық,  этикалық  жҽне  т.  б.  бағалы 
қасиеттерін ҿз бойларына қалыптастырады [1, 45 б.]. 
Енді  осы  орайда,  ҿзімнің  іс-тҽжірибемдегі  сабаққа  тоқтала  кетсем.  Сабақ 
«Технология» пҽнінен 6 сыныпта «Ағашқа ҿрнектер салу» тақырыбында ҿтті. 
Сабақтың  мақсаты:  ағашты  кҿркемдеп  ҿңдеудің  ерекшеліктерімен 
таныстыру. 
Сабақтың барысы. 
1. Ұйымдастыру: 
А) Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. 
Б) Жұмыс киімдерін, сабаққа дайындығын тексеру. 
2. Ҿткен материалдарды қайталау. 
А) Оқушыларға сұрақтар қою: 
- Ағашты ҿңдеу үшін қандай құрал-сайман керек? 
- Сүргінің құрылысын айт? 
- Жақ ара неше бҿліктен тұрады? 
- Бұрғы қандай қызмет атқарады, оның түрлері? 
- Сүргіленген бұйымның сапасын қалай тексеруге болады? 
3.  Жаңа  сабақ  мазмұны  (ағаштың  ҿрнек  салынған  үлгі  суреттері  экраннан 
компьютермен кҿрсетіледі). 
          
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
55 
А) Ағаш ҿңдеу туралы ҽңгімелеу. 
Б) Эталондық үлгі арқылы ҿрнектің жүйелі орындауын кҿрсету. 
В) Ҿрнек кесетін қашаудың ҿткірлігін тексеру. 
Г) Ҿрнек ою кезінде оның салалық бағытын кҿрсету. 
Д) Ҿрнек сызығын бірдей тереңдікке ою тҽсілін қалыптастыру. 
Ж) Ҿрнек ою техникаларын игеру. 
1. Ойық жүзді қашаумен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Оқушылар жауаптары. 
2. Оқушылардың ҿз бетімен жұмысы. 
А) Оқушылардың дұрыс оюларын бақылау, қадағалау. 
Б) Жұмысты бұрын аяқтаған оқушыға қосымша тапсырма беру. 
3. Сергіту жаттығулары. (Қолға, саусаққа, кҿзге, жүйке жүйелеріне). 
4. Кҿрме. 
Оқушылардың  ойған  бұйымдарын  салыстырып,  дұрыс,  орташа,  дұрыс  емес 
ойылған  бұйымдарға  талдау  жасауды  оқушылардың  ҿздеріне  айтқызу.  Жақсы 
жұмыстар мектеп шеберханасында үлгі ретінде сақталады. 
5. Қорытынды: 
- Оқушылардың еңбегін бағалау. 
- Үйге тапсырма беру. 
- Жұмыс орындарын жинастыру. 
Еңбек  сабағында  оқушылардың  іске  икемділігі  мен  іскерлігіне,  ҿнерге, 
шеберлікке  деген  бейімділігін  дамыта  отырып  қалыптастырамыз.  Оқушылар 
отбасында  да  тұрмыстың  ҽр  түрлі  ҿнімді  еңбегіне  қатысады.  Баланың  бойындағы 
сапалық  қасиеттері,  еңбекке  қызығушылығы,  табиғатты  қорғауы,  ұқыптылығы 
арқылы  еңбек  адамын  кҿру.  Қазіргі  кезде  білім  беру  кеңістігінде  инновациялық 
үрдістердің  бағыттарының  бірі  –  мектепке  бағдарлау  болып  табылады. 
Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай 
тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. 
Оқыту  мҽселелерін  бастамас  бұрын,  жас  ұрпақты  ұлттық  рухта  тҽрбиелеуге 
ерекше  мҽн  беру  керек.  Сабақ  –  оқыту  мен  тҽрбиелеу  үрдісінің  негізгі  формасы. 
Ендеше сабақтың мҽнді ҿтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация  – оны 
жеке  түсініп,  оқу  үрдісіне  енгізу  –  оқушылардың  саналы  да  сапалы  білім  алудың 
бірден бір шарты. Инновациялық ҽдіс-тҽсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір 
шарты  деп  айттық.  Саралап  оқыту  –  оқушылардың  туа  біткен  ақыл-ой  қабілетінің 
жеке  дамуының  жан-жақтылығына  негізделген  білім  беру  жүйесі,  оқытудың 
дҽстүрлі  емес  сабақ  түрлері  мен  жаңа  ҽдіс-тҽсілдерін  қолдану,  сабақтарда 
пайдаланатын  негізгі  ҽдістер  оқушылардың  кҿңіл-күйіне,  ынтасына,  қабілетіне 
қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану т. б. 
«Технология» пҽні география, бейнелеу ҿнері, тарих, музыка пҽндерімен тығыз 
байланысты.  Электронды  кҽсіптік  бағдарлау  жүйесі  –  қазіргі  заманға  сай 
ақпараттық-коммуникациялық  технология  негізінде  жасалып,  оқушының  ҿзіне 
қажетті  мамандықты  таңдап,  оның  ерекшеліктері  жҿнінде  тұтас  ақпаратты  ұсына 
отырып,  ҿз  мүмкіндігі  бойынша  қалаған  мамандығын  анықтауға  кҿмектеседі. 
Оқушыларды  кҽсіптік  бағдарлау  ақпараттық  үрдісі,  ұдайы  кҽсіптік  білім  жҿніндегі 
ақпараттарды талдауды жҽне қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, 
мазмұны ҿзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – 
халықтар дҽстүрінде ежелден қалыптасқан. 
Балаларды еңбекке тҽрбиелеу – қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы 
туа сала емес, кҿре-кҿре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке ҿте қабілетті болып 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
56 
ҿссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тҽрбиесін дұрыс алуы 
немесе  одан  шет  қалуы  оның  келешек  ҿміріне  үлкен  ҽсер  етеді.  Баланың  еңбек 
тҽрбиесін  меңгеруі,  қоғам  үшін  ғана  емес,  оның  жеке  басы,  ҿз  тіршілігі  үшін  де 
қажет.  Еңбекті  сүйетін  адамның  ҿмірінде  реніш  болмайды.  Олар  үнемі  кҿтеріңкі 
кҿңіл-күйде  жүреді.  Отбасына  еңбек  тҽрбиесін  жүргізгенде,  баланы  белгілі  бір 
мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жҿн. 
Егер  бала  отбасында  еңбек  тҽрбиесін дұрыс  алып  шықса,  мектепте  іскерлікке 
үйрену  оңайға  түседі.  Ҿйткені,  отбасында  алған  еңбек  дағдылары  балаға  түрлі 
мамандықты үйренген кезде жҽрдемдесіп, оны игеруді оңайлатып отырады [2, 27 б.]. 
Технология  сабағында  жобалау  ҽдісін  қолдану  аса  маңызды.  Жоба  –  ҽр  түрлі 
бҿлімдерден  –  арнайы  сызбалардан,  суреттерден,  жасалатын  бұйымның 
технологиялық  картасынан  құралуы  мүмкін.  Ол  бұйымдарды  жасаған  кезде  есеп, 
экономикалық немесе экологиялық дҽлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. 
Жобаның  бірнеше  нұсқасы  болуы  мүмкін.  Мысалы,  ҿте  күрделі  жобаны 
оқушының ҿзі  ғана орындауы шарт  емес. Сондықтан жобаның кейбір  бҿлігі  дайын 
күйде  берілсе,  кейбір  бҿлімін  оқушы  мұғалімнің,  ата-ананың  кҿмегімен  орындай 
алады.  Егер  бір  күрделі  жобаны  бірнеше  оқушы  бірлесіп  орындаса,  ҽр  оқушының 
үлесі  алдын  ала  анықталуы  қажет.  Ол  оқу  жылының  соңында  ҿзінің  орындаған 
шығармашылық жобасын оқушылардың жҽне мұғалімнің алдында қорғайды. 
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап 
алу, ол бұйым қоғамға, ҿзіне достарына жҽне ата-анасына қандай пайда келтіретіні 
ескеріледі. 
Жобалау ҽдістемесінің талабы: 
1.  Міндетті  түрде  шешілетін  мҽселенің  зерттемелік,  ақпараттық,  тҽжірибелік 
болуы. 
2. Жобаны орындау іс-ҽрекетті жобалаудан басталады. 
3. Ҽр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-
ҽрекетінің ерекшелігі – ақпаратты іздеу болып табылады. 
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы – нҽтиже. 
5.  Дайындалған  жоба  тапсырыс  берушіге  немесе  қоғамдық  ҿкілдікке  кҿз 
жеткізуі керек. 
Жобаның түрлері: 
- Шығармашылық жоба; 
- Ақпараттық жоба; 
- Рҿлдік жоба; 
- Тҽжірибелі бағдарланған жоба; 
- Зерттеу жобасы. 
Жобаның негізгі бҿліктері: 
1. Міндеттің қысқаша анықтамасы
а) берілген бұйым кімге арналған; 
б) арналған бұйымның қажеттілігі. 
2. Бұйымды дайындауға кіріспес бұрын: 
- нені міндетті түрде жобалау керек; 
- кімге арналған киім жобалау керек екенін анықтау қажет. 
3) Бұйымның дайындалуы. Кез-келген жағдайда жұмыстың мақсат, міндеттері 
оның басты бағытымен анықталады. 
4) Бұйымды байқау жҽне бағалау. 
Жобаның орындалу бірізділігі: 
1. Іздену кезеңі; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
57 
2. Жобаның тақырыбын таңдау жҽне жаңашылдыққа бет бұру; 
3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау; 
4. Жоба идеясы мен тақырыбы туралы сыныптастарымен жҽне мұғалімдермен 
бірге талқылау; 
5. Жобаның тақырыбы мен идеясын бекіту. 
Сызбаны 
жҽне 
технологиялық 
картаны 
дайындаудың 
мҽні 
зор. 
Шығармашылық  жоба  –  ҽр  оқушының  жыл  сайын  мұғалімнің  кҿмегімен 
орындайтын  ҿзіндік  жұмысы,  басқаша  айтқанда,  «Технология»  пҽні  бойынша 
жүргізілген  шығармашылық  жұмыс.  Шығармашылық  жобаның  «Технология» 
пҽнінде  алатын  орны  ҿте  зор.  Шығармашылық  жоба  арқылы  оқушының  ұлттық 
дүниетанымы,  эстетикалық  талғамы  дамиды.  Оқушылар  санасына  жас  кезінен 
бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай 
іс  болса  да  шын  ниетпен  жҽне  ұқыпты  орындауға  дағдыландырады.  Оқытудың 
осындай  идеяларын  ұстанған  сабақтарда  оқушылар  ҿз  ойларын  еркін  айтатын 
болғандықтан,  оларда  түрлі  пікірлер  пайда  болады.  Олардың  қандай  да  болмасын 
мүмкін  қате  немесе  шала  ойларын  шыдымдылықпен  тыңдап,  оқушыларды 
сенімділікке бастау – мұғалімнің басты міндеті. 
Қолданбалы  экономика  мақсаттары:  жеке  меншік,  баға  белгілеу  жҽне  бҽсеке 
жүйесіне  кҿп  кҿңіл  бҿлу;  экономикалық  заңдардың  іскерлік  шешімдерге  ҽсерін 
анықтау;  нарықтық  экономикадағы  үкімет  рҿлін  кҿрсету;  кҽсіпкер  мен 
тұтынушыларды этикалық нормалар мен ережелердің болу қажеттігін оқушылардың 
түсінісуіне кҿмектесу. 
Мамандықты,  сонымен  қатар  жеке  экономика  мҽселелерін  таңдауда 
оқушылардың  ҿз  мүмкіндіктерін  ұсынады.  Олар:  оқу,  хат  жҽне  базалық  білім, 
графиктер  мен  таблицаларды  түсіну,  алынған  мҽліметтерді  зерттеу  жҽне  талдау, 
кішігірім топтарда жұмыс істеу жҽне оларды басқару жҽне т. б. 
Шығармашылық  жобаны  рҽсімдеу:  1.  Бастапқы  бет;  2.  Мақсаты,  міндеті, 
болжамы, күтілетін нҽтижесі; 3. Шығу тарихы; 4. Жалпы эскизі; 5. Нұсқау карта; 6. 
Қажетті құрал-жабдықтар; 7. Құны. 
Нақты  тақырып  тҿңірегінде  оқушының  алдында  ҽр  кезеңде  мақсатқа  қол 
жеткізудегі ұмтылыс нығая түспек. Шығармашылық жобаны іске асыру барысында 
қол 
жеткен 
жетістіктер: 
сабақтан 
бос 
уақытта 
маңызды 
ҽлеуметтік 
шығармашылықпен  айналысатын  балалар  санының  ҿсуі;  ата-аналардың  ҿз 
балаларының  іс-ҽрекеттерін  ұйымдастыруға  қатысуға  қызығушылығының  артуы; 
баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған ҽр іс-шараның 
тҽрбиелік мақсаттарға жетуі; ұйымдастырылған іс-шаралардың сапасы жҽне жобаға 
қатысушылардың ынталандырылуы. 
Жобалау  технологиясының  негізінде  оқушылардың  жұппен  бірігіп  немесе  ҽр 
оқушы  ҿзі  дайындайтын  шығармашылық  жұмыстар  жатыр.  Оқушылардың 
шығармашылық  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыруды  жоспарлау  жҽне  жоба 
жұмысының  кезеңдері:  тірек  сызба  –  жоба;  практикалық;  теориялық;  бұйым; 
түсіндірме парақтары. 
Еңбек  тҽрбиесінің  мазмұны  мен  жүйесі  мынадай.  Жасҿспірімдерді  еңбекке 
тҽрбиелеудің  жалпы  міндеттері  бірнеше  жеке  міндеттерді  орындау  арқылы  іске 
асырылады. Олар білім алушыларды  еңбекке практикалық  тұрғыдан даярлау. Білім 
алушының ынтасын жҽне қабілетін дамыту – еңбек тҽрбиесіндегі жеке міндеттердің 
бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б. қолдану барлық 
мамандардан  жоғары  техникалық  сауаттылығы  талап  етеді.  Сондықтан  оқыту 
идеялары  маңызды.  Саралап  оқыту  –  оқушылардың  туа  біткен  ақыл-ой  қабілетінің 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
58 
жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі [3, 58 б.]. Барлық 
педагогикалық  жүйе  құрам  бҿліктерінде  инновация  үрдісі  іске  асу  үшін 
тҿмендегідей жұмыстар істелу керек: 
- Мұғалім мен оқушылар арасында тұлға аралық қатынас қалыптастыру; 
- Сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгейімен ерекшеленетін 
бірлестік жұмыс ҽдісі қалыптасады
- Оқушыларды ашық түрде пікір алысу мҽдениетіне баулиды. 
Жас  ұрпақты  еңбексүйгіштікке,  іскерлікке  баулу,  ҽсіресе  қазіргі  кезде  ауадай 
қажет. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп ҿткізу 
қажет. Ең бастысы оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен 
айналысып отыруын қадағалау қажет. 
Жаңашыл  ҽдістер  мен  жаңа  технологияның  білім  берудегі  жолдары  мен  ҽдіс-
тҽсілдерін қолдану керек. Дамудың жаңа сатысында бағыт алған мектептің ең негізі 
ҿзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігіне кҿп жағдай тҽуелді. 
Жалпы  пҽндер  бойынша  В.Ф.  Шаталовтың  ұсынған  ҽдісі  бойынша  тірек-конспект, 
диаграмма,  график,  логикалық  тірек-сызба  арқылы  теориялық  материалдарды 
блокпен  оқытып,  дамыта  оқыту  технологиясы  бойынша  оқушылардың  ҽр  түрлі 
кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап, оқыта отырып дамытуға, екіншіден, 
ҿз  бетінше  білім  жинақтауға  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  ҿмірге  бейімделуіне 
ықпал жасайды. 
Жаңа  технология  жүйесінде  проблемалық  жҽне  іскерлік  ойын  арқылы 
оқытудың да маңызы зор. Оқушылар ҽр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу 
жолдарын  іздестіреді.  Мұндай  сабақтар  оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін 
дамытады,  пҽнге  қызығуын  арттырады,  ҿмірде  кездесетін  түрлі  қиындықтарды 
жеңуге тҽрбиелейді. 
Іскерлік ойын сабақтарын ҿткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады: 
1-кезең:  Дайындық  (рҿлдерді  бҿліп  беру,  оқушыларды  топтарға  бҿлу, 
проблемаларын алдын-ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау; 
2-кезең: Ойын кезеңі; 
3-кезең: Қорытындылау. 
Іскерлік  ойындардың  дидактикалық,  тҽрбиелік,  дамытушылық  маңызы  зор 
екенін  ескерсек,  ретіне  қарай  ҽр  түрлі  пҽндерден  дҽстүрлі  емес  сабақ  түрлерін 
кҿбірек ҿткізу қажет. 
Дҽстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру жҽне 
ҿткізу  жолдарын  жан-жақты  зерттеп,  оқушылармен  ҿткізілетін  сабақтар  жүйесі 
жасалынуы қажет. 
Модульдік  оқыту  технологиясы  мен  тігін  бұйымдарын  модельдеуге  назар 
аудару  керек.  Модульдік  оқыту  технологиясы  –  балаларға  жеңілдік  жасап,  оқушы 
мен  мұғалім  қарым-қатынасына  теңдік  жағдай  жасап,  оқушыларды  қатты  қыспай, 
еркін сҿйлеп, қызықтырушы, кҿрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты 
қоғамдық  ҿмірге,  отбасындағы  қызметке,  кҽсіпке  даярлау,  үнемі  ҿзгеріп  отыратын 
ҽлемде ҿмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін 
басқаруды  дамытуға  бағытталған  жаңа  модельдерді  кҿп  қолданған  жҿн.  Ҽр  пҽн 
мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пҽнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын 
кеңінен  қолдану  қажет.  Себебі  оқушы  алған  теориялық  білімін  іс  жүзінде  қолдана 
отырып,  оны  ҿмірімен,  ҿзінің  іс-ҽрекетімен  байланыстыра  білгенде  ғана  ҿзіне  де, 
қоғамға да пайдасын тигізе алады. 
Қолданбалы  экономикалық  керемет  бҿлігінің  бірі  –  оқушылардың  жеке 
бизнесінде  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беретін  «Мектеп  компаниясында»  практика 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
59 
жұмыстары  зерттелді.  Қорыта  айтқанда,  сабақты  жоспарға  негіздеп,  жаңашыл 
ҽдістерімен  жүргізу  тиімді.  Яғни  сабақты  бір  тип  бойынша  қалыптастыруға 
болмайды.  Оған  заман  талабына  байланысты  технологиялық  ҽдістерді  пайдаланып, 
қызықты  жҽне  жан-жақты  тҽсілімен  ҿткізе  алсақ,  болашақ  ұрпақтың  білімді 
болатынына сенемін. 
 
Әдебиеттер 
1 Ҽбдіғалиева Ш. Мектептегі технология. – Алматы, 1996. – 45 б. 
2 Кенжеахметұлы С., Махамадиева М., Тҽжімұратов Д. Шебердің қолы ортақ. – 
Алматы: Алматыкітап. 2008. – 27 б. 
3 Шаталов В.Ф. Технология пҽніндегі ҽдіс-тҽсілдердің тиімділігі. – М., 2001. – 
58 б. 
 
Резюме 
В  настоящее  время  в  казахстанской  системе  образования  уделяется  большое 
внимание  внедрению  инновационных  технологий.  В  данной  работе  автор  делает 
акцент на развитие творческих способностей учащихся, способности адаптироваться 
в  будущем  на  рынке  труда.  Словом,  в  этой  работе  автор  рассматривает 
использование новых методов обучения на уроках технологий
 
ҚАЛПАҚОВА Ақмарал Мусақызы, 
Кенбай орта мектебінің бастауыш сынып мҧғалімі, Сағыз селосы, 
Қызылқоға ауданы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  ғылым  мен  тҽжірибе 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жҽне кҽсіби шыңдауға 
бағытталады,  олардың  шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашатын  білім  деңгейімен 
қамтамасыз етуді қарастырады. 
Қазақстан  Республикасы  жоғары  білім  беру  мемлекеттік  стандартының 
тұжырымдамасында:  «Білім  беру  жүйесінің  стратегиялық  мақсаты  –  мемлекеттің 
ҽлеуметтік жҽне кҽсіптік проблемаларын ҿз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде 
шеше  алатын  жоғары  білімді  ҽрі  бҽсекеге  қабілетті  шығармашыл  тұлғаны 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
60 
қалыптастыруға  неғұрлым  қолайлы  жағдай  жасау  болып  табылады»,  -  делінген. 
Бүгінгі  жалпы  білім  беретін  мектеп  қоғамның  алға  қойған  кҿкейкесті  міндеттерін 
жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік 
деңгейдегі  жоғары  мҽдениет  пен  қажетті  білім  қорын  жинақтаған,  ҿз  алдына 
жауапты  шешімдер  қабылдай  алатын,  ҽр  істе  белсенді  шығармашылық  ҽрекет 
жасайтын жеке тұлғаны тҽрбиелеуі тиіс. 
Оқушыларды  шығармашылыққа  баулу,  ҿз  бетімен  ҽрекет  жасауға  үйретуге, 
бүгінде кҿптеген ғалымдардың кҿзқарасы бойынша ХХІ ғасырдың  іске асуға тиісті 
ҿзекті проблемасы болып табылады. Р.Г. Лемберг, Е.Я. Голант, Д.Н. Богоявленский, 
Л.В.  Занков  жҽне  тағы  да  басқа  кҿрнекті  ғалымдардың  еңбектерінде  ҿздік  жұмыс 
оқушылардың  ҿзін-ҿзі  бақылауын  қалыптастыру,  ақыл-ой  тҽрбиесін  беру  құралы 
ретінде анықталады. 
Соңғы  онжылдықта  ҿзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың  теориялық-
ҽдіснамалық проблемалары кҿптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, ҽртүрлі 
бағытта қарастырылды: оқуды белсендіру құралы ретінде; оқушылардың танымдық 
дербестігін  қалыптастыруға  бағытталған  теориялық  тұжырымдамалар;  дербестік  – 
ҿзіндік  ұстаным,  рухани-практикалық  білім  ретінде;  дербестік  –  жеке  тұлғаның 
қасиеті мен сапасы ретінде. Кҿрнекті психологтер Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. 
Давыдов  зерттеулерінің  нҽтижесінде  бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық 
мүмкіндіктері айқындалды. Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев оқыту 
мен  дамудың  ҿзара  байланысын  ашып  кҿрсетті.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 
ҿзіндік  іс-ҽрекетін  қалыптастыру  проблемаларымен  ғалымдар  А.Х.  Аренова,  Н.Н. 
Светловская, А.Я. Савченко айналысты. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  ҿздік  жұмысы  проблемасын  талдау  бұл 
зерттеліп  отырған  мҽселенің  толығымен  тұтас  педагогикалық  үрдісте  жүзеге 
асырылатынын кҿрсетіп берді. Ҿздік оқу іс-ҽрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде 
оқушылардың  ҿзіндік  шығармашылық  іс-ҽрекетінің  құрамдас  бҿлігі  болып 
табылады.  Ҿздік  іс-ҽрекеттің  ең  басты  қажеттілігі  –  оқушыны  ойға  жетелеуінде, 
ойланта  отырып,  ҿзіндік  ойының  қалыптасуы  оны  шығармашылық  жұмысқа 
жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. 
Бастауыш сынып оқушыларының ҿзіндік оқу іс-ҽрекеті ұғымын дамытуды біз 
философиялық  категориялар  бірлігінде  қарастырамыз:  іс-ҽрекет  –  бұл  жалпыға 
ортақ,  танымдық  іс-ҽрекет  –  оқу  іс-ҽрекеті  –  жалпы;  оқушылардың  ҿзіндік  оқу  іс-
ҽрекеті  –  жеке.  Іс-ҽрекеттің  негізінде  танымдық  іс-ҽрекет  дамиды.  Танымдық  іс-
ҽрекет ҿзіндік оқу іс-ҽрекетіне айналып, жеке тұлғаның ҿзіндік интегративті білімін 
қамтамасыз етеді. 
Ғылыми-педагогикалық  зерттеулерде  «ҿзіндік  жұмыс»  ұғымына  бірнеше 
анықтамалар  берілген:  оқыту  үрдісіне  енгізілген  оқушылардың  ҿздік  жұмысы  – 
мұғалімнің  тікелей  қатынасуынсыз  орындалатын  жұмыс.  Бұл  жағдайда  оқушылар 
саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге ҿздерінің күштерін пайдалану 
жҽне  танымдық  іс-ҽрекеттерінің  нҽтижелері  арқылы  тырысады  (Б.П.  Есипов). 
Оқушылардың  тапсырмаларды  еш  кҿмексіз,  мұғалімнің  бақылауынсыз  орындауы 
(Г.М. Михельсон). 
Ҿздік оқу іс-ҽрекеті дегеніміз – бұл дидактикалық ұғым, ғылыми-практикалық 
міндеттерді ҿз бетімен қою, оның шешімін табудың ҿзіндік тҽсілдерін болжау жҽне  
анықтау,  жеке  тұлғаның  ҿзін-ҿзі  бақылауы,  бағалауы  негізінде  педагогикалық 
үрдіске  қатынасушылардың  ҿзара  іс-ҽрекетінде  қалыптасқан  жеке  тұлғаның 
интегративті білімі (А.Х. Аренова), т.б. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
61 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет