Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,03 Mb.
#8002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Acknowledgment 
This  article  was  written  with  the  support  of  the  Russian  Ministry  of  Education  and 
Science 
Program 
«University 
Research 
Potential» 
(2012-2014), 
project 
«Comparativeanalysis  of  the  developmentof  media  educationin  Eastern  Europe(1992-
2012)». Head of the project is Prof. Dr. Alexander Fedorov. 
 
Тҥйін 
Мақалада  мектеп  оқушылары  мен  студенттерге  медиа  білім  берудің  үлгілері 
туралы мәселе ғылыми сарапқа салынған. 
Кілт  сӛздер:  медиа  білім  беру,  медиа  сауаттылық,  медиа  біліктілік,  үлгілер, 
студенттер, университеттер, мектептер. 
 
Резюме 
ФЕДОРОВ А.В., 
доктор педагогических наук, профессор, зам. директора по научной работе 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
28 
Таганрогского  института им. А.П. Чехова, главный редактор журнала 
«Медиаобразование», эксперт Аналитического центра при Правительстве РФ 
по проектам Комиссии при Президенте Российской Федерации 
по модернизации и технологическому развитию экономики России, 
эксперт Министерства образования и науки РФ, эксперт Европейского проекта 
по медиаобразованию и медиаграмотности EMEDUS Европейского союза, 
член Союза кинематографистов России, академик Национальной академии 
кинематографических искусств и наук России 
(Таганрог, Российская Федерация)mediashkola@rambler.ru 
 
РОССИЙСКИЕ МОДЕЛИ МЕДИАОБРАЗОВАНИЯ 
ШКОЛЬНИКОВ И СТУДЕНТОВ 
 
Медиаобразовательные  модели,  разработанные  в  России,  можно  разделить  на 
следующие  группы:  учебно-информационные  модели  (изучение  теории,  истории, 
языка  медиакультуры  и  т.д.),  учебно-этические  модели  (обсуждение  нравственных, 
религиозных,  философских  проблемы,  возникающие  в  средствах  массовой 
информации),  прагматические  модели  (практическое  обучение  использованию 
медиа  и  ИКТ),  эстетические  модели  (в  основном  направленных  на  развитие 
художественного  вкуса  аудитории  и  анализ  лучших  образцов  медиакультуры), 
социокультурные  модели  (социально-культурное  развитие  творческой  личности  в 
плане  восприятия,  воображения,  зрительной  памяти,  интерпретации,  анализа, 
критического  мышления  по  отношению  к  медиатекстам  любых  видов  и  жанров  и 
т.д.). 
Ключевые 
слова: 
медиаобразование, 
медиаграмотность, 
медиакомпетентность, Россия, модели, студенты, университеты, школы. 
 
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР – СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ 
 
ШАКАРМАН Дана Қазбекқызы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 
Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен 
байланыс кафедрасы «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының 
студенті, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: 
ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайҧлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті 
Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, 
PhD, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ PR ҚЫЗМЕТТЕРІ 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ PR ІС-ШАРАЛАРЫН ҦЙЫМДАСТЫРУЫ 
 
Жҧртшылыққа танымал қазақстандық компаниялар. Ел экономикасының 
ұтқыр  әрі  нәтижелі  секторының  бірі  –  бизнес  саласындағы,  оның  ішінде  қарқынды 
дамып келе жатқан ірі-ірі коммерциялық ұйымдардағы паблик рилейшнз бен әлемдік 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
29 
нарықты  жаулаған  бизнес  компаниялар  арасындағы  PR  жағдайларына  тоқталып 
ӛтеміз.  Соның  ішінде,  «ҚазМұнайГаз»  АҚ,  «Қазақстан  Темір  Жолы»  АҚ,  «Эйр 
Астана»  әуекомпаниясы,  «Қазақтелеком»  АҚ,  ресейлік  «Лукойл»  ААҚ  мен 
«Газпром» ААҚ компанияларының негізінде зерттеу жүргізілді. Олардың қоғаммен, 
бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау деңгейлері, ұйым тарихында болған 
PR-науқандар қарастырылды. 
2014  жылы  «Самұрық-Қазына»  корпоративтік  университеті  BISAM  Central 
Asia-мен 
ынтымақтастықта 
қазақстандықтардың 
еңбек-әлеуметтік 
қарым-
қатынастарында  орын  алатын  мәселелерге  кешенді  зерттеу  жүргізген  болатын. 
Зерттеу  барысында  Қазақстанның  әрбір  облысы  бойынша  жұмыс  беруші 
компаниялар мына кӛрсеткіштер бойынша қарастырылды: 
- жұмыс беруші компаниялардың танымдылығы; 
- жұмыс беруші компанияда жұмыс істегісі келетін адамдар саны. 
Жалпы  алғанда,  Қазақстан  бойынша  ең  танымал  үштік  құрамына  ірі  ұлттық 
және  жекеменшік  компаниялар  кірді.  Тӛмендегі  кестеден  Қазақстанның  әр 
түкпіріндегі респонденттердің жауабын кӛре аласыз: 
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ жүргізген сауалнама нәтижесі 
Сіз қандай компанияларды білесіз? 
Қандай компанияда жҧмыс істер 
едіңіз? 
Бірден жауап қату  Ойларына түсіру  Бірден жауап қату 
Ойларына түсіру 
«Қазақтелеком» 
АҚ (35,1 %) 
«Қазақстан Темір 
 Жолы» АҚ 
(88,4%) 
«Қазақтелеком» 
АҚ (13%) 
«Қазақтелеком» АҚ 
(21%) 
«Қазақстан Темір    
Жолы» АҚ 
(29,1%) 
«Қазақтелеком» 
АҚ (88,1%) 
«Қазақстан Темір  
Жолы» АҚ 
(12,9%) 
«Қазақстан Темір  
Жолы» АҚ (20%) 
«Халық банкі» АҚ 
(22,3%) 
«Халық банкі» 
АҚ (84,0%) 
«ҚазМұнайГаз» 
АҚ (7,2%) 
«ҚазМұнайГаз» АҚ 
(12%) 
Кесте  бойынша  жауап  берсек,  халық  арасында  «Қазақтелеком»  АҚ  жақсы 
танымал  әрі  үлкен  беделге  ие.  Жұртшылық  арасындағы  имиджі  жоғары,  себебі 
респонденттердің басым бӛлігі осы ұйымда жұмыс істегісі келетіндіктерін білдірген. 
Әрі  қарай,  Астана  мен  Алматы  қалаларының  компанияларының  рейтингісі 
ұсынылған. Халық арасында – «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан 
Темір Жолы» АҚ мен екінші дәрежелі банктер үлкен танымалдылыққа ие. Мысалға, 
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ын респонденттер еңбекақысы жоғары, әлеуметтік пакеті жақсы 
компания  деп  есептейді.  Оларға  сұрақ  қойған  кезде,  компания  экологияға  зор  мән 
береді,  қоғамның  әлеуметтік  қорғалмаған  топтарына  қолдау  кӛрсетеді  деген 
жауаптар  алынды.  Ал,  «Қазақтелеком»  АҚ  мен  «Қазақстанның  Халық  банкі» 
респонденттер үшін тұрақты, оң беделі бар, ӛз салаларында кӛшбасшылық танытып 
отырған  компаниялар  ретінде  сипатталған.  «Қазкоммерцбанк»  пен  «АТФ»  банкі: 
олар  жұмысқа  ашық  байқау  бойынша  алады,  еңбекке  барлық  жағдай  жасалған, 
басшылары мықты деген жауаптар алынды. 
Ал  «Эйр  Астана»  АҚ,  «Қазатомӛнеркәсіп»  АҚ  мен  «ҚазТрансГаз»  АҚ 
компаниялары  респонденттердің  бағалауы  бойынша  ӛндірісте  еңбек  қауіпсіздігі 
жақсы  сақталатын,  мансаптық  жоғарылауға  үлкен  мүмкіндіктері  бар  компания 
ретінде  бағаланды.  Кӛптеген  респонденттер  «Эйр  Астана»  компаниясы  кадрларды 
оқытуға, кәсіби дамытуға кӛп жағдайлар жасаған деген баға берді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
30 
 
Халық арасында беделі жоғары қазақстандық компаниялар 
«ҚазМҧнайГаз»  АҚ-ның  PR  іс-шаралары.  2002  жылдың  20  ақпанында 
Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, 
Қазақстан  Республикасының  қызығушылығын  қолдайтын,  тиімділіктің  деңгейін 
кӛтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. 
Компанияның  100%  иесі  –  «Самұрық-Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ. 
«ҚазМұнайГаз»  АҚ  «Қазақойл»  ҰМК»  ЖАҚ  және  «Мұнай  және  Газ  тасымалдау» 
ҰК»  ЖАҚ  компанияларын  бір-біріне  қосу  арқылы  құрылды.  Сондықтан,  ӛзіне 
дейінгі компаниялардың құқықтық мирасқоры болып келеді. 
 
Компанияның  стратегиясы.  ҚМГ-дың  басты  стратегиялық  мақсаты 
активтердің ұзақ мерзімді құнын арттыру жолымен акционерлік құнды кӛтеру және 
Қазақстан  экономикасын  жаңғырту  мен  диверсификациялау  болып  табылады.  Ұзақ 
мерзімді мақсаты – әлемдегі 30 ірі мұнай-газ компаниясының бірі болу. 
Компания  негізгі  қызметінің  арқасында  мұнай  және  газ  барлау,  сондай-ақ, 
мұнай  және  газ  экспортының  бағдарларын  кеңейту  мен  диверсификациялау 
бойынша болашақта дамуды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, ҚМГ ӛндіріс кӛлемі мен 
қызмет тиімділігін арттыруға ден қояды. 
Компанияның  «Новатор»,  «Нефтепереработчик»  және  еншілес  компаниялары 
шығаратын кӛптеген газет-журналдары бар. 
Қазіргі  уақытта  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  ішкі  PR-ды  реттеу  бойынша 
жұмыстарды  жан-жақты  ретке  келтіруде.  Сол  мақсатта  қызметкер  қызметінің 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
31 
тиімділігін жан-жақты және объективті бағалау мен ұтымды басқару үшін екі түрлі 
тәсілге бағытталған қызметкерді бағалау жүйесін қолданылуда: 
1.  Мақсаттар  бойынша  басқару  (Management  by  Objective),  бұның  барысында 
қызметкер  қол  жеткізген  мақсаттардың  дәрежесі  мен  сапасы  анықталатын  бағалау 
жүйесі  қарастырылады.  Қазіргі  таңда  әрбір  қызмет  үшін  ПӘК  (пайдалы  әсер 
коэффициенті)  құру  бойынша  жоба  дайындалу  үстінде,  оған  сәйкес  әрбір 
қызметкердің мақсаттары құрастырылған ПӘК-пен анықталатын болады. 
2.  Құзыреттілікті  бағалау  (Performance  Management),  қызметкердің  одан  әрі 
дамуына  бағытталған  белгілі  бір  ӛлшемдер  (құзыреттіліктер)  бойынша  мінез-
құлықты бағалау жүйесі. 
Қазіргі таңда ҚМГ-да барлық қызметкерлері үшін іскерлік және кӛшбасшылық 
құзыреттілік  моделін  жаңарту  жӛнінде,  сондай-ақ  әрбір  қызмет  үшін  техникалық 
құзыреттіліктерді  құру  жӛнінде  жоба  жүргізілуде.  Жыл  сайын  жүргізіліп  жатқан 
бағалау  нәтижелеріне  сәйкес  қызметкерлер  жеке  даму  жоспарларын  құрастырады, 
олар  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізуге  арналған  оқыту  іс-шараларын  қамтиды. 
Персоналды  бағалау  жүйесінен  басқа,  ҚМГ-да  қызметкердің  ӛз  лауазымына 
лайықтылығын  анықтау  үшін  персоналды  аттестациялау  жүйесі  жұмыс  істейді. 
Персоналды аттестациялау 3 жылда 1 рет жиілікпен қызметкерлерді кәсіби-бейіндік 
бағыт бойынша тестілеу жолымен жүргізіледі. 
Қазіргі кезде бірыңғай корпоративті қатынасты құру үшін персоналды бағалау 
жүйесі ҚМГ компаниялар тобының еншілес кәсіпорындарына таратылуда, бұл ҚМГ 
компаниялар тобының ішінде қызметке ауысу кезінде қызметкерлердің бейімделуін 
жеңілдетуге  және  қызметкерлердің  кәсіби  ӛсуі  үшін  ашық  және  объективті 
жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. 
Осындай  ӛзгерістер  мен  жаңалықтар  туралы  ақпараттарды  компанияның 
«Қоғаммен  байланыс»  бӛлімшесі  қызметкерлерге  таратып,  түсіндіру  жұмыстарын 
жүргізеді. 
«ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ-ның  ішкі  пиарына  келер  болсақ,  компания 
қызметкерлерін  тарту,  ұстап  қалу  және  ынталандыру  –  адам  ресурстарын  басқару 
саласында компания алдында тұрған негізгі міндеттер. 
Қазіргі  таңда  ҚМГ  қызметкерлерін  ынталандыру  мынадай  құрамдас 
бӛлшектерден тұрады: 
- сыйақы (Compensation) – кӛрсетілген қызмет үшін жұмыс беруші қызметкерге 
тӛлейтін ақшалай қаражат; 
-  жеңілдіктер  (Benefits)  –  қызметкерге  тӛленетін  сыйақыны  толықтыру  үшін 
жұмыс беруші пайдаланатын бағдарламалар; 
-  жұмыс  тиімділігін  бағалау  және  мойындау  (Performance  and  recognition)  – 
тиімділікті бағалау келісімге келу және жекелеген қызметкерлердің, командалардың 
және  жалпы  компанияның  компанияны  жетістікке  жетелейтін  бизнес  мақсаттарға 
қол жеткізу жӛніндегі іс-әрекеттерін кеңінен бағалауды қамтиды; 
- даму мен қызметте ӛсу мүмкіндіктері (Development and career opportunities)  – 
даму  қызметкерлердің  дағдылары  мен  құзыреттіліктерін  кеңейту  мен  тереңдетуге 
бағытталған оқытуды қамтиды. 
Қызметте  ӛсу  мүмкіндіктері  қызметкерлерге  ӛз  қызметін  құруда  мақсаттарға 
қол  жеткізуге  кӛмектесетін  жоспарлауды  білдіреді.  ҚМГ  қызметкерлерін 
ынталандыру жүйесі жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» 
АҚ ұсынған саясат пен тәжірибеге сәйкес құрылған. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
32 
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жұмыстың бірінші күнінен бастап-ақ, тек 
ӛндіріс  кӛрсеткіштерін  биікке  жетілдіруге  ғана  ұмтылған  жоқ.  Ол  жұмыстарын 
барынша  нәтижелі  ұйымдастыруға,  сапалы  актив  жүйелерінің  болуына,  мұнай 
бизнесін басқаруда әлемдік тәжірибелерді қолдануға, бірлескен басқаруға және кадр 
әлеуетінің дамуына да баса назар аударып келеді. Яғни, компанияның сыртқы PR-ы 
да қалыс қалып жатқан жоқ. 
«ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  қомпаниясы  басшылығы  мен  ұжымының  арқасында 
отандық мұнай газ индустриясының жетекші, жүйеқұраушы кәсіпорны болып отыр. 
Сонымен қатар, компания әлемдік энергия тасымалдау нарығында ӛз орнын тауып, 
Қазақстан  Республикасының  мүддесін  лайықты  түрде  кӛрсете  отырып,  ӛзінің 
жауапты  серіктес  ретіндегі  беделін  мойындата  алды.  Бұл  жағдайда  да  паблик 
рилейшнздің атқарар рӛлі басым. 
Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» – Қазақстан қоғамның дамуына ерекше үлес қосып 
келе  жатқан  әлеуметтік-жауапты  компания.  Компания  бірқатар  әлеуметтік 
бағдарламалар  әзірлеп,  іске  асыруда.  Олар  еңбекті  қаржылай  ынталандыруға,  жас 
мамандардың  кәсіби  ӛсуіне,  мүгедектер  және  ардагерлерге  қамқорлық  жасауға, 
сондай-ақ,  ӛндірістік  қызметке  тікелей  қатысы  жоқ  басқа  да  әлеуметтік  салаларға 
қолдау жасауға бағытталған. 
Алдағы  күндері  «ҚазМұнайГаз»  ҰК»  АҚ  осы  бағыттағы  ӛз  ұстанымын  әрі 
қарай нығайтатыны анық. Ол барлық қазақстандықтар үшін барынша пайда әкелуге 
ұмтыла  отырып,  ӛз  істерінде  алғашқы  қазақстандық  мұнай  кәсіпкерлерінің  ата 
дәстүріне сүйенеді. 
Компания  әлеуметтік  жауапкершілікті  қоғамның  әлеуметтік,  экономикалық 
және экологиялық жағынан дамуына бизнестің қосқан ерікті үлесі деп қабылдайды. 
«ҚазМұнайГаз»  АҚ-ның  PR-дың  маңызды  технологияларының  бірі  –  арнайы 
шараларды ұйымдастыру қызметтеріне тоқталсақ, кӛмек кӛрсеткен жобалары: 
- «Творческая педагогика» қоғамдық қорына «Интеллектуалды олимпиадалар» 
атты  қазақстандық  телевизиялық  жобасын  –  дарынды  қазақстандық  жастарды 
(мектеп  оқушылары,  студенттер,  жас  интеллигенция)  іздеу  және  қолдау,  сондай-ақ 
олардың рухани әлеуетін дамытуға бағытталған білім беру жобасын іске асыру үшін 
кӛмек кӛрсетілді. Айта кету керек, 2002 жылдан бері  «ҚазМұнайГаз» осы жобаның 
бас демеушісі болып табылады. 
«SOS Балалар ауылы» Қоры мен SOS бағдарламасы бойынша балаларға қолдау 
кӛрсетуде.  «Светоч»  отбасы  және  отбасындағы  қатынастарды  дамытудың 
қайырымдылық  орталығы»  қоғамдық  қорына  «Светоч»  жетім  сәбилер  баспанасын 
толық  қамтамасыз  етуге  кӛмек  кӛрсеткен.  «ҚазМұнайГаз»  10  жылдан  астам  уақыт 
бойына  ата-анасының  қамқорынсыз  қалған  балаларға  жүйелі  түрде  кӛмек  кӛрсетіп 
келеді. 
Компания  қайырымдылық,  қамқоршылық  қызметтерден  ӛзге,  демеушілік 
қызметті  де  жан-жақты  ұсынады.  Мысалға,  IV  Астаналық  экономикалық  форумын 
ӛткізуге  демеушілік  кӛрсеткен.  «Қазақстандық  бокс  федерациясы»  түріндегі 
қауымдастық Алматы қаласында жарғылық қызметке Бокс Академиясын құру және 
тиімді  жаттықтыру  мен  жарыс  үдерістерін  қамтамасыз  етуге  демеушілік  еткен. 
«Мұнайшы» ҚҚ жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін және мұнай-газ саласының 
ардагерлеріне  әлеуметтік  қолдау  мен  материалдық  кӛмек  кӛрсету  үшін,  Дэниел 
Ергиннің  орыс  тіліндегі  «Добыча:  Всемирная  история  борьбы  за  нефть,  деньги  и 
власть»  кітабын  тарату  үшін  және  мұнай-газ  саласының  тарихы  туралы  деректі 
бейнероликтер  топтамасын  жасауға  ықпал  еткен.  «Дзюдо  Федерациясы»  ӚҚБ 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
33 
жарғылық  қызметін  іске  асыру  және  тиімді  жаттықтыру  мен  жарыс  үдерістерін 
қамтамасыз ету үшін кӛмек кӛрсеткен. «Табиғат» Қазақстан қауымдастықтары және 
кәсіпорындарының  экологиялық  одағы»  ЖК  Қазақстан  тәуелсіздігінің  20 
жылдығына арналған Хан Тәңірі шыңына шығу туралы фильм түсірген. «Қазақстан 
Республикасы  ардагерлер  ұйымы  (республикалық  дәрежеде)»    ардагерлерге 
материалдық  кӛмек  кӛрсету  және  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігінің  20 
жылдығына  арналған  іс-шаралар  ӛткізу  үшін,  «Кӛмек»  «Қазақстан  Республикасы 
Премьер-Министрі  Кеңсесі  жанындағы  ардагерлер  кеңесі»  Ардагерлер  кеңесі 
қызметін  қолдау  үшін  және  қайырымдылық  іс-шараларын  ӛткізу  үшін  қаражат 
бӛлген. 
Сондай-ақ, компания: 
-  «Астана  қаласының  мүгедек  балалар  қоғамы»  ҚБ  Астана  қаласындағы 
Кӛктал-1  поселкесіндегі  спорт  алаңы  кешенінің  жобасын  іске  асыру  үшін  және 
«Спортландия – 2011» спорттық-бұқаралық шараларын іске асыру үшін; 
-  «Қазақстан  Республикасы  теннис  федерациясына»  ұлттық  теннисті  дамыту 
үшін; 
-  «KAZЕNERGY»  ҚҚ  «Сафи  Ӛтебаев  атындағы  стипендия»  білім  беру 
жобасының» әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру үшін; 
-  «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы және  «Химия бойынша ашық 
сабақтар  ӛткізу  және  Астана  қаласындағы  Қазақ-Түрік  лицейінің  химия  кабинетін 
жабдықтау» үшін қаржылай кӛмек кӛрсеткен. 
Компания атқарған жұмыстар қатарында: 
-  «Қазақстан  іскер  әйелдер  қауымдастығы»  ҚБ-мен  Ресей  Федерациясы 
Астрахань  облысында  белгілі  қазақ  ханы  Бӛкейхан  және  оның  зайыбының 
мемориалдық  кешенінің  ғимаратын  ұйымдастыру  үшін,  мавзолей  аумағына  іргелес 
абаттандыру  жұмыстарын  жүргізу  (шектеу  орнату,  ішкі  жинақылықты  құру)  және 
жүргізілген жұмыс туралы бейнефильм түсірілімдерін ұйымдастыру; 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  білім  беру  қорының  «Интеллектуалды 
олимпиадалар» атты қазақстандық телевизиялық жобасына демеушілік ету; 
-  Еуразиялық  Медиа  Форумның  демеушісі.  Еуразиялық  Медиа  Форум  –  бұл 
айрықша  халықаралық  медиа-бастама,  оның  мақсаты  еуразиялық  БАҚ  кәсіби 
дамуын  қолдау  және  Еуразиялық  аймақты  дамытудың  ерекшеліктері  туралы 
ақпаратты тарату; Еуразиялық ақпараттық кеңістіктің жай-күйі және қазіргі заманғы 
медиа шақырудың ықпалымен ӛзгеруі; аймақтық медиа нарықтың жаңа жағдайларда 
дамуының  ӛзекті  мәселелерін  талқылау;  Еуразиялық  континенттің  ғаламдық  даму 
процестеріндегі рӛлі мен орны мәселелері бойынша диалогқа бастамашы болу және 
оны кеңейту жұмыстары жүргізілген. 
«ҚазМұнайГаз»  компания  топтары  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған 
«Шоқан  Уәлиханов»  зерттеу  кемесінде  алғашқы  қазақстандық  жер  шары 
экспедициясының бас демеушісі болған. Бұрын белгілі болғандай, жоба 2007 жылғы 
25 қыркүйекте Ақтау қаласында іске қосылды. Оның мақсаты – кеме барған барлық 
елдерде  PR-акциялар  ӛткізу,  Азия  және  Тынық  мұхиты  ӛңірлерінде  Қазақстанның 
әлемдегі оң имиджін қалыптастыру. 
Елбасы  экспедиция  қатысушыларын  қарсы  алып,  оларға  республика  жалауын 
салтанатты  түрде  табыс  етті,  сӛйтіп  оларға  біздің  Отанымыз  туралы  айтатын,  сыр 
шертетін қадірлі миссияны жүктеді. Біздің еліміз Орта Азия материгі ортасынан ӛз 
азаматтарын жер шарын айналып жүзуге жіберген алғашқы елге айналды. Сондағы 
ұран: «Біз әлемге сыр шертеміз – әлем бізге сыр шертеді!» болды. Экспедиция Еділ 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
34 
мен Жайық бассейні, Қара және Жерорта теңіздері арқылы ӛтті. Атлантикадан ӛтуді 
экспедиция  Канар  аралдарынан  бастады.  2008  жылғы  тамызда  Орта  Азиялық 
География  Қоғамы  жер  шарын  шарлаған  экспедиция  қаржылық  мәселелерге 
байланысты белгілі бір мерзімге тоқтайды деп жариялады. Сол кезде кеме Гваделупа 
аралындағы  Бас  ду  Форт  айлағында  болатын,  сол  жерден  кейін  Антигуа  аралына 
әкелінді. 
 
«ҚазМұнайГаз» АҚ мен оның еншілес компанияларының логотиптері 
 
2013 жылдың желтоқсан айында «ҚазМұнайГаз» АҚ «қолшатыр брендін» іске 
қосты.  Яғни,  компанияға  қарасты  еншілес  компаниялар,  соның  ішінде  «Атырау 
мұнай ӛңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ҚазМұнайГаз 
Ӛнімдері»  АҚ,  «ҚазМұнайГаз»  АҚ-ның  логотипіне  ұқсас  логотипке  ауыстырылды. 
Бұл да бизнес саласындағы PR-ды оңтайландырудың бір шарасы болатын. 
Қорыта  айтқанда,  «ҚазМұнайГаз»  АҚ  елімізде  қоғаммен  байланыс  бойынша 
атқаратын қызметтерін мүлтіксіз орындауда. Ол – рейтинг бойынша имиджі жоғары 
компаниялардың бірі. 
«Қазақстан  Темір  Жолы»  АҚ  атқарған  PR  жобалары.  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  1997  жылғы  31  қаңтардағы  №129  «Қазақстан 
Республикасы темір  жол кәсіпорындарын  қайта құру туралы» қаулысымен Алматы 
теміржол  бӛлімшесі,  Тың  теміржолы  және  Батыс  Қазақстан  теміржолдарының 
қосылуы  нәтижесінде  «Қазақстан  темір  жолы»  республикалық  мемлекеттік 
кәсіпорны құрылды. 
Теміржолдарды  біріктіру  арқылы  тасымалдау  үдерісі,  артық  құрылымдарды 
қысқарту, теміржол саласын қаржылық-экономикалық сауықтыру кӛзделді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
35 
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2002  жылғы  наурыздың  15-індегі  №310 
«Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық  компаниясы»  акционерлік  қоғамын  құру  туралы» 
қаулысымен  «Қазақстан  темір  жолы»  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны  мен 
оның  еншілес  кәсіпорындарының  бірігуі  есебінен  «Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық 
компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды. 
2004  жылғы  сәуірдің  2-інде  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік 
қоғамдар  туралы»  2003  жылғы  мамырдың  13-інде  жарық  кӛрген  Заңына  сәйкес 
«ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркеуден ӛткізілді. 
Қазіргі  таңда  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  темір  жол  саласының  тасымалдау  үдерісі  мен 
қызметтік міндетін қамтамасыз  ететін холдингтік құрылымы бар.  «ҚТЖ» ҰК»  АҚ-
ының  бірден  бір  акционері  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  акционерлік 
қоғамы  болып  табылады.  Ол  Ұлттық  компанияның  оперативтік  жұмыстарына 
араласпай, корпоративтік басқаруды жетілдіру, бюджет ашықтығын қамтамасыз ету, 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін Директорлар Кеңесі арқылы басқаруды қамтамасыз етеді. 
Оған  қоса  Қазақстан  Республикасы  Кӛлік  және  коммуникация  министрлігі  2001 
жылғы  желтоқсанның  8-індегі  №266-11  «Теміржол  кӛлігі  туралы»  Заңға  сәйкес, 
ӛкілетті  орган  ретінде  теміржол  кӛлігіндегі  мемлекеттік  саясаттың  жүзеге 
асырылуын  қамтамасыз  етеді.  Қазақстан  Республикасы  кӛлік  кешенінің  жұмысын 
үйлестіреді, реттейді, бақылайды. 
Бүгінгі  таңда  темір  жол  кӛлігі  Қазақстан  Республикасының  ӛндірістік 
инфрақұрылымының 
маңызды 
бӛлшегі 
болып 
табылады. 
Қазақстанның 
географиялық  орналасуы  (теңізге  шығу  мүмкіндігі  болмауы,  су  кемелері  жүретін 
ӛзендер  болмауы)  аумағының  кеңдігі,  ӛндірістің  шикізаттық  құрылымы,  автокӛлік 
саласы  инфрақұрылымының  тӛмендігі  темір  жол  кӛлігінің  маңыздылығын  арттыра 
түседі. 
Қазақстанның  теміржол  саласы  –  экономиканың  дамушы  секторы.  Соңғы 
кездері  ӛндірістік  және  техникалық  әлеуеті  ӛсіп  келеді.  140  мыңнан  астам  адам 
жұмыспен қамтылған. 
Компанияның  «Қорғас  –  Жетіген  темір  жол  желісі»,  Астана  қаласындағы 
«Локомотив  құрастыру  зауыты»,  Астана  қаласындағы  «Тальго»  жолаушы  вагонын 
шығару  зауыты,  «Жүк  вагондарын  шығаратын  «Таман»  ЖШС  ӛндірістік  кешені» 
кешендері бар. 
Ӛзге  де  отандық  бизнес  компаниялар  секілді,  Қазақстан  темір  жолы 
компаниясы  да  қайырымдылық  шаралар  ӛткізумен  айналысады.  Соларға  тоқталып 
ӛтсек:  2014  жылы  Халықаралық  күлкі  күнінде  «Қазақстан  темір  жолы»  ҰК»  АҚ 
«Ана мен бала орталығында» ем қабылдап жатқан сәбилерге арнап қайырымдылық 
шара  ӛткізді.  Ондағы  басты  мақсат  –  балалардың  кӛңілін  кӛтеру,  ӛздерінің 
базарлықтары  мен  әсем  әндері  арқылы  бүлдіршіндерге  ғажайып  кӛңіл-күй  сыйлау. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
36 
Игілікті шараға  «Ана мен бала» орталығының онкология бӛлімінде емделіп жатқан 
80-ге  жуық  бүлдіршін  қатысты.  Темір  жолдың  түрлі  бӛлімшелерінде  еңбек  ететін 
қызметкерлер  барын  салды.  Олардың  бірі домбырамен  ән  шырқаса,  енді  бірі  әннен 
шашу  шашты.  Бұл  шара  Астана  қаласымен  шектеліп  қалған  жоқ,  сондай-ақ, 
республикалық деңгейде жалғасын тапты. 
Зейнеткерлерге  қамқорлық  та  компанияның  әлеуметтік  жауапкершілігінің  бір 
бӛлігі. Темір жол саласында түрлі станциялар, жол айырықтары, кӛптеген ӛндірістік 
кәсіпорындардың  болуы  қашанда  саладан  әлеуметтік  жауапкершілікті  талап  етеді. 
Бүгінгі  таңда ұлттық компанияда 40 мың зейнеткер тіркелген. Компанияға қарасты 
еншілес  кәсіпорындарды  қоса  есептегенде  50  мыңға  жуықтайды.  Қазір  аймақтағы 
жол  бӛлімшелерінде  Ардагерлер  кеңесі  құрылған.  Олар  жалғыз  тұратын 
зейнеткерлердің  үйлеріне  барып  кӛмек  кӛрсетеді.  Түрлі  мерекелік  шараларға 
тұрақты  шақырып,  «Магистральдың  еңбек  даңқы»  кітабына  ӛмірбаяндық 
естеліктерін шығарып отырады. 
«Қазақстан  темір  жолы»  Ұлттық  компаниясы»  Акционерлік  Қоғамы  жылда 
Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын 8400 еңбеккер мен зейнеткерлердің емдеу 
сауықтыру шипажайларына барып емделуін қамтамасыз етеді. Компания мен еңбек 
ұжымы  арасындағы  2009-2011  жылдарға  арналған  Ұжымдық  шартқа  орай,  жұмыс 
істемейтін зейнеткерлерге әлеуметтік жәрдем кӛрсетіледі. 2009 жылы компанияның 
осы  мақсатқа  материалдық  кӛмек  ретінде  жұмсаған  қаржысы  515  миллион  теңге 
болса,  2010  жылы  15  пайызға  кӛтеріліп,  593  миллион  теңгеге  жеткізілді. 
Компаниядағы  жұмыс  істемейтін  зейнеткерлерге  кӛрсетілетін  кӛмектердің  негізі 
жыл  сайын  тегін  жол  жүру,  емдеу-сауықтыру  шипажайына  тегін  жолдама  алу,  бір 
реттік  жәрдемақы,  мерейтойлық  кӛмек  кӛрсетіледі.  2009  жылы  9  мыңға  жуық 
еңбеккер  мен  зейнеткер  емдеу-сауықтыру  шипажайларында  болса,  оның  35-40 
пайызын зейнеткерлер құрайды. 
«Қазақстан темір жолы» АҚ – тәжірибелі ақсақалдар мен ардагерлердің басын 
қосатын  Ақылдастар  алқасы  бар  бірден  бір  алып  кәсіпорын.  Осындай  шаралардың 
арқасында компанияның имиджі мен беделі де арта түретіні анық.  1941-1945 
жылдағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңістің  65  жылдығына  орай  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ 
соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қаржылық кӛмек кӛрсетті. Оған қоса 2010 
жылы  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне Қазақстан 
Республикасы  аумағында  мамырдан  желтоқсан  айына  дейін  тегін  пойызда  жүруіне 
мүмкіндік  жасалды.  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  ардагерлерді  «Наурыз»  тойына,  «Қарттар 
күніне»,  тағы  да  басқа  мерекелік  шараларға  тұрақты  шақырып  тұрады.  Кӛлік  және 
байланыс  қызметкерлері  күні  мерекесіне  орай  зейнеткерлерге  113,3  млн.  теңге 
кӛлемінде адрестік кӛмек жасалды. 
Әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  компания  теміржолшылардың  кәсіподақ 
ұйымымен  тығыз  қарым-қатынаста  жұмыс  жасайды.  Алдағы  уақытта  да  компания 
кәсіподақпен  бірлесе  отырып  саладағы  әлеуметтік  жұмыстардың  аясын  кеңейте 
түсуге мүдделі. 
Компания бұқаралық спорт және дене шынықтыру, сауықтыру салаларына кӛп 
кӛңіл бӛледі. 
«ҚТЖ» ҰК» Акционерлік Қоғамында дене шынықтыру – сауықтыру мен спорт 
жұмысы ең алдымен келесі мақсаттарды шешуге бағытталған: 
-  Денсаулықты  күшейту  және  сала  жұмыскерлерінің  науқастану  деңгейін 
тӛмендету; 
- Түрлі аурулардың алдын-алу; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
37 
- Теміржолшылардың жоғары жұмыс қабілеттілігін қолдау; 
-  Еңбек  ұжымдарының  бірлігін  және  ішкі  бірлестік  бәсекелестік  рухын 
нығайту; 
-  Теміржолшылар  және  олардың  жанұялары  арасында  салауатты  ӛмір  салтын 
насихаттау. 
Бұл  жұмыстардың  барлығы  –  қоғаммен  байланыс  бӛлімшесінің  ішкі  пиарды 
нығайту мақсатында жүргізіп отырған шаралары. 
«ҚТЖ» ҰК» Акционерлік Қоғамында дене шынықтыру – сауықтыру мен спорт 
жұмысын  14  жол  бӛлімшесінде  және  Достық  станциясында  спорт  бойынша 
нұсқаушылар  ұйымдастырады.  Олардың  қызмет  кӛрсету  аясына  397  теміржол 
кӛлігінің ұйымдарынан 90 мың сала жұмыскерлері кіреді. 
Компанияда  дене  шынықтыру  мамандары  жалпы  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  орталық 
аппаратының  қызметкерлері  мен  республиканың  барлық  аймақтарындағы 
теміржолшылардың  арасында  жарыстарды  ұйымдастыру  мен  ӛткізу  жұмыстарын 
Әлеуметтік жұмыс жӛніндегі басқарма мен Қоғаммен байланыс бӛлімшесімен бірге 
іске асырады. Барлық дене шынықтыру мен сауықтыру жұмысы жүргізілетін негізгі 
құжат  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  басшылығы  бекіткен  бұқаралық  спорт  іс-шараларының 
күнтізбелік  жоспары  және  бір  жылға  жасалатын  темір  жол  бӛлімшелері 
жарыстарының  және  бұқаралық  спорт  іс-шараларының  күнтізбелік жоспары  болып 
табылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ӛткізетін барлық шешуші жарыстар жол бӛлімшелерінде, 
тораптарда, кәсіпорынның ұйымдарында ӛткізіледі. 
Жыл 
сайын 
теміржол 
кӛлігінің 
кәсіпорынында 
20000-нан 
астам 
теміржолшыларды  қамтитын  шамамен  500  бұқаралық  спорт  шаралары  ӛткізіледі. 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы бекіткен бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбелік 
жоспарына сәйкес үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, жеңіл 
атлетика, шахмат, балалар топтары арасында шағын футбол бойынша чемпионаттар, 
«ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  қысқы  және  жазғы  спартакиадалар,  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  орталық 
аппаратының  қызметкерлері  арасында  Спартакиада  ӛткізіледі.  2010  жылдан  бастап 
«Әкем, анам және мен – спортшы отбасы» спорт мерекесін ӛткізу дәстүрге айналған. 
Барлық  теміржол  бӛлімшелері  мен  ірі  теміржол  тораптарында  «Наурыз» 
мерекесіне,  Кӛлік  және  байланыс  қызметкерлері  күні  –  кәсіби  мерекесіне  арналған 
бұқаралық спорт және дене шынықтыру – сауықтыру іс-шаралары ӛткізіледі. Әрбір 
спорт  жарысы  бойынша  фотостенд  безендіріледі.  «ҚТЖ»  ҰК»  АҚ  ӛткізілетін 
спорттық іс-шаралар PR бӛлімшесінің тікелей ықпалымен БАҚ-та жарық кӛреді. 
Компанияның  ақпарат  тарату  бойынша  жауапты  құрылымы  –  Қоғаммен 
байланыс  және  ішкі  хаттама  департаменті.  Бӛлімше  медиа  жоспарын  құрып, 
корпоративтік коммуникациямен байланысты барлық құжатты әзірлейді. Сондай-ақ, 
компания  қарамағындағы  барлық  ұйымдар  мен  қызметкерлер,  серіктестермен 
байланыс  орнатады  және  барлық  ақпаратты  мұрағатта  сақтап,  жоғалған  жағдайда 
қайта қалыпқа келтірумен айналысады. 
Ұстанатын  қағидалары:  ақпаратты  уақытында,  бекітілген  түрде,  еш  даусыз, 
қатесіз, сұраған тілде жеткізу. Департамент мәліметтерді қазақ, орыс және ағылшын 
тілдерінде таратады. Ӛзге компаниялардың Қоғаммен байланыс бӛлімшелері секілді 
компания  туралы  жағымсыз  ақпараттардың  таралуының  алдын  алып,  таралған 
жағдайда ретке келтіріп отырады. 
Компанияның  қоғаммен  байланыс  және  ішкі  хаттама  департаменті 
www.railways.kz 
сайтындағы 
ақпараттарға, 
корпоративтік 
басылымдардың 
уақытылы жариялануына, фото, бейне материалдардың орналастырылуына, БАҚ-та 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№5-12(109-116), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 
2015
__________________________________________________________
____ 
 
 
38 
жарияланған компания туралы ақпараттарға, компания ӛкілдерінің БАҚ-та сӛйлеген 
сӛздеріне  жауапты.  Сонымен  қоса,  компанияның  баспасӛз  конференциялары, 
баспасӛз  турлары,  кездесулер  мен  семинарлар,  ӛзге  де  жиындарды  осы  бӛлімше 
бастан-аяқ  ұйымдастырады.  PR  бӛлімі  баспасӛз  парақтарын  тарату  мен  PR 
науқандарын ұйымдастыруға да жауапты. 
Компанияның  басты  мерзімді  басылымы  –  «Время  в  пути»  журналы.  Ол 
сапардағы  жолаушылар  мен  ұжым  қызметкерлеріне  арналған.  Оны  басқару 
қоғаммен байланыс бӛліміне тиесілі. 
Қорыта  айтқанда,  қазіргі  таңда  компанияның  паблик  рилейшнз  саласындағы 
қызметтері талапқа сай орындалуда деп айтуға болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет